Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.

Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс.
Судьялар жасағын қалып­тас­тыру­дың тәртібін түбегейлі түр­де қайта қарау қажет.
Апелляциялық инс­тан­ция­лар­дың істерді қайта қарауға төменгі соттарға қайтару жөніндегі негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң жүзінде шектеу керек.
Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арт­тыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойы­ла­ды.
Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс.
Арбитраждық және аралық сот­тар жүйесін нығайту керек.
Биыл жаңа Қылмыстық іс жүр­гізу кодексін, жеке детективтік қызмет ту­ралы заң жо­басын дайындауды аяқ­тау қажет.
Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту.
2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.
Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сон­дай-ақ олардың тех­никалық жа­рақ­тандырылуы мәселелері қа­ралуға тиіс.
Біртұтас экономикалық кеңіс­тік­те трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгі­сімен Еуразпол – Еуразия полициясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілді деп санаймын.
Үкіметке тиісті ұсыныстарды әзір­­леп, БЭК бойынша біздің әріп­тестері­мізге жіберуді тап­сырамын.
Жаңғыртудың ең маңызды мәселе­лерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.
Біздің бұл бағыттағы іс-әре­кеттеріміз мемлекеттік аппаратта­ғы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халық­аралық сарапшылар атап айтуда.
Алайда бізге сыбайлас жем­қорлық­пен күрестің жаңа стра­тегиясын жасау қажет.
Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.
Жаңа құқықтық тетіктерді, ақ­параттық мүмкіндіктерді пай­далану, жұртшылықты жем­қорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.
Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызмет­шілердің кірістерін ғана емес, шығыс­тарын да мағ­лұмдауға көшу қажет.
Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек.
Үкіметке үш айдың ішінде Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кешенді бағ­дарлама дайындап, ұсы­нуды тап­сырамын.


Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.

Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-ша­раларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло­гияларды енгізу.
Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Уни­верситеті мен Зияткерлік мек­тептер табысты жұмыс істеуде.
Кәсіптік-техникалық білім бе­ру­дің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.
Олардың тәжірибесін бүкіл қазақ­стандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солар­дың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құ­рамы­ның сапасын арттырудың маңызы зор.
Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушы­лары­ның біліктілігін арт­тыруға талап­тарды күшейту қажет.
Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын инте­гра­цияланған орталықтар жұ­мыс істеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекі­ту­дің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Медицина институтын бітірген тү­лек бірден дәрігер болып шыға алмай­ды. Политехникалық жоо-ны тәмам­даған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осын­дай.
Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақ­ты режімде салалық ассоциациялар ар­қауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту ор­талықтарын құруды тап­сы­ра­мын.
Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылар­дан шыққан жас­тар­дың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет.
Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе.
Бүгінде көптеген адамдар ауыл­дан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұ­мыс­қа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс.
Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.
Үкіметке мектеп оқушылары­ның функ­циялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлт­тық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.
Алтыншыдан, оқыту үдері­сі­нің тәр­биелік құрамдасын кү­шейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт­аралық келісім мен толерант­тылық, тәннің де, жанның да да­муы, заңға мойынұсыну­шылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қар­а­мас­тан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар­тық­шылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Консти­туция­мызға сәй­кес, мемлекеттік тіл бо­лып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.
Бұл біздің Конституцияның норма­сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.
Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей­тіндей жағдайда жүзеге асады.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да­муы не үшін керек? Ол үшін мемле­кеттің ең негізгі сырт­қы саясаты – көршілермен тату бо­луымыз керек. Онсыз мем­ле­кеттің болашағы бұлыңғыр бо­лады.
Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлес­терін қосулары керек. Мә­селені осылай шешу қажет.
Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құн­дылық­тарды білуін қамта­ма­сыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын.
Бізде тіпті ондай оқулықтар, жас­тармен дәл осы мәселелер бой­­ынша жұмыс жүргізетін оқы­тушылар жоқ.
Біздің жас­та­ры­мыз үшін бұл өмірлік қажетті­лік.
Медицина­лық қызмет көр­се­ту­дің қолжетім­ді­лі­гі мен сапасын арттыру, саламат­ты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің дең­гейін арттырудың келесі бір ма­ңыз­ды бағыты болып табылады.
Бүгінде «Са­ла­матты Қазақ­стан-2015» мемлекеттік бағ­дар­ламасы жү­зеге асы­рылуда.
Денсаулық сақтау жүйесі са­палы дамып келеді. Халық ден­саулығы көр­сет­кіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.
Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақ­тығы ұлғайды.
Қан айналу жүйесі аурулары­нан бо­латын өлім көрсеткіші 1,7 есеге тө­мендеді.
Біз онымен жүйелі түрде ай­на­лысып келеміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қа­зақ­станның бар­лық облыстарында да жа­са­лады.
Елде озық ем­деу-диагностика­лық ке­шендер, ме­дицинаның негізгі бағыт­тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ­рылды, көліктік ме­дицина дамы­тылуда. Бізде ме­дициналық пой­ыз­дар, автокөлік, медициналық авиация пайдала­ны­лады.
Астанадағы Болашақ госпиталі қа­зақ­стандық денсаулық сақ­тауды жаң­ғыртудың локомотивіне ай­налмақ.
Ендігі жерде онкологиядан бо­ла­тын ауру мен өлімді төмен­дету мәселесі бірінші кезекке шықпақ.
Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қа­зақ­станда, біз жүрек-қан та­мырлары аурулары мәселесі бой­ынша жаса­ған­дай, Онкология­лық жәрдемді дамыту бағдар­ламасын әзірлеуді тапсырамын.
Сол сияқты Ұлттық медицина­лық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми он­коло­гиялық орталық құру мә­се­лесін де қарастыру қажет.
Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтасты­ғы тетігін енгізуді ескере отырып, ден­саулық сақтау жүйесін да­мы­ту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.
Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жа­салып жатқандай, болашақ – ме­дицинадағы сақтандыруда. Адам­ның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте бо­ла­ды. Адамның денсаулығы не­ғұр­лым нашар болса, ол со­ғұрлым аз сақтандырылады, не­ғұр­лым жақ­сы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медици­налық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анық­тап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.
Әкімдерге халықтың дене шы­нықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт­тық инфрақұрылымдардың қол­же­тім­ділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын.
Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетім­ді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын.

