Ұлы Отан соғысының оқиғалары жылдан жылға алыстап, жас ұрпаққа жай тарих болып қалуда. Өзіміз куә болып отырғандай 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары қазіргі жастар үшін ұмытылып барады, өйткені қанды майдан жылдары өмірінің бір бөлігіне айналып, Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгері ретінде шынайы тарихтан сыр шертетін соғыс ардагерлері қазіргі таңда жоқтың қасы.Ұлы Отан соғысы бұрынғы кеңес социолистік республикалар одағының ортақ тарихының бір бөлігі. Әлбетте, сол оқиғалар мен майдан қайраткерлері әлі де ХХІ ғасыр ұрпағының қартайған бұқарасының есінде ерекше орынға ие.
Кеңес әскерлері мен офицерлері фашизмді жеңген күннен бері міне 65 жыл өткенімен, жау шабуылынан қорықпай өз отаны үшін қанды майданға аттанғандарды біз мақтанышпен мәңгі еске алатын боламыз.
Бұл тарихтың ерекше өкілдері. Сол қатал да қатыгез уақыт оларға Отан үшін жанын құрбан етіп, адал қызмет етуді үйретті. Олар бар өшпенділіктерін сол фашистермен күрес майданында қалдырғандай.
Бұл мақала Батыс аймақтық көлік прокуратурасының ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушы – Гончаров Юрий Петровичке арналмақ. Біз кеңес әскерлері мен офицерлерінің қаны мен терінен жазылған соғыс тарихының кейбір парақтарын жылылықпен есте сақтағымыз келеді.
Юрий Петрович 25 қаңтар 1925 жылы Семей облысында көп балалы, жай шаруа отбасында дүниеге келген. Үйінің үлкені болғандықтан ол жастайынан үй шаруасында ата-анасына көмектесіп, үш інісінің тәрбиесіне ат салысқан.
1930 жылы ол отбасымен Алматы қаласына қоныс аударады. 1943 жылы 18 жасында мектеп партасынан оны Қарулы күштер қатарына алып кетеді. 1944 жылы Подольск артиллериялық училище жанындағы қысқа мерзімді офицерлік курсты тәмамдағаннан кейін лейтенант атағын иемденіп взвод командирі болып майданға аттанады.
Не бары 19 жаста болғанымен Гончаров құрдастарының арасында салмақты ересектеу болып көрінді, майдандағы әскерлерге інілеріндей жылылықпен, адамгершілікпен қарады.
4-інші Украиналық, 1-інші Прибалтикалық және 3-інші Белорустік шайқастарға қатысып, батырлық пен ержүректік танытты. Түрлі ерліктері үшін Юрий Петрович Отан соғысының 2-нші дәрежелі, Қызыл знамя, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталып, «Ержүректігі мен батырлығы үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және т.б. көптеген медалдарға ие болды.
1945 жылы 3-інші Беларустік майданындағы ең соңғы әрі ең ауыр шайқаста Гончаров бірнеше жарқыншақты жарақат алып, бетін күйік шалып, нәтижесінде ауыр халде ауруханаға жеткізіледі. Үйіне тек 1946 жылдың маусым айында оралады.
Соғыстан кейін Юрий Петровичтің ең адал және жауапты мамандықты таңдауы да бекер емес. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік заң институтын тәмамдағаннан кейін 1954 жылға дейін КСРО Сахалин облысының Красногорск қаласы прокуратурасының тергеушісі болып тағайындалды.
1954-1985 жылдар аралығында 30 жылдан астам уақыт бойы ол ҚазСРО прокуратурасы органдарында түрлі жетекші лауазымдарды атқарды. Оның еңбектегі жетістіктері ҚазСРО-ның Үкімет мадақтарымен және көптеген грмоталармен марапатталып, облыстық прокуратуралар мен КСРО Бас прокуратурасының басшылары атынан бағалы сыйлықтарға ие болды. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Ол көлік прокуратурасының құрылуына ерекше ат салысты. 1980 жылы Қазақстан Республикасында облыстық прокуратураларға теңестірілген Алматы, Целиналық және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары құрылды. 1981 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан көлік прокуратурасының Аппараты қалыптастырылып, Юрий Петрович прокурордың аға көмекшісі лауазымына тағайындалды. Сол кезде ол Ұлы Отан Соғысының жалғыз ардагері болатын.
