Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 65 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.
Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Біздер үшін Жеңістің бағасы жоғары. Жеңіс – бұл Отан үшін өз өмірлерін құрбан еткендер, ұрыс даласынан қайтпай қалған боздақтарын жоқтаған аналар мен жесірлердің көз жасы, миллиондаған адамдардың қайғы-қасіреті. Төнген қатерден Отанын қорғауға тек айбынды армия ғана емес, бойына туысқандық пен бірлік рухы тән біздің барша халқымыз аттанды.
Сол, фашист басқыншылары, біздің Отанымызға қарсы шабуыл жасаған ауыр жылдарда, өз Отанының ұлтарақтай жерін жан аямай қорғағандардың қатарында Ақтөбе облыстық прокуратурасы органдарының қызметкерлері де болды. Прокуратураның мұражайында сақталған бірқатар құжаттар мен экспонаттар – солардың соғыс кезіндегі көрсеткен жанқиярлық батырлықтары мен ерліктерінің дәлелі.
Ақтөбе облыстық прокуратурасында әр кезеңде облыс прокуроры болып қызмет атқарған – Федоров Алексей Андреевич және Құсайынов Үмбет Хасанұлы, Ақтөбе облыстық прокурорының бірінші орынбасары – Луценко Василий Иванович, аудан прокуратурасын басқарғандар – Жанпейісов Мәден, Еспанов Мұхамбет-Али, Патрикеев Яков Степанович, Сабырғалиев Нұрым Сабырғалиұлы, Ақтөбе қаласының прокуроры – Гончаров Юрий Петрович, облыс прокуратурасы бөлімдерінің бастықтары – Забиров Гариф Абдулханұлы, Байғазин Сейітқазы, Хабиев Бисембай, Черкашин Василий Прокофьевич, аудан прокуратурасының халық тергеушілері – Ерсейітов Әбілтай және Горобченко Алексей Селантьевич. Соғысқа аттанғанда олар небары 16-17 жаста еді. Бүгінгі, Ұлы Жеңістің мерекесі күні, біздің арамызда солардың қатарынан ешкімнің де жоқтығы, әрине, өкінішті. Бірақ, ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Жауынгерлік ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», 1 және 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, 5 медальмен мадақталған Жанпейісов Мәден ағамызды біз аса мақтаныш сезіммен еске аламыз. Кеңес Одағы (СССР) кезеңінде прокуратура саласында қызметтік міндетін атқарудағы адал да үлгілі еңбегі өте жоғары бағаланып, ол «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген заңгері» құрметті атағына ие болды.
Сабырғалиев Нұрым Сабырғалиұлы 16 жасар бозбала кезінде, ұрыс шебіндегі армияға шақырылды. Соғыс кезінде Украина және Молдова қалалары мен елді мекендерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. 1944 жылы 26 наурызда құрамында Сабырғалиев Нұрым Сабырғалиұлы бар жауынгерлер тобы барлық Совет-Герман майданы бойынша тұңғыш рет Румыниямен аралықтағы мемлекеттік шекарадан өтті. Будапешт қаласының түбіндегі ұрыстардың бірінде ауыр жарақат алып, ол 1945 жылы 9 мамыр – Жеңіс күнінде, туған елге оралды. 2005 жылдың сәуір айында, Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесін атап өтуге 1 айдай уақыт қалғанда, өзінің жауынгерлік наградаларын жалтырата сүрткілеп, Жеңіс күніне жетер әрбір сағатты тағатсыздана күтіп, Нұрым Сабырғалиұлы ағамыз дүниеден өтті.
1976-1979 жылдар кезеңінде Ақтөбе облысының прокуроры қызметін атқарған Құсайынов Үмбет Хасанұлы, 17 жасында, соғыстың алғашқы күндері майданға шақырылды. Ол соғыс кезінде Карелия-фин майданында парашютті-десантшылар әскери бөлімінде болды. Жауынгерлік ерліктері мен прокуратура органдарындағы қалтқысыз адал еңбектері үшін Үмбет Құсайынұлы көптеген медальдармен және ордендермен марапатталды, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі – жоғары шендік атағына ие болды. Оны өмірде бәрі шын мәніндегі нағыз генерал ретінде таныды.
