Ардагерді құрмет тұтамыз
Прокуратура органының құрметті ардагері Алданазаров Қалкөз ағамыз 1926 жылы
1 қаңтарда Қызылорда облысы Жалағаш
ауданы Аққұм шаруашылығында дүниеге келген.
1944 жылы әскерге шақырылып, Орынбор қаласындағы 13-ші атқыштар дивизиясында дайындықтан өткен соң, шаруашылықтарда жұмыс атқарып жатырған неміс фашист тұтқындарын қарауылдау жүктелінген әскери бөлімде, оның штабында қызмет еткен.
Әскери міндетті өтеп келген соң, 1950 жылдан Қызылорда қалалық комсомол комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1951 жылдан облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, ауыл шаруашылық жастар бөлімінің басқарушысы, 1954 жылдан облыстық партия комитетінің партия бөлімінің нұсқаушысы, Сырдария аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1963- 1977 жыл аралығында Қызылорда облысы Тереңөзек аудандық прокуроры, 04.1977-09.1986 жылдары Жаңақорған ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. 1986 жылы зейнетке шықса да бұл салада еңбек жолын жалғастырып, 1986-1990 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасында жалпы қадағалау бөлімінің бөлім прокуроры қызметтерін атқарған.
Заңдылықты жоғары қадағалау, азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудегі прокуратура органының құзырлық міндеттерін жүзеге асыруда, оның беделін арттыруда аянбай еңбек атқарып, зор үлесін қосқан. Шыншылдық, әділдікті ту еткен Қалкөз ағамыз қай кезде болмасын қызметті абыроймен атқарып, басқаларға үлгі болып , жас қызметкерлерге ақыл, кеңестерін беріп отырған .
Прокуратура органында 30 жылға жуық қажырлы еңбек атқарған Алданазаров Қалкөз ағамыз 1990 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Атқарған ерен еңбектері үшін «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кеңес әскерінің 20 жылдығы», «Кеңес әскерінің 30 жылдығы», «Кеңес әскерінің 50 жылдығы», «Кеңес әскерінің 60 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» т.б медальдармен марапатталған.
Прокуратура органының құрметті ардагері, 85 жастағы Қалкез ағамызға қажымас қайрат, ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз.
Жаңақорған ауданы
прокурорының көмекшісі Ж.Медешов







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