 

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.

Қазақстан посткеңестік кеңіс­тікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді.
Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.
Сонымен бірге, бүгінде са­лым­шылардың зейнетақы қорла­рының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ.
Сондықтан да зейнетақы ауда­рымдарына алымға қарағандай қа­рау қалыптасқан.
Ал жекелеген зейнетақы қор­ларының басшылығы оларды өзі­нікіндей көріп, көбіне-көп шы­ғын­дарын жабу арқылы акцио­нер­лер­дің мүдделеріне қызмет істейді.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың со­ңы­на дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек.

 

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.
Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары бо­лып қала береді.
Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс.
Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді.
Соның нәтижесінде 30 мың­нан астам тұрақты сапалы жұ­мыс орындары ашылды.
Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және да­мы­туды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмен­демеуге тиіс.
Үкіметке инновациялық клас­терлердің инфрақұрылы­мын да­мыту үшін қажетті қаржы қа­растыруды тапсырамын.

 

Құрметті қазақстандықтар!


Мен бүгін біздің шикізат ре­сурстарымыз бен инфра­құ­ры­лым­дарымыздың жоғарғы бөлі­ніс­тері саласында, осы бөлі­ніс­терге қызмет көрсететін жаңа ға­ламат жобалардың бастау ала­тындығы туралы хабарламақпын.
Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұра­тын Бал­қаш ЖЭС-інің бірінші мо­дулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте ма­ңыз­ды. Қарқынды да­мып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тап­шылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйт­тер­ді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бой­ын­ша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.
«Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учас­ке­сі­нің құрылысын аяқтаудың маңы­зы зор. Бұл шынымен де ғасыр­дың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 ша­қы­рым сапалы автомобиль жолы са­лы­нып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз.
1200 шақырымға созылатын Жез­қазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісу­дің де маңызы үлкен.
Бұл жобалар Жезқазған-Арқа­лық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.
Екінші. Үкіметке Жамбыл об­лысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді ми­нералды тыңайт­қыш­тар өндірісін құру жөніндегі жобаны жал­ғас­ты­ру­ды тапсыра­мын. Бұл тыңайт­қыш­тар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бү­тіндей оңтүстіктің эконо­ми­касын көтеруге мүмкіндік береді.
Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамта­ма­сыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұл­ғай­тып, Қа­зақстанды отынның осы түрлері­мен қамтамасыз етеді.
Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуа­тына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тон­на пропилен мен 800 мың тонна полиэти­лен шығаруды қам­тамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.
Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құры­лысына кірісу қажет.
Алтыншы. Үкіметке елдің, ас­тананы қоса алғанда, орта­лық өңі­рін газдандыруды қам­та­масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.
Бұл көп қаржыны қажет ететін, маңызды жұмыс. Газға тәу­ел­ді­ліктен арылу үшін біз оны жа­сауы­­мыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елі­мізді газ­дандыруға міндеттіміз.
Бұл жобалардың көпшілігі бой­ынша инвестициялау мәселе­лері шешілген, ал қалғандары бойынша шешу қажет.
Үкімет пен Парламентке жо­ға­рыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жө­нінде ұсыныс енгіземін.
Бізге жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Мен оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық.
Бұл жобалардың бәрі біздің эко­номикамыздың, біздің еліміз­дің бейнесін бүтіндей өзгертетін болады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі әлемдегі ықтимал деген дағ­дарыстарға қайтаратын біздің жауабымыз болмақ.
Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз.
Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Жаңа, жас кәсіпкерлердің пайда болуына көптеген мүмкіндіктер туады. Олар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тиіс.