Соғыс даласында жанқиярлықпен шайқасқандармен қатар тылдағы майданда да ерлік пен табандылықтың баға жетпес үлгісін көрсеткен тылдағы майдангерлер мен еңбек ерлерінің есімдерін бүгінгі, Ұлы Жеңіс мерекесі күні, атап өту – біздер үшін зор мақтаныш. Өйткені, олар – Жеңісті жақындатуға өздерінің лайықты үлесін қосып, жан аямай еңбек еткендер.
Солардың қатарында болған, бірақ өкінішке орай, бүгінгі күні біздің арамызда жоқ Сүлейменова Мәрия Бариқызы, Багаутдинова Ұрқия Ысмағұлқызы, Сұлтанғалиев Сәлімжан Сұлтанғалиұлы және Нұрмағанбетов Жандолла Нұрмағанбетұлы.
Бүгінгі мереке күні біздер тылдағы майдан ерлері – Жарылқасынов Қалу Дарбайұлына, Құрманғалиев Рахметолла Құрманғалиұлына, Алдияров Шындаулет Аймақұлына және Гайсин Рашид Жәңгірұлына – олардың бүгінгі біздің бейбіт өміріміз үшін жасаған ерен еңбектері мен жасампаз ерліктері үшін ерекше құрметпен шынайы алғысымызды айтамыз.
Соғыс аяқталғаннан кейін, Отан алдындағы өз міндеттерін өтеп келген соң, соғысқа қатысқан – майдангерлер елімізді қалпына келтіру, тәртіп пен заңдылықтарды нығайту жұмыстарына араласа жүріп, прокуратура органдарының қызмет деңгейін көтеруге және жас ұрпақ – прокурор қызметкерлерді тәрбиелеу ісіне зор үлестерін қосты. Олардың тәрбиелеген шәкірттері бүгінгі күні де прокуратура органдарының жүйесінде және де басқа мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған сөзінде: «Біз үшін өмірін қатерге тіккендер, біздердің бостандығымыз үшін ақырғы демдері біткенше шайқасып, ұрыс даласынан мәңгілікке оралмай қалғандар – біздің есімізде, оларды ешқашан ұмытпаймыз. Бұл – біздің оларға деген құрметіміз ғана емес, адамгершілік құқымыз. Егерде кімде-кім біз жеткен Жеңістің Ұлылығына сәл ғана күмән келтіретін болса, оларға қарапайым да анық: «Біздің ардагерлеріміздің ұлы құрбандығынсыз, ешқандай бостандық та, бүгінгі тәуелсіздік те болмас еді», – деп жауап беру керектігін атап көрсетті.
Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу – табандылық пен ұлттық рух бірлігінің белгісі болсын!

Ақтөбе облысының прокуроры
«Ақтөбе облысы. Өмірі өнегелі жандар»
Соғыс сұрапылының басылғанына 65-жыл толса да, оның салған жарасы жүректерінде қалған, сол жылдары әкелерін қан майданға аттандырып, өздері балалық балғын шақтарын «әкеміз қашан келер екен деп» қара жолдың бойына қарайлаумен өткізген аға буын өкілдерінің бірқатары бүгінгі жеңіс мерекесін бүкіл халқымызбен бірге тойлап отыр. Олардың есею кезеңдері ел басына түскен ауыртпалықпен тұспа тұс келіп, буындары бекіп, омыртқалары қатпаса да бар қиындықты үлкендермен бірге бөлісіп, майдан шебіне азық-түлік жөнелтуде, киім-кешек дайындауда қолдан келген көмектерін аямайды. Олардың соғыстан кейінгі жылдары жоғары білім алып, өздері қалаған заңгерлік мамандықтың қыры мен сырын меңгеруге бар саналы ғұмырларын арнағандығын бүгінгі күні мақтаныш тұтуымызға болады.
Ақтөбе облыстық прокуратурасының осындай бір топ ардагер- ақсақалдарының өнегелі өмірлерін, кейінгі ұрпақ тәлім-тәрбие аларлықтай шежірелі сырларын бүгінгідей ұлы да қасиетті күні айтып, оларға қажетті ілтипат жасауды да орынды деп білеміз. Бұрыннан келе жатқан бір ұлағатты сөз: «Ел ішінде қарияң болса, жазулы тұрған хатпен тең, ...» дегендей. олардың ақылшы боп арамызда жүруі де зор қуаныш. Ал, қазіргі кезде қатары сиреп қалған қарттарымыздың әрқайсысының артта қалған өмір жолдарының бел-белесі зерттеуге тұратын, зерделеп жүретін қымбат қазына сипатты, оған үңілген сайын жаңа қырларымен танылып отырады.
Осындай қадірменді ардагерлеріміздің бірі – Рахметолла Құрманғалиұлының әкесі 1942-1944 жылдары тылдағы еңбекке шақырылып, Башқұртстанның Уфа қаласы маңындағы шахтада жұмыс жасап жүргенде ауыр жарақат алып, елге оралған соң, майданнан кейінгі қалыптастыру жұмыстарына үлес қосып, зейнеткерлікке шыққан соң қайтыс болады.
Ағамыздың өзі мектепте оқи жүріп, өзінің әлі келетін жұмыстарына араласып, қой қоздату, шөп шабу жұмыстарына қолқабыс етіп, еңбектен бір қол үзбей өседі. 1955-1960 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алған соң, жолдамамен Ақтөбе облысына жіберіліп, Хромтау, Алға аудандарының прокуратурасында тергеуші-машықтанушы қызметін атқарады. 1961 жылдың шілде айынан 1964 жылдың наурыз айына дейін Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданы прокурорының көмекшісі, 1964 жылдың наурыз айынан 1970 жылдың желтоқсан айына дейін Батыс-Қазақстан өлкелік, ол таратылған соң, Ақтөбе облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры, 1970-1981 жылдары Ақтөбе ауданының прокуроры, 1981-1995 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу бөлімі прокурорының аға жәрдемшісі, сот шешімдерінің заңдылығын бақылау, тергеу бөлімінің бастығы, жасөспірімдер мен жастар туралы заңдардың орындалуын қадағалаушы болып, ал құрметті еңбек демалысына шығар алдында кадр бөлімінде қызмет жасайды.
Қазіргі кезде зейнеткер-ардагеріміз – облыстық прокуратураның ішкі-сыртқы өмірінен бірде-бір қол үзбей, өзінің ақыл кеңесін аямай жас заңгерлерді тәрбиелеуге белсенді араласып жүрген абзал тәлімгерлеріміздің бірі. Сонымен қатар ол өзімен бірге қызмет жасап, үзеңгілес болған, бірақ, қазір арамызда жоқ ардагерлер: З.Абдурахманов, Г.Лұқпанов, Х.Әкімжанов және 1941-1945 жылдардың соғыс ардагерлері Б.Хабиев, М.Жанпейісов, У.Құсайынов, М.Еспанов, Н.Сабырғалиев, В.Луценко, В.Черкашин сияқты заң саласының үздік саңлақтарын прокуратура тарихында қалдыру жолында үлкен істер тындырып жүр. Осындай күш-жігері бойында, қажымайтын, талмайтын белсенді зейнеткерлердің қатарында Жеңістің 65 жылдық мерекесін тойлап отырған Қ.Жарылқасынов, Ш.Алдияров, Р. Гайсин сияқты көпті көрген жандарымыз бар.
