Павлодар облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін Мүсенов Хамидулла Рақышұлының аты аңызға айналған, оның омырауында 16 орден мен медаль жарқырайды. Ол майданда 1418 күн болды – Маннергейм қорғаныс шебінен өтуге, Ленинград блокадасынан шығуға, Таллин, Рига, Варшава, Познань мен Помераньды босатуға қатысты.
Мүсенов барлауға бір емес бірнеше рет барды, өйткені барлау ротасының штабында жұмыс істеді, ол барлау құрамында Берлинге дейін жетті. Соғыс басталғаннан бері, бір айдан кейін жарақат алып, госпитальға түсті, 4 жыл ішінде ол 3 рет жарақат алды, ол жеңістің аяғына дейін жетті, Берлинді алуға қатысты және Рейхстагтың басына Жеңіс туын тіккеннің куәсі болды.
Хамидулла Рақышұлы былай деп еске алады: «соңғы жылдары Ұлы Отан соғысы туралы қарама-қайшы пікірлер пайда болды. Мен бұл от-жалында болдым, сондықтан біздің командование ішкі резервті жұмылдырғанын айта аламын, 5-6 аптаға есептелген, кенеттен жаулап алудың соғыс жоспарын, «блицкригті» бұзды, ал 1941 жылдың күзінен бастап Гитлер армиясын ірі жаулап алу операцияларын жүргізуге қабілетсіз етті».
Соғыстан кейін Хамидулла Рақышұлы Мүсенов прокуратура органдарында 40 жыл жұмыс істеді, 1946 жылдың тамыз айынан бастап 1986 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарды, бүкіл облысқа белгілі. Павлодар, Ақсу қалаларында, Баянауыл, Ақтоғай, Железинка аудандарында, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Булаев, Ленин аудандарында прокурор болды. Қазір де, ол біздің жиналыстарда сөйлегенде, бұрынғы прокурор сөйлеп тұрғаны көрінеді, оның сөзі нық, анық, тек қана мән-жайы бойынша қатал сөйлейді.
Біз ардагер-прокурорларымызды мақтаныш етуіміз керек, олар өз өмірінің бір бөлігін ұрпақтарының бейбіт өмір сүруіне қиды.
2009 жылдың 16 желтоқсанында ол 90 жасқа толды. ҚР БП оған бағалы сыйлық тапсырды.

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-

Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету