Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 2 мамырдағы N 68 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға
тиiс
«Прокуратура туралы» 1995
жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ
ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Заңдылықты,
құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап
қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 68 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының
Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету
жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) туралы осы ереже
«Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңының 8-1-бабының негiзiнде әзiрлендi.
Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасында
заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың
қызметiн үйлестiру және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, оның iшiнде
жедел-iздестiру қызметiн, қылмысқа қарсы күресте анықтауды және тергеудi жүзеге
асыратын құқық қорғау органдарының күш-жiгерi мен өзара iс-қимылын бiрiктiру
үшiн құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Үйлестiру кеңесi қызметiнiң құқықтық негiзiн
Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ осы
Ереже құрайды.
Үйлестiру заңдылықты сақтау; қылмысқа қарсы
күрестi күшейту жөнiндегi мақсаттар мен мiндеттердiң бiр тұтастығы, заңдылық
пен құқықтық тәртiптi нығайту бойынша мемлекеттiк органдардың күш-жiгерiн
бiрiктiру; мәселелер қоюда, ұсыныстар енгiзуде және шешiмдер қабылдауда әрбiр
ведомствоның теңдiгi; келiсiлген iс-шаралар мен ұсынымдарды iске асырған кезде
мемлекеттiк органның қызметiне ұйымдастық-өкiмдiк араласпау; күрделi құқықтық
проблемаларды шешуге деген бiртұтас көзқарасты орнықтыру; туындаған мәселелердi
шешкен кезде жұмыстағы және ведомстволық көзқарастағы қосарлануды жою; адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк және
заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамалардың талаптарына қайшы
келмейтiн жариялылық Үйлестiру кеңесiнiң келiсiлген шешiмдерiн орындау үшiн
әрбiр мемлекеттiк орган басшысының жауапкершiлiгi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерi, функциялары және өкiлеттiктерi
2. Үйлестiру кеңесiнiң
негiзгi мiндеттерi:
1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртiптi нығайтуда, сондай-ақ қылмысқа қарсы
күресте құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
2) құқық қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгiн
арттыруға, оның құқықтық реттелуiн жетiлдiруге бағытталған келiсiлген ұсыныстар
мен iс-қимылды пысықтау;
3) қылмыстың жай-күйiн, оның құрылымы мен
серпiнiн талдау және талқылау, сондай-ақ қылмыстың және өзге де құқық
бұзушылықтың даму үрдiсiн болжау негiзiнде қылмысқа қарсы күрестiң негiзгi
бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Негiзгi мiндеттерге сәйкес Үйлестiру кеңесiне
мынадай функциялар жүктеледi:
1) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы
күрестiң стратегиясын тұжырымдау, осы жұмысқа мемлекеттiк органдарды, қоғамдық
ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тарту. Неғұрлым қолайсыз қылмыстық
жағдайы бар өңiрлердiң құқық қорғау органдары жүйесiнiң жұмысында негiзгi
басымдықтарды айқындау, осы өңiрлерде және тұтастай алғанда елiмiзде
қылмыстардың профилактикасы және алдын алу бойынша кешендi шараларды iске
асыру;
2) келiсiлген шешiмдердi iске асырудың
тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын
алу жөнiндегi профилактикалық жұмыстарға тартылатын тiкелей құқық қорғау
органдары, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардың функционалдық
мүмкiндiктерiн және материалдық-техникалық базасын келiсiм бойынша пайдалану;
3) азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүддесiн қорғау бағытындағы құқық қорғау
және басқа да мемлекеттiк органдарының қызметiн, қылмысқа қарсы күрес
бағдарламаларының орындалуын талдау;
4) неғұрлым қауiптi және кең таралған қылмыстық
қол сұғушылықтарға, ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтардың
(қылмыстық ұйымдардың) қызметiне қарсы күрес бойынша бiрлескен iс-шараларды
әзiрлеу, келiсiм беру және орындау;
5) қылмысты анықтау, тергеу, ашу, алдын алу және
жолын кесу тәжiрибесiн зерделеу;
6) қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға
қарсы күреске бағытталған заңнамаларды қолданудың бiркелкi практикасын
қалыптастыру. Заңдылықты және құқықтық тәртiптi нығайтуға бағытталған
заңнамаларды жетiлдiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан
Республикасының Парламентiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар
әзiрлеу және енгiзу;
7) Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк
Кеңесiмен өзара iс-қимыл жасау, оның құқық қорғау органдарының қызметiн
үйлестiру мәселелерi бойынша тапсырмаларын iске асыру;
8) кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн
арттыру шараларын әзiрлеу және оны келiсiмдi түрде орындаудағы ынтымақтастық
функциялары жүктеледi.
4. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi
орындау мақсатында:
1) Үйлестiру кеңесiнiң отырысын шақыруға және
мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды
тұлғаларын оның жұмысына қатысу үшiн шақыра отырып кеңес өткiзуге;
2) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын,
мемлекет пен қоғамның мүддесiн қорғаудағы құқық қорғау және басқа да
мемлекеттiк органдардың қызмет қорытындыларын кеңес отырысында талқылауға;
3) заңдылықты, құқықтық тәртiптi қамтамасыз
етудiң және қылмысқа қарсы күрестiң әдiстемелерi мен тәжiрибелерiн жетiлдiру
бойынша, сондай-ақ жұмыста орын алған кемшiлiктердi жою бойынша Үйлестiру
кеңесiнiң мүшелерiне және мемлекеттiк органдарға ұсынымдар беруге;
4) мемлекеттiк органдарға неғұрлым өзектi және
шұғыл профилактикалық iс-шараларды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету
бойынша негiзделген ұсыныстар енгiзуге;
5) мемлекеттiк органдарға заңнаманы жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы
перспективалы келешегi бар әдiстер мәселелерiн қарау және оларды мемлекеттiк
ақпараттық тұрғыда қолдау бойынша шараларын тұжырымдауға уәкiлеттi.
5. Үйлестiрудiң негiзгi нысандары:
1) қылмыстың және заңдылықтың жай-күйi туралы
жедел және басқа да ақпараттармен өзара алмасу;
2) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрестi
жандандыруға бағытталған үйлестiрiлген iс-шараларды жоспарлау және iске асыру;
3) жекелеген өңiрлерде және тұтастай алғанда
елiмiзде қылмыс пен құқықтық тәртiптiң жай-күйiн бiрлесiп талқылау;
4) ведомоствоаралық жұмыс топтар құру;
5) қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруда тексеру
жүргiзу және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға практикалық көмек көрсету үшiн
республика өңiрлерiне бiрлесiп сапарға шығу;
6) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарында құқық
қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының қылмыс пен
құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн
тыңдау;
7) бiрлескен актiлер шығару;
8) қылмысқа қарсы күрестiң проблемаларын
талқылай отырып, баспасөз-конференцияларын, «дөңгелек үстелдердi» бiрлесiп
өткiзу;
9) қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн
құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың мүмкiндiктерiн өзара
пайдалану;
10) қылмысқа қарсы күрес процесiнде құқық қорғау
органдарының өзiндiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде өзара көмек көрсету;
11) тәжiрибе арқылы қалыптасқан және Үйлестiру
кеңесi туралы осы ережеге қайшы келмейтiн үйлестiрудiң өзге де нысандарын
пайдалану.
Үйлестiру қызметiнiң аталған және өзге
нысандарын таңдауды нақты мән-жайды ескере отырып, оның қатысушылары
айқындайды.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамы
6. Үйлестiру кеңесi қызметiне
жетекшiлiк ететiн төраға Үйлестiру кеңесiне басшылық жасайды. Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры қызметi бойынша оның төрағасы болып табылады.
Төраға:
1) Үйлестiру кеңесiнiң қызметiне басшылық
жасайды;
2) оның отырыстарында төрағалық етедi;
3) Үйлестiру кеңесi жұмысының келiсiлген
жоспарын бекiтедi;
4) Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiн орындау
мәселелерi бойынша хатшылықтың есебiн тыңдайды;
5) аумақтық үйлестiру кеңестерi мен олардың
құрамдары туралы ережелерiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн
Үйлестiру кеңесiнiң жұмысы туралы хабардар етедi.
7. Үйлестiру кеңесi тұрақты мүшелерден және
уақытша өкiлеттiктер берiлген мүшелерден тұрады.
Үйлестiру кеңесiнiң тұрақты мүшелерi:
Қазақстан Республикасы Бас прокуроры;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң төрағасы;
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясының)
төрағасы;
Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау
қызметiнiң директоры;
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi.
Уақытша өкiлеттiктер берiлген Үйлестiру
кеңесiнiң мүшелерi:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi
агенттiгiнiң төрағасы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрi;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық
комитетiнiң төрағасы.
Үйлестiру кеңесiнiң уақытша өкiлеттiктер
берiлген мүшелерi шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие және қаралатын
мәселенiң сипатына қарай отырыстарға қатысады.
8. Төраға Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы қызметкерлерiнiң iшiнен Үйлестiру кеңесiнiң хатшысын (бұдан әрi -
хатшы) тағайындайды, ол Үйлестiру кеңесiнiң хатшылығына (бұдан әрi - хатшылық)
басшылық жасайды.
Хатшы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша төрағаға
тiкелей бағынады және есеп бередi.
Хатшылықтың құрамына басшылары Үйлестiру
кеңесiнiң тұрақты мүшесi болып табылатын мемлекеттiк органдардың бiр-бiр
қызметкерлерi кiредi.
Хатшылық Үйлестiру кеңесiнiң тиiстi жұмысын
қамтамасыз етедi, атап айтқанда:
1) Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс жоспарын
қалыптастырады;
2) Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiн отырыстың
өтетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi;
3) отырыстың қарауына енгiзiлетiн материалдарды
әзiрлеудi ұйымдастырады және бақылайды;
4) отырыстың хаттамасын ресiмдейдi;
5) Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiн орындауды
ұйымдастырады және бақылайды;
6) Үйлестiру кеңесi жұмысының тиiмдiлiгiн
қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шараларды орындайды.
Аталған iс-шараларды мемлекеттiк органдарда
орындауды осы органнан хатшылық құрамына кiретiн қызметкер ұйымдастырады және
бақылайды.
Хатшылық өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру
шеңберiнде мемлекеттiк органның орындаушыларынан тиiстi материалдарды талап
етуге құқылы.
Хатшылыққа аумақтық үйлестiру кеңестерiнiң
қызметiн бақылау жүктеледi.
4. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру
9. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысы
бiрлесiп қабылдаған жартыжылдық жұмыс жоспарынан тұрады. Үйлестiру кеңесiнiң
мүшелерi жұмыс жоспарына беретiн ұсыныстарын төрағаның атына ұсынады.
Хатшы келiп түскен ұсыныстар негiзiнде Үйлестiру
кеңесiнiң жұмыс жоспарының жобасын әзiрлейдi және қол қою үшiн төрағаға
ұсынады.
Жедел мән-жайлардың өзгеруiне байланысты,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгi басшылығы мен Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Кеңесiнiң тапсырмаларын орындау үшiн Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс жоспарына
түзетулер енгiзiлуi мүмкiн, ол туралы Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне хабардар
етiледi.
Үйлестiру кеңесiнiң қажеттi шаралар бойынша,
бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет, оның төрағасы шақырады және Үйлестiру
кеңесiнiң тұрақты мүшелерi санының үштен екiсi қатысқан кезде құқылы болады.
Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң бастамасы бойынша
жоспардан тыс мәселелер қаралатын кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкiн.
Отырыстың күн тәртiбi, күнi, уақыты және
өткiзiлетiн орны Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiмен келiсiледi.
Шешiм қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады.
Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағалық етушiнiң
дауысы шешушi болып табылады.
Төраға немесе Үйлестiру кеңесiнiң басқа да
мүшелерi болмаған жағдайда, оның отырысын олардың мiндеттерiн орындаушы адамдар
құрамы өткiзедi.
10. Үйлестiру кеңесiнiң қарауына арналған
материалдарды әзiрлеудi жұмыс жоспарында бiрiншi көрсетiлген мемлекеттiк орган
жүзеге асырады. Iс-шараларды тең орындаушылар жауапты орындаушыға жиынтық
анықтаманы дайындау үшiн қажеттi материалдарды ұсынады.
Көлемi сегiз парақ болатын анықтамалар және
басқа да құжаттар мен шақырылатын адамдардың тiзiмi хатшыға отырыс өтетiн күнге
дейiнгi күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей берiледi.
Үйлестiру кенесiнiң мүшелерi материалдарды
әзiрлеу және Үйлестiру кеңесiнiң хаттамаларын орындау шеңберiнде Үйлестiру
кеңесiнiң мүшелерiне ақпараттар, материалдар және осы органдардың құзыреттерiне
кiретiн мәселелер бойынша өзге де талдау құжаттарын ұсыну туралы сауал жолдай
алады.
Хатшы отырыста қаралуға тиiс материалдардың
толықтығы мен сапасын тексередi және төрағаға баяндайды. Тиiсiнше әзiрленбеген
материалдарды төраға пысықтау үшiн керi қайтарады.
Мәселенi әзiрлеген мемлекеттiк органдардың лауазымды
адамдары құжаттарды пысықтайды және хатшыға күнтiзбелiк үш күн iшiнде ұсынады.
Хатшы ұсынылған материалдар негiзiнде күн
тәртiбiн дайындайды, оны төраға бекiткен соң отырыс басталғанға дейiнгi
күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей барлық қажеттi құжаттарды қоса отырып,
Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
Отырысқа шақырылған адамдардың келуiн қамтамасыз
етудi, оларды тиiстi құжаттармен таныстыруды, тиiстi мәселенi әзiрлеуге жауапты
мемлекеттiк органның хатшылық қызметкерi жүзеге асырады.
11. Талқылаудың нәтижелерi және Үйлестiру кеңесi
қабылдаған шешiмдер отырыс хаттамасына (бұдан әрi - хаттама) енгiзiледi, ол
отырыс өткiзiлген соң бес жұмыс күнi iшiнде ресiмделедi және қол қою үшiн
төрағаға ұсынылады.
Шешiм жобасы Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiмен
келiсiледi, ескертпелер мен толықтырулар болған жағдайда хатшылық пысықтайды.
Қол қойылған хаттаманы хатшылық оған қол
қойылғаннан кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне
жолдайды.
Үйлестiру кеңесi хаттамасының орындалғаны туралы
хатшыға хабарланады, ол келiп түскен материалдарды талдау нәтижелерi бойынша
төрағаға баяндайды.
Мемлекеттiк органдарда хаттаманың орындалуын
бақылауды хатшылықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
Егер хаттамада жазылған шешiмдi орындауға
бiрнеше мемлекеттiк орган қатысатын болса, ұйымдық қамтамасыз ету бiрiншi
көрсетiлген органға жүктеледi. Iс-шараларды тең орындаушылар жауапты
орындаушыға қажеттi материалдарды iс-шараны орындаудың белгiленген мерзiмi
аяқталғанға дейiнгi күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей ұсынуы керек.
Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi қатысушы-мемлекеттiк
органдармен бiрлескен, ведомстволық құқықтық актiлердi шығару және (немесе)
тиiстi iс-шараларды жүзеге асыру арқылы орындалады.
12. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына Қазақстан
Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың,
соттар мен өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қатыса алады.
Үйлестiру кеңесiнiң жұмысына қатысушы өзге
мемлекеттiк органдардың өкiлдерi өздерiнiң құзырына жататын күн тәртiбi
мәселесi бойынша талқылауға және шешiм әзiрлеуге қатыса алады, үйлестiру
ұсыныстарды келiсiлген тәртiпте енгiзуге, құжаттардың жобаларын және талқылау
мен бiрлесiп шешiм қабылдауды талап ететiн өзге де материалдарды енгiзе алады,
жұмыс топтарының құрамына кiре алады және өзге де үйлестiру iс-шараларына
қатыса алады.
Үйлестiру кеңесi мен өзге мемлекеттiк
органдардың өзара қатынасы қызметтiң нақты саласындағы қылмысқа қарсы күрестiң
бағытын айқындау шеңберiндегi өзара iс-қимылға негiзделедi.
5. Соттармен өзара iс-қимыл
13. Үйлестiру кеңесi қылмысқа
және құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi үйлестiру қызметiнiң
тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында соттардың тәуелсiздiгi, сот төрелiгiн жүзеге
асыру бойынша соттың қызметiне араласпаушылық қағидатын ұстана отырып,
соттармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
Өзара iс-қимыл мынадай нысандарда:
1) қылмыстың және соттылықтың жай-күйi туралы
өзара хабарлау;
2) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрестi
күшейту жөнiндегi шараларды әзiрлеген кезде сот статистикасы мен сот практикасы
материалдарының деректерiн пайдалану;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуде бiрлесiп
жұмыс iстеу;
4) бiрлескен семинарлар мен конференциялар
өткiзу, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысу;
5) бiрлескен ақпараттық хаттарды, анықтамаларды,
шолуларды жолдау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда жүргiзiледi.
6. Өзге де ережелер
14. Облыстық прокурорлар мен
оларға теңестiрiлген прокурорлардың төрағалық етуiмен осыған ұқсас мiндеттерi
мен функциялары бар үйлестiру кеңестерi құрылады.
Осы ереже аумақтық үйлестiру кеңестерiнiң
ережелерiн әзiрлеген кезде үлгi құжат болып табылады.
Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген
прокурорлардың үйлестiру қызметтерi үйлестiру кеңестерiн құрмастан,
ведомствоаралық жиналыстар арқылы жүзеге асырылады.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