Қаржы шығындарын бақылау үшін 2008-2009 дағдарыс жыл­дары кезеңінде нақты және тиімді жұмыс істеген және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия се­кілді арнайы комиссия құру­ды тап­сырамын.
Бұл жобалардың барлығын біз осы жылдың өзінде бастай­тынымызды атап көрсетемін.
Үкіметке қазақстандық ин­но­вациялық жүйені нығайту қажет.
Перспективалы ғылыми-зерт­теулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновация­лық гранттарды бөлу арқылы ұл­ғайту маңызды.
«Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қол­дау үшін негіз қалайды.
Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
Назарбаев Университеті төңі­ре­гінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуал­дық кластер қалыптасуы тиіс.
Астанада жоғары технология­лы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның бас­қа да ғылыми-білім беру ор­та­лықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар.
Бұл менің тапсырмам бойын­ша қабылданған «Индустрия­лық-ин­но­вациялық қызметті мем­лекеттік қолдау туралы» жаңа заң.
Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуе­тін өрістету қажет.
Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тап­сы­рамын.
Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан эко­номикасына тікелей шетел ин­вес­тицияларының ағынын әр­та­рап­тандыру болып табылады.
Оларды перспективалы са­ла­ларға, мысалы, туризм сала­сына бағыттау қажет.
Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі.
Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қа­жет, олар аз емес.
Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын да­мы­ту маңызды жоба болуы тиіс.
Сарапшылар тау шаңғысы ку­рортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді.
Үкіметке осы ғажайып ай­мақ­ты, сондай-ақ Ақмола облы­сын­дағы Бурабай курортты ай­ма­ғын дамытудың Жүйелі жос­парын жасауды тапсырамын.
Өздеріңіз білетіндей, менің қам­қорлығымдағы ерекше шаруа – іскерлік және инвестиция­лық ахуалды нығайту.
Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда.
Қазірдің өзінде көптеген қа­зақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді.
Үкіметке бағдарламаға инновациялар енгізу үстіндегі бас­тау­шы және жас бизнесмендерді қолдау­дың қосымша шараларына қатыс­ты өзгерістер енгізуді тап­сырамын.
Бүгінде қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық құқық бұ­зушылықтарды қылмыссыздан­ды­ру бойынша жұмыстарды жал­ғастыру керек.
Кеден және салық комитеттеріне, қаржы полициясына құқық­тық нормаларды, оның ішінде қосар­лан­ған салық салу бойынша құ­қықтық нормаларды қолдануда бірізді болу қажет.
Отандық және шетелдік ин­вес­торлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың бол­жам­дылығы мен транспаренттілігі Қа­зақстандағы іскерлік ин­вес­тиция­лық ахуалдың негізі бо­луы тиіс.
Біздің шенеуніктер инвестор­ларға тосқауыл қоюға емес, қай жағынан да оңды жәрдемдесуге тиіс деп табанды талап етемін.
Біз отандық және шетелдік инвесторлармен нормативтік-құ­қықтық актілер жо­­баларын жасау үде­рісінде тұрақты консультациялар өт­кізу­дің тетігін нығай­туға тиіспіз.
Кәсіпорындар­дың бизнесті жауапкершілікпен жүр­гі­зу­дің қа­ғидаттарын сақ­тауын ынта­лан­ды­рудың страте­гия­сын жасап, жү­зеге асы­ру бой­ын­ша ұлт­тық бай­ланыс орта­лық­тарын құру қажет.
2012 жылы Қа­зақ­станның БСҰ-ға өтуі туралы келіс­сөздер аяқталуы тиіс.
Бұл біздің эко­номикамыздың ин­вес­­тициялық тар­тым­дылығын айтар­лықтай жоғарыла­та­ды.


Оныншы. Ауыл шаруашылығын да­мы­ту.

Қазақстанның аг­рар­лық сек­торы үл­кен экспорттық мүмкін­діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.
Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.
Мемлекет ауыл шаруашылы­ғына орасан көмек көрсетіп отыр.
Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін тө­мен­дету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек.
Фермерлердің қаржыландыру­ға қолжетімді­лі­гін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет.
Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсырамын.
Мемлекетке астық саласын ұй­ымдастыру және құрылымдау, бір­тұтас астық холдингін құру қажет.
Ет өндірудің экспорттық әлеуе­тін дамыту жөніндегі жо­ба­ны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.
Үкіметке мал шаруашылығы­ның басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөнін­дегі бағдарламалар­ды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

 

Құрметті қазақстандықтар!


