Өмір жолы өнеге ардагер
Ол 1928 жылдың 1 шілдесінде Украинаның Кировоград облысында дүниеге келген.
Бес жасында ата-анасыз қалған Аджамка селосындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Толя Куропятник соғыстың бар қиыншылықтарын көрді.
1941 жылдың тамыз айында оның ағасы өз еркімен соғысқа аттанды. Содан кейін селоны екі жарым жыл фашисттер басып алды. Он үш жастағы балаға кез келген жерді баспана етіп, нан мен суды ғана талғажау етуге тура келді.
1944 жылдың қаңтар айында Аджамка селосына 5-ші Гвардиялық әскердің Гвардиялық әуе-десанттық атқыштар полкі келіп кіргенде басқалар сияқты он бес жасар Анатолий Куропятниктің де қуанышында шек болмады.
1944 жылдың 10 қаңтарында Анатолий әуе-десанттық полктің қатарына қосылады. Жау басып алған селода фашистердің небір қатігездігін көзімен көрген Толя өзін әскер қатарына алуды өтінген болатын. Әскер басшылығы баланың өтінішін қабылдады. Осылайша, Толя Куропятниктің «полк баласы» болған майдандық өмірі басталды.
Алдымен оны коменданттық взводқа, содан соң байланыс ротасына жіберді. 1944 жылы наурызда 16 жастағы Анатолий Куропятник байланысшы-телефонист болды.
Байланысты орнатудағы жанқиярлық әрекеттері үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Анатолий Никифорович соғысты Прагада аяқтады.
Гвардияның ефрейторы Анатолий Куропятник әпкелері тұратын Донецк қаласына қайтып келген соң шахтада істеп, жастар кешкі мектебінде қоса оқыды. Мектепті бітірген соң Харьков заң институтына оқуға түсті.
1953 жылдың 25 наурызында прокуратура органдарының табалдырығын аттап, осы салада 40 жылдан астам уақыт адал қызмет атқарды.
Қызметті Донецк қ. Пролетар ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Үш жылдан кейін Анатолий Куропятник Донецк қ. Петров ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
1961 жылы ССР Бас Прокуроры А.Руденко прокуратура қызметкерлерін тыңға шақырғанда Анатолий Никифорович онда баруға бірден келісті.
Ол Көкшетау қаласының прокуроры қызметіне тағайындалып, онда 9 жыл қызмет атқарады.
Бұдан кейін, оны Целиноград қаласының прокуроры қызметіне ауыстырылды.
1973 жылы Маңғыстау облысы құрылған кезде, оның прокурорлық мол тәжірибесін ескеріп, осы өңірге прокурордың орынбасары қызметіне жіберді.Анатолий Никифорович өзінің қатарластарының арасында ғана емес, қала тұрғындарының арасында да ерекше беделді болды.
Бес жылдан соң Анатолий Никифорович Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметіне тағайындалады.
Бұдан кейін Көкшетау облысы прокурорының аға көмекшісі, Талдықорған облысының прокуроры болып қызмет атқарып, сол жерден 1995 жылы құрметті демалысқа шықты.
А.Куропятниктің еңбегі еленбей қалған жоқ. Ол «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» атағын алып, КСРО Бас Прокуратурасы мен Республика прокуратурасы атынан әлденеше рет көтермеленген.
ҚСРО және Қазақстан Республикасының бірнеше медальдары бар.
Полк баласынан облыс прокурорына дейінгі қиын жолдан өткен ол әлі де қажырлы.
Оның білімі, тәжірибесі жастарға үлгі.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