Оның мінезі қарапайымдылықпен, адамгершілікпен және адалдықпен ерекшеленді, сондықтан ол ешқашан өзі туралы сыр шертпейтін, бірақ Жеңіс Күні және Кеңес армиясы күндері жұмысқа киіп келетін жауынгерлік ордендері мен медалдары аталмыш ерекше тұлғаның ұлы ерлігін дәлелдейтін.
1985 жылы Батыс Қазақстан көлік прокуратурасының ұжымы осы ұлы адамның 60 жылдық мерей тойын атап өтіп, оны зейнеткерлікке шығарып салды.
14 қаңтар 1988 жылы Юрий Петрович жүрек ауруынан дүние салды.
Бірге өткізген 37 жыл ішінде оның жұбайы Вера Кузминична Гончарова оған аяулы жар адал дос бола білді. Зайыбының арқасында ол бақытты да жарқын өмір сүріп, қызы Ирина мен ұлы Михаилды бірге тәрбиелеп өсірді.
Вера Кузминична Юрий Петровичпен 1950 жылы Алматы қаласының Қарағай паркіндегі би кешінде кездейсоқ танысқан сәттерін жылы шыраймен еске алады, ол кезде Вера Кузминична Алматы мемлекеттік шет тілдер институтында оқып жатқан болатын.
1951 жылы институтты біліргеннен кейін Юрий Петрович Вера Кузминичнаның ата-анасынан оның қолын сұрау үшін Алматыдан Ақтөбе қаласына келеді. Ол ата-анасына алғаш сәттен бастап-ақ адал да құрметті адам ретінде ұмытылмас әсер қалдырды. Ата-анасының ақ батасын алысымен олар үйленіп, Сахалин облысының Красногорск қаласына кетеді.
Юрий Петрович өмірінің соңына дейін қарапайым, ашық, адамгершілігі мол, байыпты мінезімен ұнайтын. Юрий Петрович жұмыстан бос уақытында спортпен шұғылданатын, суреттік кесте тігумен, сурет салумен айналысып, кітап пен өлең оқығанды өте жақсы көретін – деп еске алады Вера Кузминична. Мен осындай ұлы адаммен жолықтырған тағдырыма ризамын.
1928 жылы дүниеге келген Вера Кузминична өзі 40 жылдық тынымсыз ұстаздық қызметінен кейін лайықты демалысына шығып, қазіргі таңда ұлы Михаилдың қолында немересінің қызығына бөленуде.
Батыс аймақтық көлік прокуратурасының ұжымы үшін Вера Кузминична әрқашан қадірлі қонақ және тәлімгер болып қалмақ. Ол прокуратура ұжымының түрлі шараларына белсенді қатысып, прокуратураның жас қыметкерлерімен кездесуге шақыру ұсыныстарына қуана келіседі, оларға Юрий Петровичтің соғыс пен еңбектегі жетістіктері және оның майдандық достары мен әріптестері туралы әңгімелейді. Осылайша, Вера Куминична жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеп, біздің бақытымыз бен бейбітшілігіміз үшін жанын аямай, өмірін құрбан еткендер есімдерінің тарих парақтарында мәңгі сақталуы үшін өз үлесін қосуда.
Адамға бағынбайтын жалғыз ғана нәрсе – ол уақыт, оның қарқынды ағысын тоқтату мүмкін емес, тек тарих қана сол кездерді оралтып, қазір арамыздан дүние салғандарды еске түсіреді.
Ұлы күндер мен ұлы адамдар тарихта қалмақ, бірақ аталмыш оқиғаларды есте сақтап, осы мәдени әрі рухани мұраларды жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.
С.Кемалов
Батыс аймақтық көлік
прокуроры
аға әділет кеңесшісі







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






