Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ұлы Отан Соғысында Еліміздің тәуелсіздігін қорғап, Ұлы Жеңісті өз қолдарымен жасап, елге аман есен оралып, мемлекетіміздің прокуратура органдарында ұзақ жылдар еңбек еткен Шынтасов Ойшы, Көшеков Құдайберген, Неспаев Кәрім, Бүркітбаев Минавар, Кенжебеков Терлікбай, Конотоп Виктор, Тұрсынов Бариян, Сыдыков Асанбек, Мұқатаев Қалкеш, Сурайкин Лев, Сауранбаев Оспан, Қалқабаев Шойбек, Аққұлиев Мақаш, Лопатин Иван, Керімбаев Сапарбек аталарын Жамбыл облысының прокуратура қызметкерлері мақтан тұтады.
Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, көрнекті жазушы, Кеңестер Одағының батыры ерлігі әлемге әйгілі қазақтың айбынды ұлы Жамбыл облысының тумасы Бауыржан Момышұлының 1930-1932 жылдары прокурордың көмекшісі, аудан прокуроры қызметтерін атқарғанын жұрттың бәрі біле бермейді.
Аталған абзал азаматтарды құрмет тұту, есте ұстау және бүгінгі жас буынға үлгі ету мақсатында Жамбыл облыстық прокуратурасының мұражайында «Ер есімі – ел есінде» атты стенд ашылды.



Артқа