Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл


   Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.

   1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат.  

   Осы іргелі ережелер Қазақстан Конституциясының негізін қалады, еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады.

   Кәзіргі уақытта Қазақстан Республикасы кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды.

   Екі палаталы парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды.

   Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүние жүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әр жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.

   Бүгінгі күні Қазақстан Халықаралық алаңда танымал деп сенімді түрде айта аламыз.    

Президенттің Қазақстан халқына арнаған жарқын және есте қаларлық алғашқы жолдауы 1997 жылдың күз айында жасалды. Экономикалық күшімізді нығайту процесі сол жолдаудан басталды. Бұл «Қазақстан-2030», еліміздің өркендеуінің ұзақ мерзімді стратегиясы.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық, ұйымдастырушылық және басқа да шараларымен жүзеге асуы тиіс құқықтық идеялары мен принциптерін одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің  2009 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды.

   Тұжырымдамаға сәйкес, құқыққорғау органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін құқық тәртібі органдарын нығайту, олардың жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру ғана емес, сонымен қатар кадр саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен тәртібіне талапты күшейту қажет. Еліміздің құқыққорғау жүйесінің ұйытқысы прокуратура органдары болып табылады, деп нақтыланды.

   Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, 2010 жылдың тамыз айының 17 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқыққорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, Елбасы құқыққорғау жүйесін дамыту және халықаралық тәжірбиемен Қазақстандық жағдайды ескере отырып құқыққорғау органдарын жаңғыртудың негізгі бағыттарын пысықтады.

   Яғни, құқыққорғау органдары мен сот жүйесін реформалаудың бірден-бір мақсаты мен шешуші мәселесінің бірі құқыққорғау органдарының құзыретін айқын шектеу, және оларды сай емес қызметтерден босату, қылмыстық істерді тергеу жүйесін оңтайландыру, құқыққорғау органдарының тиімділігін арттыру, қызметтерінің қайталануымен бір-бірімен астасуын жойып, белгілі бір салаға біріктіру болып табылады .

   Елбасымен прокуратура органдарына құқыққорғау қызметіне қатысты үйлестіруші функциясын күшейту, прокурорға қылмыстық қудалаудың заңдылығын, оның ішінде қылмыстық істің қозғалуын қадағалау жөнінде қосымша міндеттер жүктеу арқылы оның сотқа дейінгі іс жүргізуде рөлі мен жауапкершілігін арттыру міндеті тапсырылды.

   Біздің міндетіміз – жасымызға, ұлтымызға, саяси, діни және идеологиялық танымымызға, атқаратын қызметімізге қарамастан, заң қағидаларынан ауытқымай, нормаларын бұлжытпай орындау. Бұл – Қазақстанның гүлденуі мен игілігін еселеу жолындағы табысымыздың кепілі. 

 

Жаңаөзен қаласы

прокурорының көмекшісі                                                        

Гүлмира Сүйінішалиева

Артқа