Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ардагерге құрмет, абыройлы міндет

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы саласында қалтқысыз қызмет етіп, заңдылықтардың сақталуына атсалысқан ардагерлер көптеп саналады. Олардың елге сіңірген еңбегі бағаланып, мемлекет тарапынан  қамқорлық көрсетіліп келеді. Солардың қатарындағы прокуратура саласының ардагері, Сыр бойының азаматы Сырмағамбет Отарбаевты көпшілік біле бермеуі мүмкін.

С.Отарбаев облыс көлемінде ауыр кезеңдерде Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған аудандарында прокурор болып қызмет атқарды. Заңды толық меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Маңғыстау облысы қазіргі Ақтау қалалық атқару комитетінің төрағасы болып жауапты қызметтерге араласады. Осы жемісті еңбегі бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медалдармен марапатталды. 2010 жылдың қазан айында Жалағаш ауданының Парк көшесіне ардагер Сырмағанбет Отарбаевтың есімі берілді.

Алдыңғы толқын аға-апалардың өмірі, еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық. Жалпы, үлкенді сыйлап, қарттарға құрмет көрсету-абыройлы міндет екенін ұмытпайық.

 

 

 

Жалағаш ауданының

прокуроры                                                                М.Досмағанбетов

Артқа