Бүгінде бүкіл әлемге және әр мемлекетке қуатты жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап табу маңызды.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бой­ын­ша міндеттерді орындап, біз эко­но­миканы нығайтамыз, қоға­мы­мызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз.
Сонымен бірге, Қазақстан әлемдік саясаттың лайықты қаты­сушысы ретінде бейбітшілікті нығайту мен қауіпсіздік жолдарын айқындауға белсенді қатысуын жалғастырады.
Біз ядролық қауіпсіздік, Яд­ро­сыз әлемнің жалпыға бірдей дек­ларациясын қабылдау жөнін­дегі бастамаларды ілгерілеттік.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық саммитте олар нақ­ты­ланатын және толықтырылатын болады.
Осы жылы біздің әлемдік дағдарыстан шығу жөніндегі «G global» идеясы талқыланады деп үміттенетін Астана экономикалық форумы үлкен маңызға ие болады.
Сондай-ақ осы жылы Астанада халықаралық конфессияаралық үн­қатысудың маңызды алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өтеді.
Біз Қазақстан жариялаған Жа­һандық энергиялық-экологиялық стра­те­гияны жүзеге асыру үшін бар­лық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.
Біз «жасыл» технология­лар­дың трансфертіне бағытталған Ас­та­наның «Жасыл көпір» бас­тамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз.
Қазақстанның сыртқы саяси ұсы­ныстары әлемдік қоғам­дас­тықтан қолдау тапты.
Оларда біздің алдағы ондаған жылдардағы сыртқы саяси стра­тегиямыздың мәні кестеленген.
Біз теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен ғана емес, сондай-ақ Азия мемлекеттерімен де өзара іс-қимыл таныта отырып жалғастыратын боламыз.
Осы жылы менің Азиядағы өз­ара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі кеңес шақыру жөніндегі бастамама 20 жыл толады.
Үстіміздегі жылы біз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымында­ғы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығы­мыз­ды лайықты аяқтауға тиіспіз.
2012 жылы Астана ТМД мен түркі әлемінің мәдени астанасы болып табылады.
Осы шараларды лайықты өт­кізу керек.
Біз ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерге еуразиялық ин­теграцияны тереңдетумен жауап берудеміз.
Біз Ресеймен және Беларусьпен бірге Бір­тұтас экономи­калық кеңістік қалыптастырдық, Еур­азия­лық экономикалық одақ құ­руға келе жатырмыз.
Бұл – жалпыөңірлік тұрақ­тылықтың, біздің экономи­ка­лар­дың бәсекеге қабілеттілігін жо­ғарылатудың маңызды факторы.
Біз ТМД-ның басқа мем­лекеттерінің еуразиялық инте­грацияға қосылуға ұмтылысын қолдауға дайынбыз.

Құрметті отандастар!

 

Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қо­ғамдық бірлестіктердің, шығар­ма­шылық және кәсіби одақтар­дың, бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның, Қазақстанның бар­лық патриот­тары қызметінің темірқазық мә­селесі.
Оның үстіне мен соңғы Мәжі­ліс сайлауына қатысқан барлық партиялардың сындарлы ұсы­ныстарын ескеруге ұмтылдым.
Біз барлық күштерді Отаны­мыз­дың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз.
Біздің алдымызда үлкен жұ­мыс күтіп тұр.
Барша қазақстандықтарды бел­гіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға ша­қырамын!

 

Қымбатты достар!


Бізді орасан зор, күрделі және қиын, бірақ баршамыз үшін, қа­ра­пайым адамдар үшін де, Үкімет пен Парламент үшін де, бүтіндей алғанда мемлекет үшін де қы­зықты жұмыс күтіп тұр. Осындай үлкен мақсаттар қой­майынша біз дами алмаймыз. Біз әрқашанда айт­қа­нымызды жасап келдік. Біз өзіміздің барлық жос­пар­лары­мыз­ды, бағдар­лама­лары­мызды орын­дадық.
Алда қызу жұмыс күтіп тұр. Әлем сондай, жағдай сондай. Бүгінгі күннің сынағы сондай.
Ендеше, бүкіл қазақстан­дық­тарға үн тастап, өзімізді бүкіл қазақстандықтардың өмірін жақ­сартатын осынау ғаламат міндеттерді орындауға жұмылдырайық!

 

Қадірлі отандастар!


Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз.
Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біз 20 жылдықта айттық.
Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді.
Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз.
Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті.
Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс.
Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтасты­ғы мен тұрақтылығы.
Дана халқымызда «Игілік ба­сы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар.
Ендеше, тәуелсіздігіміз баян­ды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын!
Осы мерейлі белесте барша­ңызға мол табыс тілеймін!
Назарларыңызға рахмет!

 

Артқа