41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;
2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;
3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;
6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;
8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.
42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi актiлерi
Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:

1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық енгiзуге;
2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.
43-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Прокурор:
1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын;
2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын;
3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын;
4) азаматтық және өзге iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.
44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде:
1) адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейiрбандық тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге;
2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;
3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
4) ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
5) осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негiз болған құжаттарды талап етуге;
6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
7) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
8) заңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы.
8-1) заңдарда белгiленген жағдайларда атқарушылық iс жүргiзу органдарының борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкiне тыйым салу туралы актiлерiне санкция беруге құқылы.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.
45-бап. Қылмыстық қудалау шегi
46-бап. Қылмыстық қудалау жөнiндегi өкiлеттiк
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;
2) қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
3) анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi бередi;
4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;
5) жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;
6) қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;
7) iстi сотқа жiбередi.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.
47-бап. Iстi сотқа жiберу
1. Айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу кезiнде прокурор немесе оның орынбасары анықтама мен тергеу органдарының заңдардың талаптарын сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi.
2. Қылмыстық iстi сотта қарау үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда прокурор немесе оның орынбасары iстi сотқа жiбередi.
3. Iстi сотқа жiберген ретте прокурор:
1) iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;
2) айыптау қорытындысынан жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға;
3) тыю шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе жоққа шығаруға;
4) қосымша тергеу жүргiзу үшiн қылмыстық iстi қайтаруға хақылы.
48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлерi. Прокуратура органдарына қызметке кiретiн адамдарға қойылатын талаптар
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнiң аттестациядан өткен қызметкерлерi.
3. Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
4. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
5. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиiс емес.
6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.
7. Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады.
8. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi.
10. Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi.
11. Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.
49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi, әскери атақтары және нысанды киiмi
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi:
жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;
1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;
2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;
3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;
аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;
әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;
кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;
1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;
2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;
3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;
кiшi заңгер, кiшi лейтенант, аға прапорщик, прапорщик.
2. Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
3. Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.
5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 1999.07.23. N 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 49-бап жаңа редакцияда - 2000.05.05. N 48, өзгеріс енгізілді - 2001.10.10. N 247, 49-бап жаңа редакцияда - 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.
50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немесе оның отбасы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың қызметтiк мiндетiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
3. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
4. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк жолмен ұстауға, жеке басын тексерiп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi.
51-бап. Атыс қаруын қолдану және арнайы құралдарды пайдалану
1. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң:
1) атыс қаруы мен оқ-дәрiлер алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға;
2) Республиканың Бас Прокуроры белгiлеген тәртiппен қажеттi қорғаныс пен аса керек жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
2. Қару қолданған барлық жағдайларда прокуратура органының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған прокурорға хабарлау үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Мыналардың:
1) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен, Прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ережемен , сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi ;
2) прокуратура органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.23. N 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 1998.07.02. N 266, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.
53-бап. Прокуратура қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру
1. Прокуратура органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. (қараңыз U041284)
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне жыл сайын күнтiзбелiк отыз күн мөлшерiнде еңбек демалысы берiледi.
3. Прокуратура органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын алаңмен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
4. Күнтiзбелiк он жылдан астам қызмет атқаратын прокуратура органдары қызметкерлерiнiң тұрақты тұрып жатқан қызметтiк үй-жайлары осы аталған қызметкерлердiң қалауы бойынша оларға және олардың отбасыларына жалға алу шарты бойынша берiледi немесе жеке меншiгiне қалдық құны бойынша сатылады.
5. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi басқа үй-жай берiлмейiнше, қызметтiк үй-жайларынан шығарылуға тиiс емес.
6. Прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, заңда белгiленген шарт пен тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
7. <*>
8. Прокуратура органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе қызметтен босағаннан кейiн бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндетiн атқару кезiндегi мертiгудiң немесе жарақаттың салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен соңғы атқарған қызметiндегi алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
Осы баппен көзделген бiр жолғы өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және сыныптық шенi үшiн (әскери атағы бойынша) қосымша ақыдан (айлықақыдан) тұрады.
9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi Республика Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызметтi пайдаланады.
10. Прокуратура органдарының мамандары мен жұмысшыларынан басқа қызметкерлерiнiң:
1) <*>
2) қызметтiк және iссапар куәлiгiн көрсете отырып, көлiктiң барлық түрiне кезектен тыс жүрiп-тұру құжаттарын және қонақүйлерде тұру үшiн орын алуға құқығы бар.
11. Прокуратура органдары қызметкерiнiң лауазымынан зейнет демалысына шығып, қайтыс болған немесе қаза тапқан прокуратура органдарының қызметкерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық үлесi мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтем төленедi.
12. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I, 1998.07.02. N 266, 1999.04.07. N 374, 1999.07.23. N 454, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.
54-бап. Еңбек атқарған жылдары үшiн үстеме ақы
Ескерту. 54-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.
55-бап. Арнаулы қызмет стажы
1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:
1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;
2) сот органдарындағы;
3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс);
4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;
5) өкiлдi билiктiң мемлекеттiк органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.
Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.
56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді).
57-бап. Мөр мен куәлiктер
1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.
2. Республиканың Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары қарауындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
3. Республика Бас прокуратурасының және оған бағынысты прокуратуралардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде тиiстi шоттары болады.
58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
59-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженi;
2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынсын.
2. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

9 ТАРАУ Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау

10 ТАРАУ Қылмыстық қудалау
45-бап. Қылмыстық қудалау шегi
Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
46-бап. Қылмыстық қудалау жөнiндегi өкiлеттiк
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;
2) қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
3) анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi бередi;
4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;
5) жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;
6) қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;
7) iстi сотқа жiбередi.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.
47-бап. Iстi сотқа жiберу
1. Айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу кезiнде прокурор немесе оның орынбасары анықтама мен тергеу органдарының заңдардың талаптарын сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi.
2. Қылмыстық iстi сотта қарау үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда прокурор немесе оның орынбасары iстi сотқа жiбередi.
3. Iстi сотқа жiберген ретте прокурор:
1) iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;
2) айыптау қорытындысынан жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға;
3) тыю шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе жоққа шығаруға;
4) қосымша тергеу жүргiзу үшiн қылмыстық iстi қайтаруға хақылы.
11 ТАРАУ Прокуратура органдарындағы қызмет, прокуратура органдары қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлерi. Прокуратура органдарына қызметке кiретiн адамдарға қойылатын талаптар
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнiң аттестациядан өткен қызметкерлерi.
3. Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
4. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
5. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиiс емес.
6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.
7. Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады.
8. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi.
10. Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi.
11. Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.
49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi, әскери атақтары және нысанды киiмi
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi:
жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;
1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;
2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;
3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;
аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;
әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;
кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;
1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;
2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;
3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;
кiшi заңгер, кiшi лейтенант, аға прапорщик, прапорщик.
2. Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
3. Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.
5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 1999.07.23. N 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 49-бап жаңа редакцияда - 2000.05.05. N 48, өзгеріс енгізілді - 2001.10.10. N 247, 49-бап жаңа редакцияда - 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.
50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немесе оның отбасы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың қызметтiк мiндетiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
3. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
4. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк жолмен ұстауға, жеке басын тексерiп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi.
51-бап. Атыс қаруын қолдану және арнайы құралдарды пайдалану
1. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң:
1) атыс қаруы мен оқ-дәрiлер алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға;
2) Республиканың Бас Прокуроры белгiлеген тәртiппен қажеттi қорғаныс пен аса керек жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
2. Қару қолданған барлық жағдайларда прокуратура органының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған прокурорға хабарлау үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Мыналардың:
1) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен, Прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ережемен , сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi ;
2) прокуратура органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.23. N 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 1998.07.02. N 266, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.
53-бап. Прокуратура қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру
1. Прокуратура органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. (қараңыз U041284)
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне жыл сайын күнтiзбелiк отыз күн мөлшерiнде еңбек демалысы берiледi.
3. Прокуратура органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын алаңмен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
4. Күнтiзбелiк он жылдан астам қызмет атқаратын прокуратура органдары қызметкерлерiнiң тұрақты тұрып жатқан қызметтiк үй-жайлары осы аталған қызметкерлердiң қалауы бойынша оларға және олардың отбасыларына жалға алу шарты бойынша берiледi немесе жеке меншiгiне қалдық құны бойынша сатылады.
5. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi басқа үй-жай берiлмейiнше, қызметтiк үй-жайларынан шығарылуға тиiс емес.
6. Прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, заңда белгiленген шарт пен тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
7. <*>
8. Прокуратура органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе қызметтен босағаннан кейiн бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндетiн атқару кезiндегi мертiгудiң немесе жарақаттың салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен соңғы атқарған қызметiндегi алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
Осы баппен көзделген бiр жолғы өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және сыныптық шенi үшiн (әскери атағы бойынша) қосымша ақыдан (айлықақыдан) тұрады.
9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi Республика Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызметтi пайдаланады.
10. Прокуратура органдарының мамандары мен жұмысшыларынан басқа қызметкерлерiнiң:
1) <*>
2) қызметтiк және iссапар куәлiгiн көрсете отырып, көлiктiң барлық түрiне кезектен тыс жүрiп-тұру құжаттарын және қонақүйлерде тұру үшiн орын алуға құқығы бар.
11. Прокуратура органдары қызметкерiнiң лауазымынан зейнет демалысына шығып, қайтыс болған немесе қаза тапқан прокуратура органдарының қызметкерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық үлесi мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтем төленедi.
12. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I, 1998.07.02. N 266, 1999.04.07. N 374, 1999.07.23. N 454, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.
54-бап. Еңбек атқарған жылдары үшiн үстеме ақы
Ескерту. 54-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.
55-бап. Арнаулы қызмет стажы
1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:
1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;
2) сот органдарындағы;
3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс);
4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;
5) өкiлдi билiктiң мемлекеттiк органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.
Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.
12 ТАРАУ Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi
56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді).
57-бап. Мөр мен куәлiктер
1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.
2. Республиканың Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары қарауындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
3. Республика Бас прокуратурасының және оған бағынысты прокуратуралардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде тиiстi шоттары болады.
58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
59-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженi;
2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынсын.
2. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Артқа|Басты бетке

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-

Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету