Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

3.3. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы демокра­тияның дамуындағы үлкен қадам болды. Осы институт қызметінің нәтижелігін арттыру мәселесін қарау керектігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Құқық қорғау институттары жүйесіндегі жетекші рөлге азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылатын адвокатура ие.

Азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конст­и­ту­циялық құқығын іске асыру әділ сот төрелігіне қол жеткізудің шарты мен кепілі болып табылады. Осы құқықтың іске асырылу тетіктері жетілдіруді қажет етеді.

Алқабилер сотын енгізу, қамау санкциясын соттарға беру адвокатура рөліне жағымды әсерін тигізді. Алайда, қылмыстық іс жүргізудің белсенді қатысушысы ретіндегі іс жүргізудегі адвокаттың құқықтарын іске асырудың тиімді құқықтық тетіктерін талап етеді.

Заңгерлік көмек көрсету жүйесінің өзі де жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту қажет.

Қалалық және ауылдық жерлерде біркелкі емес адвокаттық қызмет көрсетумен қамтудың мәселесін бірте-бірте шешу қажет.

Ақысыз заңгерлік көмек көрсететін адвокаттардың ең­бегіне ақы төлеуге әкімшілік ету жүйесі де түзетуді қажет ете­ді. Аталған жүйені шоғырландырылған және ашық ету қа­жет, бұл бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институты енгізілген елдер тәжірибесін ескере отырып, мұндай сақтандыруды біздің елде енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Маңызды міндеттердің бірі нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру болып табылады. Нотариаттың азаматтық айналымдағы қатынастардың қосымша тұрақтылығын және заңдық қауіпсіздігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық инфрақұрылымның бір бөлігі ретіндегі рөлін нормативтік-құқықтық айқындау қажет. Нотариаттың ұлттық моделі нотариаттың көмегіне барлық ел аумағында қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

 

4. Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті құқықтық қамтамасыз ету

 

Мемлекеттің құқықтық саясатының жаһандану жағ­дай­ын­да барынша қанат жайып келе жатқан халықаралық-құ­қық­тық қырлары бар. Осыған орай аталған саясаттың ма­ңыз­ды бағыттарының бірі сыртқы саяси және сыртқы эконо­ми­калық қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып та­былады.

Сыртқы саясат саласындағы ұзақ мерзімді ұлттық мүдделердің қорғалуына, халықаралық аренада екіжақты және көпжақты сипаттағы өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған осындай қызмет барабар халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді.

Ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық мін­деттемелер мен халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жұмысын жалғастыру керек. Бұл жерде аталған жұмыста, ең алдымен, ішкі қажеттіліктер мен елдің дамуындағы басымдықтарды басшылыққа алу қажет.

Мемлекеттің сыртқы саясаттағы мақсаттарын іске асыру үшін халықаралық шарттар жасасуға және халықаралық ұйымдарға қатысуға деген теңдестірілген әрі салмақты көзқарас талап етіледі, ол үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және басқа салдарларды болжау жөніндегі байыпты жұмыс жасалуы керек.

Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық аренада қамтамасыз ету үшін, оның ішінде қауіпсіз, тұрақты Орталық Азияны қалыптастыру, өңірдің тартымдылығын арттыру үшін халықаралық-құқықтық институттар мен ұйымдар белсенді пайдаланылуы тиіс.

 

 

5. Құқықтық білім беру, құқықтық насихат

 

Құқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индус­трия­лық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ.

Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында Интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет.

Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы іс-шара­лар­мен тығыз байланысты мәселелердің бірі заңгерлік білім мә­се­лесі болып табылады. Қоғамға және мемлекетке адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағдар ұстанған және патриоттық бағыттағы жаңа сипаттағы заңгерлік кадрлар керек. Нақ осындай тәсіл заңгерлік білім жүйесінің негізі болуға тиіс.

Қазіргі жағдайда түрлі бейіндегі заңгер кадрларды дайындаудың проблемаларын шешудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін шоғырландыру жолымен өту орынды. Мұндай тәсіл мемлекеттік ресурстардың ысырап болмауына және заңгер кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

6. Қорытынды

 

Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі және тиісінше ұлттық құқықтың тұрақтылығы, құқықтық реттеудің пәрменділігі мемлекеттік биліктің барлық тармағының сындарлы өзара іс-қимылына, билік органдары қабылдаған шешімдердің сапасына және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне байланысты.

Қазақстандық заңнаманы осы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.

Артқа|Басты бетке





Артқа