Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық прокуроры дәл осыған ұқсас азамат Л.Шихатаровтың қылмыстық қудалау органының алаяқтық дерегі бойынша әрекет етпей отырғаны туралы шағымы бойынша да тиімді шара қолданды. 14 қазанда Қарағанды қаласындағы ішкі істер басқармасының сол Орталық бөлімі азаматша Л.Шихатарованың пәтерді заңсыз жекешелендіріп алған дерегі бойынша «қылмыстық құрамы болмағандықтан» қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарғаны белгілі болды. Алайда, 19 қарашада бұл қаулының күші жойылып, материалдар бойынша өндіріс қайта жаңартылды.
Тағы бір мысал. 16 қарашада азамат Ж.Жолмұрзаевқа қатысты алаяқтық дерегін тергеудің сөзбұйдаға салынып кеткені жөніндегі азамат Е. Ысқақтың өтінішін қараған Алматы облысының прокуратурасы облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментіне кінәлі адамды жауапқа тарту жөнінде пәрменді шара қолдану туралы нақты тапсырма берді. Осының ертеңіне қаржы полициясының жергілікті департаменті сотқа күдіктіні қамауға алу жөнінде қолдаухат жолдады. Бүгінгі күні оның тұратын жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Ал азаматтардың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі шағымдарына келсек, осы санаттағы 35 шағымның 14-не жауап беріліп, «Тікелей желі» веб-порталында жарияланып та үлгерді. Шағым берушілердің пайымдауларын тексеруді қажет ететін өтініштер қаралу үстінде, олар тиісті ретте хабарланатын болады.
Бұл өтініштерде, әдетте, қылмыскерлер мен хабарсыз жоғалып кеткен адамдардға тиісті дәрежеде іздеу салынбағаны туралы арыз айтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік құпиялар туралы заңдылықтардың бұзылуы, құқық қорғау органдарының жасырын ойын клубтарын жабу жөнінде шара қолданбай отырғандары, «сенім телефондарының» жөнді қызмет атқармайтыны туралы өтініштер де бар.
Мысалға, Бас прокуратура Өскемен қаласының бір топ геологтарының мемлекеттік құпиялар туралы заңдылықтың бұзылуы туралы жасырын хабарламаларын қарастырды. Осы бір топ геологтардың өтініштері мемлекеттік құпиялары бар мәліметтердің таралуы туралы хабарлағандықтан, бұл дерек ШҚО бойынша ҰҚКД-нің Қылмыстар туралы шағымдар мен хабарламалар кітабында тіркеліп, қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар біз хабарсыз жоғалып кеткен адамдарды тиісті дәрежеде іздестірмеу деректерін де анықтадық. Арыз берушілердің өтініштерін қарау нәтижелері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мәселен, азаматша С.Көптілеуованың «Тікелей желі» кезінде еліміздің Президентіне берген өтініші осы тақырыпта болатын. Шағымданушы онда Көліктегі батыс ішкі істер департаменті «азамат А.Сабировтың хабарсыз жоғалып кету дерегі бойынша шаралар қолданбай отырғанын» айтып, реніш білдірген еді.
Прокуратураның тексеруі барысында С.Көптілеуованың арызы Қандыағаш стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу кітабына 2005 жылдың 4 мамырында тіркелгені анықталды. Ал 2005 жылдың 6 мамырында аталмыш дерек бойынша іздеу жарияланған. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары А.Сабировтың қайда екендігін анықтай алмаған. Алайда, жедел-іздестіру шаралары барысында іздестірілушінің қылмыс құрбаны болып кетуі мүмкіндігін көрсететін мәліметтер шықса да, қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғамаған.
Сөйтіп, осы жылдың 24 қарашасында Батыс аймақтық көлік прокуратурасында жедел кеңес өткізіліп, А.Сабировтың хабарсыз жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылып, материалдарды осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы нұсқаумен қоса Көліктегі батыс ішкі істер департаментіне жіберу туралы шешім қабылданды. 26 қарашада Көліктегі батыс ішкі істер департаменті осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Осы келтірілген оқиға полиция жұмысында орын алған кемшіліктің бір дәлелі. Адамның хабарсыз жоғалып кеткен дерегі бойынша Заң талаптарына орай төрт жыл бойы ешқандай шара қолданылмаған. Бұл ақыр аяғында көліктегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекетіне азаматша С.Көптілеуованың негізді түрде шағымдануына себеп болды.
Айтпақшы, адамның хабар-ошарсыз жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауда тиісті шара қолданбаудың дәл осындай оқиғасы Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті қызметкерлері тарапынан да орын алды (Д.Әлімбековке қатысты іздестіру ісі бойынша).
Бұл туралы да азаматша Ғ.Дулатованың өтінішінен мемлекет басшысымен өткен «Тікелей желі» арқасында белгілі болды.
2008 жылдың 28 қазанында Шымкент қаласының Еңбекші полиция бөлімі Д.Әлімбековтың хабарсыз жоғалып кеткен дерегі бойынша шағым берушіге «қылмыстық құрамы болмағандықтан» қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны бізге белгілі болды. Алайда, прокуратура органдары іздестіру ісін зерделеу барысында полиция жүргізген осы қылмысты ашуға және оған кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының олқы тұстарын анықтады. Адамның хабарсыз жоғалып кетуінің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жандандыру мақсатында 25 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қажетті жазбаша нұсқаулар беріп, бас тартылған қаулының күшін жойды, ал ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күндерде прокуратура органдары тергеу барысын қатаң бақылауға алып отыр.
Реформалар мен мерекелер туралы
Азаматтардың қазіргі қолданыстағы заңдарды жетілдіру жайындағы сұрақтары да ерекше назар аударуды талап етеді. Рас, олар бар болғаны 5 өтініш қана. Алайда осының өзі олардың еліміздің құқықтық жүйесін жақсартуға мүдделі екендігінің, оның өткені, қазіргісі мен болашағы қызықтыратынының айқын айғағы.
«Тікелей желіге» келіп түскен екі сұрақ прокуратура органдары алдындағы реформаға қатысты болды. Бір сұрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизміне арналған. Ал мемлекеттік мерекелерді белгілеу және алаяқтық дерегін дәрежелеуге қатысты қылмыстық заңдарға түзету енгізу жөнінде ұсыныс бойынша бір-бір сұрақтан қойылған.
Бұл санаттағы барлық өтініштер бойынша прокуратура органдары түсініктемелер әзірлеп берді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Б.Есқұлова Республика күні мерекесінің мәртебесін өзгерту себебін сұраған. Өтініш иесіне бұл күнді мерекелеу идеясынан күтілген нәтижелер толығымен ақталып, қазақстандықтардың санасында мемлекеттің орны мен рөлі туралы түсінік берік қалыптасқаны, мерекелеу жылдары еліміздің халықаралық аренадағы беделі мен имиджі биіктегені түсіндірілді. Бір сөзбен айтқанда, бұл мереке мемлекетіміздің қалыптасуындағы өзінің тарихи маңызды рөлін орындап шықты. Сондықтан да қазіргі уақытта, қалыптасқан ақиқатқа сәйкес, ұлттық мерекенің ерекше мәртебесі қазақстандық мемлекеттіліктің мәні мен мағынасын, Қазақстанның өзінің тәуелсіздігі мен әлемдік мойындауға ие болуына алып келген тарихи оқиғалар легін түгелдей қамтитын Тәуелсіздік Күніне берілгені дұрыс.
Осыған байланысты, 2009 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға, атап айтқанда, Республика Күнін мерекелеуді тоқтатуды қарастырған өзгертулер енгізілді.
