Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Прокуратура туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат

1 ТАРАУ

Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерne енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.

3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi.

3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.

4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерiбарлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.

5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiңнегiзгi бағыттарымен мазмұны

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрiбiркелкiқолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;

2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiбұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

9) өз құзыретiшегiнде мемлекеттiк органдардың норма шығармашылық қызметiне қатысады;

10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

13) заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiқызметтiүйлестiредi;

14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi

1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйiн талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңдардың қолданылуына тексерiстiпрокурор өз өкiлеттiгiшегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;

2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;

3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;

3-1) жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарына;

4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.

3. Тексерiстiпрокурор сондай-ақ өзге де тиiстiқұзыреттiорганға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерiтуралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.

4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.

5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерiмен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiңқұқықтық кепiлдiгi

1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергiкелтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

2. Прокуратураның талап етуiбойынша тиiстiоргандар мен өкiлеттiадамдар:

1) қажеттiматериалдар мен мәлiметтердiөтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердiжария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге;

3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттiшаралар қолдануға мiндеттi.

3. Прокурордың өз құзыретiшегiнде берген талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттiк органдардың, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.

5. Прокурорлардың өз құзыретiшегiнде тексеру мәселелерiбойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегiжағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.

6. Лауазымдыадамдарменазаматтарпрокурордыңталапетуi бойыншаайғақтарберуүшiноларғабелгiленгенуақыттакелугемiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)

8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлармен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстермен материалдардың мәнi бойынша қандайда бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмгеде болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2000.03.29 N 42, 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Арыздарды қарау

1. Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.

2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерiсалдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттiшаралар қолдануға мiндеттi.

3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердiорындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.

4. Прокуратураоргандарынақолқойылмайжасалғанарыздартексерiлмейдi, бiрақпрокуроразаматтыңмүддесi тұрғысындаақпараткөзiнжарияетпеугехақылы.

8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану

1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.

3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.

8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiүйлестiру

1. Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.

2. Үйлестiру кеңестерiөз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiтуралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiтуралы ереженiҚазақстан Республикасының Президентiбекiтедi.

Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2 ТАРАУ

Прокуратура органдарының жүйесi және оларды ұйымдастыру

9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi

Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.

Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

10-бап. Республиканың Бас прокуроры және оныңорынбасарлары

1. Республиканың Бас Прокурорын:

1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Президентiбес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;

2) қызметтен Республика Президентiбосатады;

3) ол Республика Президентiне есеп бередi;

4) оны өз өкiлеттiгiмерзiмiiшiнде қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келiсiмiнсiз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

2. Республика Бас Прокурорының бiрiншiорынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентiқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстiдепартаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi

Республиканың Бас Прокуроры:

1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгiпрокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;

2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады;

4) Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерiмен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерiжәне жұмыскерлерiорындауға мiндеттiбұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;

4-1) өз құзыретiшегiнде:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiмен жедел-iздестiру қызметiтуралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттiнормаларын қолдану мәселелерiбойынша; V106015, .V106343, .V11688 құқықтық статистиканың барлық субъектiлерiүшiн мiндеттiқұқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерiбойынша нормативтiк құқықтық актiлер; V053704, .V116794, V095855, V095995, V032576, V042843, .V116942 осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудiжүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;

5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентiбекiткен штат санының лимитiшегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;

5-1) Республика Президентiне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;

7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7-1) ведомстволар басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

8) елдегiзаңдылықтың жай-күйiжәне прокуратура органдарының қызметiтуралы Республика Президентiалдында есеп бередi;

9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;

10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн және жұмыскерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға және құрметтiатақтар беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;

10-1) "Прокуратураның құрметтiқызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбiтуралы Ереженiбекiтедi;

11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрiалу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;

11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерiбойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердiжүзеге асырады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi- ҚР 2001.10.10 N 247 (2001.01.01 бастап күшiне енедi), 2002.08.09 N 346, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енедi), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-бап. Бас прокуратура

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi.

2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.

3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiмен жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгiлейдi.

4. <*>

5. Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгiбағыттары бойынша үйлестiрiлуiмен орайластырылуын қамтамасыз етедi;

2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегiжұмысын бақылайды;

5) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудiжүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдiоргандар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтiбағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлiнысандарын белгiлейдi;

6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;

7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.

6. Қазақстан Республикасының Баспрокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ба спрокуратурасының ресми сайтына орналастырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

13-бап. Облыстардың прокурорлары

Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегiқызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлерiмен жұмыскерлерiүшiн мiндеттiбұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14-бап. Облыстардың прокуратуралары

1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Облыстардыңпрокурорларыменоларғатеңестiрiлгенпрокурорлардыңбiрiншi орынбасарларыменорынбасарлары, ағакөмекшiлерi менкөмекшiлерi болады. Облыстардыңпрокурорларыныңорынбасарларыоблыстықпрокуратуралардыңтиiстi басқармаларыныңбастықтарыболыптағайындалуымүмкiн.

3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалармен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.

15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлгенөзге де прокурорлар мен прокуратуралар

1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегiқызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттiбұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлерiжәне көмекшiлерiболады.

4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрғанпрокурорларға бағыныстылығы

1. Прокурорлардың бағыныстылығы:

1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерiжөнiндегiнұсқауларының төменгiпрокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;

2) төменгiпрокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн;

3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгiпрокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;

4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгiпрокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн;

5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгiпрокурорлардың iс-әрекеттерiмен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.

2. РеспубликаныңБасПрокурорытөменгi прокурорлардыңбағыныстылығыныңөзгеденысандарынбелгiлеуi мүмкiн.

17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар

1. Бас прокуратурада, ведомстволарда, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.

2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады.

3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.

5. Алқа  жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3 ТАРАУ

Прокуратураның құқықтық актiлерi

18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi

1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:

1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсiндiрме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерiжариялануға тиiс.

2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

19-бап. Наразылық

1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.

2. Заңсызактiнi, шешiмдi қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтiрiледi. Органныңнемеселауазымдыадамныңзаңсызiс-әрекеттерiненаразылықнақосындайтәртiппенжасалады.

3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтiзбелiк он күн iшiнде қарауға тиiс.

Наразылық бойынша шешiм дайындау және қабылдау қажеттiлiгiне байланысты прокурор оны қараудың өзгеде мерзiмiн белгiлеуге құқылы, бiрақ бұл кемiнде күн тiзбелiк он күн болуға тиiс.

Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.

4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.

5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-бап. Қаулы

1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнiалдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.

3. Прокурордыңқаулысынуәкiлеттi органнемеселауазымдыадамзаңменбелгiленгенмерзiмде, алмұндаймерзiмболмағанжағдайда, прокурорбелгiлегенмерзiмдемiндеттi түрдеорындауғатиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

(583-бапты қараңыз K010155)Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.


Артқа|Жалғасы
Артқа