Рахметолла Құрманғалиұлы Республикамыздың егемендігінің 10 жылдығына, Ақтөбе облыстық прокуратурасының 80 жылдық мерей тойына арнап прокуратураның тарихи шежіресі мен онда әр жылдары еңбек еткен прокурорлардың есімін есте қалдыру мақсатында «Заман және заңдылық» деп аталған кітап шығарды. Бұл кітап Ақтөбе прокуратурасының мұражайынан орын алды. Сонымен қатар прокуратура ардагерлерінің естеліктерін де жинақтап, оны да өз алдына жинақ етіп шығарды.
Бар өмір жолы ізденіске, келер ұрпаққа келелі тәрбие берудегі ұмтылысқа толы ардагерлеріміздің бірі, 70-80 жылдары прокуратураға келген Алдияров Шындәулет Аймақұлының өмірбаяндық деректерінде кімді болса да елең еткізетін мынадай дерексөз бар екен. Шындаулет ағамыз өз өмірбаянын айтқанда көбінесе осы бір сәттен бастайтыны да содан болса керек: «Менің есімнен кетпейтін бір нәрсе, атамыз би кісі екен, әкем соғысқа жүріп бара жатқанда қабырғасы қайысып тұрса да: «Азамат жауға жылап аттанбас болар, тағдыр жазса көрерміз, ажал келсе өлерміз. Жолың болсын, аман қауышайық»,- деп, бұрылып жүре беріпті. Қазақ халқының жаугершілік заманын бастан көп кешірген бабамыздың осы сөзі ұрпағымызды батырлыққа баулитын ұранға айналғандай, белі бүгілгендерге дем, рухы түскендерге ем болып көпке дейін ел аузынан түспей қойған көрінеді». Ұлы Отан соғысына қатысып, туған жер үшін, ел үшін құрбан болғандардың арасында Шындәулет Алдияровтың әкесі де қайтпас сапарға аттанды.
Аталған белгілі де биік тұлғалардың ізін басып, артындағы шырағын сөндірмеген Шындәулет ағамыз, әкесі соғысқа аттанғанда, бірінші сыныпта оқиды екен. Одан кейінгі оның бүкіл балалық шағы ересектерге қолғабысын тигізумен, жұмысқа жарамдылар майданға аттанған шаруашылықтарда, егіншілер мен малшыларға жәрдемдесумен өтеді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін алғашқы түлектерінің қатарында бітіріп шыққан ол, жолдамамен Қазақстанның ең шалғай өңірі Маңғыстау, Теңіз аудандарында халық тергеушісі, Ақтөбе облыстық, Батыс Қазақстан аймақтық прокуратураларының аға тергеушісі, облыстың Қобда, Қарғалы аудандарының прокуроры және ұзақ жылдар облыс прокурорының орынбасары болып, қадағалау органында 40 жылдан астам еңбек етеді.
Шындәулет Аймақұлы – Қазақстан Республикасының «Прокуратура құрметті қызметкері» атағын иеленген, сонымен қатар бұрынғы Одақтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көптеген марапаттаулары мен мадақтауларына әр жылдары лайықты болып отырған беделді заңгерлердің бірі. Заң саласында кәсіптік білгірлігімен ерте ауызға ілінген ол – заңды орынды да, әділ қолдана білуімен, оның мықты қорғанышына айналған прокурор. Оның есімі өзінің әріптестерінің арасында әркез құрметпен аталатын болса, әдісі мен тергеушілік талантын кейінгі ұрпақ үлгі-өнеге тұтатын, құрметті демалысқа шыққан соң, білікті адвокат ретінде де танылды. Шәкең заңды жете білуімен қатар, адам жанын терең зерттей білетін сезімталдығымен дараланып, ұзақ жылдар бойы әділдіктің ақ жолынан таймай, өзі баулыған көптеген шәкірттерінің өмірден өз орынын табуына, онымен қоймай заңгерлік мамандықтың мәртебесін көтеруге үлес қосып отырды.
Бұл орайда, Шындаулет Аймақұлының көп шәкірттерінің бірі- Шәйкенова Айсұлу Аманғалиқызының өз ұстазы туралы айтқан жүрек жарды сөздерін еске салсақ жеткілікті: «Ұзақ жылдар қиын да қызық тергеушілік жолдардан өткен ұстазымыз, өзі бастан кешірген тегеурінді кедергілер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, бойындағы өнегеліліктен, адамгершіліктен ауытқымай, бәрімізге биік болып қалған тұлға» деуінің өзі, оның еңбегіне берілген лайықты баға.
Прокуратура саласында өзіндік қол таңбасын, өзіндік ізденісін қалдырған, Ұлы Отан соғысының ардагері Үмбет Құсайынов бір естелігінде: «Прокуратураның аса бір күрделі саласы, тергеу жұмысы, өз ісін жетік білетін, жауапкершілігі мол азаматтың қолында деп есептейтінмін. Тергеу жұмысына жаңа келген жас мамандарды тәрбиелеп, өсіруде де Шындәулеттің еңбегі кеңінен байқалады, одан үлгі алған тергеушілердің біразы кейін прокурорлық лауазымға дейін өсті» деген жазба қалдырған.
Білікті заңгер зейнеткерлікке шықса да, заңдылықтың жаршысы, адам тағдырының арашасы ретіндегі еңбегін жалғастырып, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымнан аумады. Сонымен қатар ардагеріміздің аталық қасиеттерінің бірі – көсем сөз шебері. Оның жанына жақын көрген дос-жарандарына, қалжың көтеретін көңіл жақындарына табанда шығарып салған шумақтары ауыздан-ауызға тарап, сөз түсінетін зиялылардың талғамынан шығып жүргені де, оның сегіз қырлы бір сырлы жан екендігінің белгісіндей.
Осындай асқар таудай ардагер ағаларымыздың бірі және бірегейі Қалу Дәрібайұлы Жарылқасыновтың да өмір соқпақтары аталған әріптестерімен өте ұқсас. Қалу Дәрібайұлы да Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған соң, Ақтөбе қалалық прокуратурасына келіп халық тергеушілігі қызметінен еңбек жолын бастап, сатылап өсуімен бірқатар аудандарда прокурор, облыстық әділет, арбитраж мекемелерінің бірінші басшысы, Батыс Қазақстан көлік прокурорының орынбасары, тағы басқа көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарады.
Бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ардагер Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен берілген «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген заңгер» деген құрметті атақ пен қатар «Кеңестер Одағының құрметті теміржолшысы» деген дәрежені де иеленді.
Ел басына түскен ауыртпалықты бала кезінен сезініп, шыңдалып өскен, кейіннен, есейген шақта еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына өзінің зор үлесін қосып, бүгінде елі үшін төккен терінің жемісін көріп, үлкен құрметке ие болып жүргендер қатарында қадірменді ардагеріміз Гайсин Р.Ж. де бар.
Рашид Жангирович де Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген соң, 30 жылдан астам прокуратура органдарында қызмет атқарған, көбінесе тергеушілік, оның ішінде прокурор-криминалист, Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы қызметтерінде болған. Бұрынғы Одақтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көптеген марапаттаулары мен мадақтауларын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура құрметті қызметкері» атағын иеленген.
Бұл күнде, сонау сұрапыл соғысқа әкелерін аттандырып, өздері тыл майданына үлес қосып, сол қысылтаяң шақтарға қарамастан білім алып, қазақ елінің құқықтық сауатын, құқықтық мәдениетін көтеруде қыруар еңбек сіңірген аға буын өкілдері, ардагер ағаларымыз бір-бір отбасының отағасы атанып, балалы-шағалы, немер-шөберелі болып, бейбіт өмірдің шуағын сезінуде.
Ұлы Жеңістің 65-жылдығы мерекесімен осы ардагерлерімізді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сонымен қатар олардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі, одан кейінгі қалыптасу тұстарындағы, ерлікпен барабар еңбектерінің алдында басымызды иеміз.
Асылов Берік Ноғайұлы
Ақтөбе облысының прокуроры
Ақтөбе облысы. Маханбет-Али Еспанов: ер есімі – ел есінде
«Батыр деңдер батырды, шеп құрған жауға шапқанда. Төре деңдер төрені, ел тілегін тапқанда»,-деп Дулат шешен айтқандай, екінші дүниежүзілік соғыста батырлық танытып, елін қорғаған белгілі ардагеріміз Еспанов Маханбет-Али Еспанұлы бейбіт кезеңде Ақтөбе облысы Шалқар өңірінде асқан абыроймен қажырлы еңбек еткен.
Бәрімізге белгілі, екінші дүниежүзілік соғыс, 1939 жылы 1 қыркүйек күні фашистік Германияның Польша мемлекетіне тұтқиылдан шабуыл жасау кезінен басталып, оның соңғы нүктесі, 1945 жылдың 2 қыркүйек күні, Қиыр Шығыста Жапон басқыншыларының түпкілікті жеңілу кезімен аяқталған.
Еспанов Маханбет-Али Еспанұлы 1943-1945 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында милитаристік Жапониямен болған соғысқа қатынасып, кейін, 1950 жылға дейін, сол өңір шекарасында бейбіт өмір мен тыныштықтың сақталуына зор үлесін қосқан.
Ардагеріміз, 1943 жылы Жапон армиясы мен Қызыл Армияның арасында ашық соғыс басталмай тұрып, тек олардың Кеңес Одағының жеріне арандату әрекеттері орын алған кездерінде, Қазақстандық жауынгер бауырлары Райымбаев Көмек, Ізбасов Жолаушы, Сәрсенбаев Ұзақ, Жолмаханов Жұмабайлармен бірге, саяси жетекші Смирновқа, өздерін сұрапыл соғыс жүріп жатырған «Батыс майданға» дереу өз еріктерімен жіберуін сұрап, арызданған. Алайда, сол кезде Забайкалье майданының қолбасшысы, оларға өлімнен тайынбайтын миллиондаған әскерден құралған, техникалық жағынан өте жетік және басым Жапондық Квантун армиясын Қиыр Шығыста тырп еткізбей, Кеңес Одағы аймағына бір қадам бастыртпай ұстап тұруы қажеттігін, Батыс майданда Қызыл Армияның фашистік Германияны талқандауда үлкен үлес қосатынын түсіндірген.
1945 жылдың жаз айында, Қиыр Шығыста, Еспанов Маханбет-Али қызмет еткен батальон, 94-ші атқыштар дивизиясының 9-шы полкының құрамында генерал-майор Замахаевтың басқаруымен милитаристік Жапониямен тікелей соғысқа кіріскен. Сол кезде ағамызбен бірге қызмет еткен 20.000 жауынгердің ұрыс аяғында тек 6000-ға жуығы аман қалып, өз алдарына қойған тапсырмаларын орындап, миллиондаған жауға тойтарыс берген. Бұдан жапон самурайларының Қызыл Армияға қатты қарсылық көрсеткені байқалады. Осы соғыста көрсеткен ерлігі үшін ардагеріміз Бас қолбасшының атынан тікелей алғыс алған және Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен табандылығы, батырлығы үшін «Ұлы Отан соғысы» 2-ші дәрежелі орденімен, “Соғыс кезіндегі сіңірген еңбегі үшін», «Жапониямен соғыстағы жеңіс үшін» т.б. медальдармен марапатталған.
1950 жылы Еспанов Маханбет-Али Қызыл Армия қатарынан елге оралып, 1952 жылы Алматының заң мектебін үздік және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін сырттай тәмамдаған. Еңбек жолын 1952 жылы Ақтөбе облысы Родников аудандық прокуратурасында «тергеуші» қызметінен бастаған ол, 1985 жылы зейнеткерлікке шыққанша Ақтөбе облысының прокуратура органдарында еңбек еткен. Атап айтсақ, 1955 жылы Мәртөк аудандық прокуратурасында-тергеуші, 1961 жылы Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға тергеушісі болып тағайындалады және осы жылы Ленинград қаласындағы прокуратура тергеушілерінің білімін жетілдіру екі айлық курсын тәмамдап, КСРО Прокурорының 29.06.1961 жылғы № 323-Л бұйрығымен үздік оқуы үшін бірінші кластық заңгер шені беріледі, осы жылы желтоқсан айында бойында күш жігері тасыған жас тергеуші қызмет сатысында жоғарылатылып, Ақтөбе облысы Новоресей ауданының прокуроры етіп тағайындалады. Осы жұмыста Маханбет-Али Еспанұлы он екі жылы бойы табысты еңбек етеді. Ардагеріміздің жемісті еңбегі туралы мынадай жетістіктерінен көруге болады: 1972 жылдың 15 наурызында ҚазКСР Бас Прокуроры Ө.С.Сейітов, Ақтөбе облысы Новоресей ауданының прокуроры М.Е.Еспановтың жалпы бақылау жөніндегі ұзақ жылдардағы еңбек тәжірибесі туралы республика бойынша облыстық және аудандық барлық прокурорларына № 1/н 25 – 72 ақпараттық хат таратады. Хатта М.Еспановтың іс-тәжірибесін түбегейлі оқып-зерттеп, қызметтік лауазымдағы тұлғалардың және азаматтардың заңды қатаң сақтауын бақылау ісінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету ұсынылады.
КСРО-ның Бас Прокуроры Р.А.Руденконың 1972 жылғы 27 сәуірдегі № 45-а бұйрығымен өзінің қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, социалистік заңдылықтарды сақтау және қылмыспен күрес жолындағы қол жеткен табыстары үшін Ақтөбе облысы Новоресей ауданының прокуроры М.Еспановқа әділет кеңесшісі кластық шені беріледі. 1973 және 1978 жылдары Мәртөк ауданының прокуроры болып еңбек етеді. КСРО-ның Бас Прокуроры 1975 жылғы 4 сәуірдегі № 60-а бұйрығымен М.Еспановқа аға әділет кеңесшісі кластық шені беріледі. 1978-1985 жылдары, зейнеткерлікке шыққанша, Шалқар ауданының прокуроры болып қажірлі еңбек еткен.
Соғыстан кейін де ардагер ағамыз Еспанов Маханбет-Али Еспанұлы Отан алдындағы борышын адал атқарып, елімізде заңдылықтың сақталуыүшін абыроймен еңбек етіп, КСРО-ның Жоғарғы Қолбасшысының алғысымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және т.б медальдармен, КСРО-ның Бас Прокурорының Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
Еспанов Маханбет-Али Еспанұлы - көкірегі сәулелі, саналы азамат, сан ғасырлар бойына белдесіп жеңісе алмай келе жатқан мансапқорлық, бақталастық, күндестік, көре алмаушылық, іштарлық, немқұрайдылық секілді мінездерден әруақыт бойын таза ұстауға, адал жүруге ұмтылған азаматтардың бірі.
Осындай өмірлік тәжірибесімен артына мол ұлағат қалдырған батыр ардагеріміздің аты мәңгі есімізде болады. Мұндай адамның өмір жолынан өнеге алған ұрпақтың егеменді еліміздің қасиетті көк байрағын нық және жоғары ұстайтыны белгілі.
Шалқар ауданы прокуроры
әділет кеңесшісі
А.А.Айтбаев

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-

Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету