Қымбатты ханымдар!
Сіздерді көктемнің нұрлы мерекесі – 8-ші наурыз – «Халықаралық әйелдер» мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде ұлан-ғайыр жетістіктерге қол жеткізсе, сол толағай табыстардың әрқайсысында нәзік жанды ару-аналардың орасан үлесі бар.
Әйел – әр отбасының жан-жылуы. Ол – аналық мейірім мен шынайы махаббаттың бастауы. Ал қоғам өмірінде әйелдер –еліміздің қарыштап алға басуының қозғаушы күші, саяси процестердің белсенді жүргізушілері. Бүгінде әйелдердің көпшілігі ел билігінде, жоғары лауазымды, жауапкершілікті талап ететін қызметтерді ер азаматтармен тең-терезелі атқарып отырғаны өркениет жолымен өрге басқан еліміз үшін зор мақтаныш.
Елімізде де әйелдердің қорғалуына және олардың өмір сүру деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлінеді. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланың денсаулығын одан әрі күшейту, оларға жақсы жағдай жасау бойынша қабылданып отырған шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
Еліміз жүргізіліп отырған гендерлік саясат шеңберінде әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ететін заңдар қабылданды.
Жанға жылу, көңілге нұр құятын көктемнің шуақты мерекесінде ұзақ жылдар бойы елімізге мінсіз қызмет етіп, адалдық пен табандылықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерге ерекше алғысымды білдіргім келеді және прокуратура жүйесінде, өзге де құқық қорғау және сот органдарында еңбек етіп жүрген аяулы аруларымыздың ерен еңбектеріне жеміс тілеймін!
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сіздерге шынайы ризашылық сезімімді білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, көктемдей көркем сұлулық, таусылмас күш-қуат тілеймін!
Отбасыларыңыз сүйіспеншілікке, көктемнің шырайлы шуағындай қуанышқа толы болсын.
Табиғат-Ана жаңарып, жасарып, жаңа түрге енетін көктеммен бірге келген сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қайрат Мәми







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