Ал Қызылорда облысынан прокуратура органдары қызметкерлерінің зейнеткерлік жасы мен осы саладағы алдағы болатын реформалар туралы қызғылықты сұрақтар қойылды. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы Заңының жобасы әзірленуде. «Прокуратура туралы» және «ҚР зейнеткерлікпен қамту туралы» заңдарда да тиісті түзетулер көзделеді, оларға сәйкес прокуратура органдарының қызметкерлері ҚР заңдарында ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметкерлер үшін белгіленген тәртіп пен шарттарда еңбек еткен жылдарына қарай зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығына ие болады. Сұрақ авторына сәйкес түсіндірме жіберілді.
Жалпы алғанда, мемлекет басшысына өтініш білдірген азаматтарды құқық қорғау және сот органдарының әрекеттеріне яки әрекетсіздіктеріне байланысты мәселелер едәуір дәрежеде толғандырады. Бұл әсіресе қылмыстар мен құқыққа қарсы әрекеттер туралы қылмыстық істер мен басқа да материалдар логикалық шегіне жеткізілмей ұзақ уақыт бойы сөзбұйдаға салынған жәйттерде көбірек байқалады.
Әскерилерге де айтылар арыз аз емес
Қазақстан Республикасының Президентімен өткізілген «Тікелей желі» қорытындысы бойынша 2009 жылдың 13 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Бас прокуратура Бас әскери прокуратураға заматтардың 25 өтінішін жолдады. Олардың бәрін де қазірде әскери прокуратура органдары шешіп, арыз иелеріне тиянақты жауап берді. Сонымен бірге бұл жауаптар элоктронды ақпарат құралдарында орналастырылды.
Әскери қызметшілерді бірінші кезекте өздерінің кәсіби саласы толғандыратыны айқын. Мұндай өтініштер -14. Алайда үш шағым тұрғын үй құқықтық қатынастары мен олардың орындалуы мәселелері бойынша азаматтық істер (азаматтар Фадеев, Құлмұратов, Ауғанбаевтардан) жөнінде қабылданған сот шешімдеріне байланысты. Соталған Омаров пен Сұржановтың туысқандарының қылмыстық істер бойынша күшіне енген сот актілеріне екі шағымы бар. Бір шағым Жанпейісовтің заңсыз соталғаны және келтірілген залалдың орнын толтырғаны үшін ақтауға байланысты түскен. Қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалау органдарының шешімдеріне азаматтардан түскен бес шағым бар.
Әскери құрылымдар қызметіне байланысты түскен 14 өтініштің 3-і әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, 6-ы әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға және оларға кепілдік беруге, 4-і әскери қызмет жасауға және әскери атақ беруге байланысты. Әскери ортада ұлтаралық қатынас бойынша уставтан тыс өзара қарым-қатынасқа байланысты бір SMS хабарлама келіп түсті. Өзекті мысал ретінде әскери прокуратура органдарының азамат Л. және Н. Юрченколардың ұлдарының опат болуына байланысты арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу мәселесі бойынша өтініштерін қалай қарағанын келтіре кетелік. Бұл өтінішті зерделеу барысында Чечен Республикасында қаза болған жігіттің ата-анасына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолданыстағы заңдарды дұрыс қолданбауы салдарынан ұзақ уақыт бойы арнайы жәрдемақы төленбегені анықталды. Оның үстіне ол ата-ана осы министрлікке қайта-қайта өтініш жасаса да, оларға «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңының ережелері тиісті дәрежеде түсіндірілмеген.
Өтінішті прокуратура органдарының қарауы нәтижесінде қаза болған әскери қызметшінің ата-анасының қолданыстағы заңдарда белгіленген көлемде жәрдемақы алудағы бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда.
Тағы бір көңіл аударарлық жәйт. Әскери сала бойынша келіп түскен 25 өтініштің 2-і ғана әскерилердің өздеріне тиесілі. Ал қалған 22 (немесе 88 пайызы) өтініштің авторлары азаматтық адамдар. Осы санаттағы өтініштердің күрделілігіне, мұқият тексеру және ықпал ету қажеттігіне байланысты толық қанағаттандырылған өтініш әзірше жоқ. 9 өтініш бойынша түсініктемелік сипатта жауап әзірленді, 4 өтініш бойынша шағым иелерінің пайымдаулары анықталмады, ал 1 өтініш бойынша дерек ішінара анықталды.
Әңгіме Кәмила есімді қыздың 2097 әскери бөлімінің әскери кызметкерлерінің конституциялық құқықтарының бұзылуы жөніндегі өтініші туралы болып отыр. Прокуратура органдарының оқиға орын алған жерге барып өтінішті қарау барысында осы әскери бөлімде ең маңызды халықаралық автомагистральдар мен теміржол желілерінің қиылысқан жерлеріндегі орналасқан 12 өткізу пунктерінде кезекті ауысымнан кейін әскери қызметкерлердің барлық санаттарына бекітілген әскери қызметті атқару кестесіне сәйкес демалыс берілетіні анықталды.
Алайда шекаралық бақылау қызметінің әскери қызметкерлері қызметтерін 24 сағаттық жұмыс режимімен 8 өткізу пунктерінде екі ауысыммен атқарады, өйткені 2097 әскери бөлімнің бекітілген шататтық-лауазымдық құрылымы Мемлекеттік шекараны күзету үшін өткізу пунктерінде шекаралық нарядтардың қажетті ауысым санын ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселе бойынша ҚР ҰҚК-нің Шекаралық қызметі әскери қызметкерлердің штаттық санын көбейту туралы мәселені қазіргі уақытта қарастырып жатыр.
Ал «әскери басшылықтың әскери қызметкерлерді қудалауы» мен «олардың содан кейінгі құқық қорғау органдарына және соттарға арыздануы» мәселесіне келетін болсақ, бұл өтініш бойынша біздер мынаны анықтадық: Орал гарнизонының әскери прокуратурасына және қылмыстық қудалау органдарына жеке құрам қызметкерлерінен қызметтік қосымша жұмыс жүктемелері болғаны туралы өтініш түскен жоқ. Осыған қоса 5 өтініш бойынша өтініш берушілердің сұрақтары негізінен олар заңмен белгіленген іс жүргізу тәртібімен шешілуге тиісті қылмыстық қудалау органдары мен сот қаулыларына байланысты болғандықтан, жалпы тәртіппен шешілетіні туралы айта кеткім келеді. 4 шағым берушіге олардың өтініштерінің тақырыптары бойынша тиісті мемлекеттік органдарына өтініш беру ұсынылған.
«Әскери тақырып» бойынша жасалған өтініштерді талдау Қарулы Күштерде және басқа да әскери құрылымдарда әскери қызметкерлерді және әскери қызметтен босатылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұрғандығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта 8 мыңнан астам әскери қызметкер мен әскери зейнеткер Заң талаптарына сәйкес баспанамен қамтамасыз етілмеген және жалға алынған пәтерлерде тұруға мәжбүр.
Темір тордың арғы жағындағыларға қатысты сауалдар
Қылмыстық істер бойынша жазаларды орындау заңдылығы туралы мәселелер бойынша 42 өтініш түсті. Олардың 34-і бұрын қаралған, жауаптары «Тікелей желі» веб-порталында жарияланды. Нәтижелері былай: 34 қарастырылған өтініштердің 32-сіне прокуратура ресми түрде түсіндірме берді, басқа 2 өтініш жартылай немесе толық қанағаттандырылды.
Мысалы, Шығыс-Қазақстан облысының тұрғыны азаматша В.Вострикованың оның баласы И.А.Шереметьевты тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыру туралы өтініші оң шешімін тапты. Сонымен қатар Павлодар облысының тұрғыны Д.Қожахметованың Павлодар қаласының тергеу изоляторында ұсталып жатқан кәмелетке толмаған жүкті қызына тиісті медициналық қызметтің көрсетілмеуі туралы арызы қанағаттандырылған.
Медициналық анализдердің нәтижелері негізінде ол үшін гинекологиялық және венерологиялық тексеруден өту қажеттігі анықталды. Бірақ тергеу изоляторының медициналық және әкімшілік қызметкерлері емдеуден бас тарту туралы қолхаттың болуына сілтеме жасап, оған медициналық көмек беруді тоқтатқан. Алайда қолданыстағы заңдардың нормаларына сәйкес, науқастың кәмелетке толмағандығын ескере отырып, мекеменің әкімшілігі ондай қолхат алуға және тиісінше ем көрсетпеуге құқығы жоқ.
Прокуратура органдарының заңдылықты қалпына келіру туралы енгізілген ұсынысының нәтижелері бойынша тергеу изоляторы басшысының 2009 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен терапевт-дерігер Н.Жашуковаға сөгіс, медициналық бөлімнің фельдшері Ш.Құсаиноваға ескерту жарияланды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны А.Матованың өтінішіне сотталғандарға қатысты рақымшылық жасау актісін қолдану тәртібі туралы түсіндірме берілді. Жалпы алғанда, бұл санаттағы өтініштер мен сұрақтарға қылмыстық жазалар жүйесінің көбірек ізгілендіру мен сотталғандарға қатысты рақымшылық және кешірім жасау актілерін жариялауға қатысты қоғамдық үміттер мен тілектер тән. Тиісінше құқықтық мәртебе беруді сұраған саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккен адамдардан да өтініштер бар.
Түйін сөз
Прокуратура органдарының түскен өтініштерді қарастыру жұмыстарына жасалған алдына ала талдау өтініштердің аз бөлігі ғана шынымен орын алған заң бұзушылықтармен байланысты екенін көрсетті. Өтініштердің дәл осы тобы бойынша қазіргі уақытта жедел түрде прокурорлық ықпал етудің пәрменді шаралары қабылданып жатыр.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін терең зерделеу барысында олардың кейбіреуінде көтерген мәселелердің мәні анық ашылмағаны белгілі болды. Немесе олар шала-пұла бұрмаланған түрде берілген. Мұндай өтініштер оларды тексеруді, бұрын қабылданған шешімдердің заңдылығын анықтауды едәуір қиындатады. Бұл санаттағы өтініштер бойынша арыз берушілерге істің барлық мән-жайын неғұрлым ашып, оларды уәкілетті органдарға жіберу қажеттілігі туралы түсініктемелер берілуде.
Сайып келгенде, осы жасалған талдауға негізделіп зерттелген мәліметтердің жалпы нәтижелері өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі қолданыстағы перспективалық мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды түзету немесе жасау үшін аса маңызды да қажетті негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өтініштердің сипаты мен ондағы қозғалып жатқан мәселелер белгілі бір дәрежеде биліктің қазіргі ағымдағы саясатына берілген қоғамдық баға мен қанағаттанушылық деңгейін, жүзеге асырылып жатқан міндеттерді халықтың қолдайтынын және түсінетіндіктерін дәлелдейді.
Өз ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында немесе медицина, білім, экология, жұмыспен қамту салаларындағы мәселелерді шешу бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың тікелей және жанама баға беруінің де мәні осында.
Азаматтардың өтініштері мен сауалдары әртүрлі салалардағы жолсыздықтарға қағылған дабыл бола алады және солай болуға тиіс. Мәселен, олар мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің жетіспеуі, халыққа кейбір мемлекеттің қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, кейбір мекемелер өкілдерінің, тіпті мемлекеттік қызметкерлердің де моральдық келбетінің мәселелеріне қатысты да айтылған.
Осы іс-шараны өткізу қоғам мен мемлекетте орын алған проблемалар мен кемшіліктерді нақты әрі уақтылы анықтауға және сәйкес шаралар қолдануға мүмкіндік берді.
Халықпен тікелей эфирде сөйлесудің осындай тәжірибесін орталық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, мекемелердің, сонымен қатар аймақтарда – облыс пен қала әкімдерінің деңгейінде енгізуді мақсатқа сай деп санаймыз. Халықтың билік өкілдерімен қол жетімді және тиімді байланыс құралының осы түрі нақты аймақ пен ведомствоға тән көптеген өзіндік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-

Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету