Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты  мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР   

 

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;

2)жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша  қолданылатын  ықпал  ету тәсілдері;

3)мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – бақылау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында  тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 

4)мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; 

5)тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

6)тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылауды және қадағалауды  жүзеге асыратын органның тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін
іс-шаралар кешені;

7)тексерілетін  субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау  жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері. 

2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы 

1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және   осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 

1.Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының        3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді. 

2. Осы Заңда: 

1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі;  

2)бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі; 

3)тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; 

4)бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді. 

3.Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші: 

1)инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға; 

2)жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға; 

3)кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

4.Осы Заңның күші, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:

1)прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау;

3)сот әділдігі;

4)жедел-іздестіру қызметі;

5)Қазақтан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. 

4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері

1. Бақылау және қадағалау:

1) заңдылық;

2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;

4) жариялылық;

5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;

9) қажеттілік пен жеткіліктілік;

10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;

11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;

12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;

13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы; 

14) тәуелсіздік;

15) объективтілік және турашылдық; 

16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.

2.Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында,
14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

4.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. 

5.Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар

Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана  Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленеді.              

6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезіндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдіктері

Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.

7-бап. Бақылау

1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді: 

2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау. 

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.

3. Сыртқы бақылау –  бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау. 

Сыртқы   бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және        2-тарауында айқындалады.  

Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.  

8-бап. Ішкі бақылау

1. Ішкі бақылау:

1)құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс
іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;

2)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді. 

2. Ішкі бақылау: 

1) қажетті ақпаратты талап ету;

2)орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау; 

3)ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары; 

4)жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер; 

5)заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.

3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:

1)құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі; 

2)  орындаудың уақтылығы және толықтығы;

3)орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі. 

4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. 

Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не  мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты: 

1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын; 

2)құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді; 

3)бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін; 

4)құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды. 

Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.

Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.

 5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.

6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау  мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді. 

Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не  одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін. 

9-бап. Қадағалау

1.Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады. 

Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.

2. Қадағалау:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 

2)осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де  заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді. 

10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

1.Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;

2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады. 

2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкін.

Осы тармақтың екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлеріне қолданылмайды. 

11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті 

 Бақылау және қадағалау органдары:

1)  мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2)бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

3)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді; 

4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

5)бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді; 

6)Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады; 

7)осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ 

12-бап.Тексерулердің жалпы мәселелері 

1Тексерілетін субъектіні тексеру - бақылау және қадағалау органдары мынадай:

1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;

2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;

3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.

2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.

3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда,   осы тараудың күші:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;

2) кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын  кесіп өткен кезде өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;

3) жол жүрісі қауіпсіздігіның талаптарын сақтауға;

4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;

5) кеме иелерінің және кеме экипаждары мүшелерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз түрде пайдалану жөніндегі талаптарды орындауын бақылауға және қадағалауға;

6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;

7) базарларда, жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;

9) карантиндік аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;

10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі  және авиация  қауіпсіздігі талаптарын сақтауына;

11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;

12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртіне және алкоголь өнімдеріне бақылау есебінің жүргізілуіне, өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға;

13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;

14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;

15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.

5. Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің ерекшеліктері, оларды жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімдері тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.

13-бап. Тәуекелдерді бағалау жүйесі 

1. Мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:

1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;

2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен;

3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділігін айқындайды.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі:

1) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;

орташа тәуекел дәрежесі кезінде - бір жылда бір реттен;

болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен жиі болмауға;

2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - айына бір реттен;

орташа тәуекел дәрежесі кезінде - тоқсанына бір реттен;

болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен; 

3)      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында: 

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – тоқсанына бір реттен;

орташа тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;

болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

3. Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне,  тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.

4. Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау  өлшемдері бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

 Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.

14-бап. Ведомстволық есепке алу

1Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.

Тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық  есептіліктің нысандары мемлекеттік орган, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі    уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық  есептіліктің нысандарын да  кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітуге  тиіс.   

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.

Тексерілетін субъектілерді тексеру жөніндегі ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері мемлекеттік органдардың ресми
интернет-ресурстарында жарияланады.

15-бап. Тексеру парақтары

1.Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.  

Тексеру парақтарының нысандарын бақылау және қадағалау органдары айқындап, бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында және  мемлекеттік органдардың ресми  интернет-ресурстарында жариялануға жатады.

Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми  интернет-ресурстарында жариялануға жатады. 

2. Тексеру парағы осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың түбегейлі тізбесін қамтиды. 

Тексеру парағында қамтылған, тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар ең аз жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес қалыптастырылады.

Осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген не тексерілетін субъектінің қызметінен болатын тәуекел дәрежесін төмендетуге әсер етпейтін тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар тексеру парақтарына енгізілуге жатпайды және бұл талаптар тексеру барысында тексерілетін субъектілерге қойылмайды. 

16-бап. Тексеру түрлері 

1.Тексерілетін субъектілерді тексеру мынадай түрлерге:

1) жоспарлы;

2) жоспардан тыс болып бөлінеді.

Жоспарлы тексеру - уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатерлердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.

Жоспардан тыс тексеру - бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.

2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тікелей жолын кесу қажет болған жағдайларда  жүргізілуі мүмкін.

3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер:

 1) кешенді тексерулер;

 2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.

Тексерілетін субъектіге бірнеше бақылау және қадағалау органдарының бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеру тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

 Бақылау және қадағалау органының  бір ғана мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектілерге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:

1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;

3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;

4) біржолғы талонның болуы;

5) лицензияның болуы;

6) этил спиртін босатуға рұқсаттың болуы;

7) патенттің болуы;

8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, осы орган тексерілетін әрбір субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.

Тақырыптық тексеру - тексерілетін субъектінің  қызметін осы Заңның        5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.

4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін бақылау және қадағалау  органдары тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

5. Тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың
25 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.

6. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдерді бағалау жүйесі
іс-шараларының нәтижелері негізінде бекіткен жоспар тексерілетін
субъектілерге жоспарлы тексеру тағайындау үшін негіз болады.

7. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

1) тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттарынан адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілгені туралы не зиян келтіру қатері туралы ақпарат пен өтініштер алу;

3) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғағаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;

4) тексерілетін субъектінің өз қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;

5) егер тексерілетін субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жүргізу белгіленбеген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;

6) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайталама тексеру;

7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер;

8) салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында айқындалған мәліметтер мен мәселелер негіз болып табылады.

8. Жоспардан тыс тексерулер иесі көрсетілмеген өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.

9. Жоспардан тыс тексерулерге осы жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жатады.

10. Эпидемия, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда объектілерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүргізіледі.

11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.

12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін санамаланған негіздер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

13. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

Жалғасы

Артқа