Мақала №6
Прокуратура қызметкерлерінің мерекесі
Желтоқсанның 6-ы күні Қызылорда облыстық прокуратурасының конференц залында Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының 20 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Бұл жиынға облыс әкімі Болатбек Қуандықов, қала әкімі Мархабат Жайымбетов, облысымыздағы құқық қорғау органдары басшылары, прокуратура ардагерлері, Қызылорда көлік прокуратурасы, Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, облыс прокуроры аға әділет кеңесшісі Бейбітбек Есенбеков мерекеге байланысты құттықтау сөзін сөйледі.
Прокуратураның 20 жылдық мерекесіне байланысты облыс әкімі Болатбек Қуандықов прокуратура қызметкерлерін мерейтойымен құттықтап, облыс прокурорының аға көмекшісі Қосымбаева Жанат Ораққызын, облыс прокурорының көмекшісі Аманов Талғат Темірғалиұлын және Шиелі ауданы прокурорының орынбасары Қожахметов Хамит Мұнарбайұлын «Алғыс» хаттарымен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 01 желтоқсан 2011 жылғы № 217/6 бұйрығымен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай, аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртібінің нығаюына елеулі үлес қосқандығы ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына 20 жыл» мерекелік медалімен Қызылорда облысының әкімі Қуандықов Болатбек Баянұлы марапатталды.
Сол сияқты, Бас Прокурордың «Мадақтау ретінде сыныптық шендер және әскери атақтар беру туралы» 02 желтоқсан 2011 жылғы № 63а бұйрығымен прокуратураның 20 жылдығына орай, қызметтік міндеттерін үлгілі орындау барысында прокуратура органдарына елеулі үлес қосып, қызметтерінде жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігі үшін мадақтау ретінде кезектен тыс аға әділет кеңесшісі сыныптық шені облыс прокурорының орынбасары Қ.Әбдіхановқа, мадақтау ретінде атқарылып отырған қызметіне сәйкес сыныптық шенінен бір саты жоғары аға әділет кеңесшісі сыныптық шені облыстық прокуратураның басқарма бастығы Х.Жұмағұловаға берілді.
Осы жиын барысында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 10 қарашасындағы №172 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен облыс прокуроры Есенбеков Бейбітбек Тұрсынбекұлы, облыс прокурорының орынбасарлары Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы, Әбдіханов Қайрат Алиханұлы, облыстық прокуратура Аппарат басшысы, Шотаев Серік Есіркепұлы, облыс прокурорының аға көмекшілері Медешов Рахат Боқанбайұлы, Қиязова Фатима Қамзақызы, Махшатов Исабек Бахытжанұлы, облыстық прокуратура басқарма бастығы Абдуллаев Әбдікәрім Алиасқарұлы, басқарма аға прокуроры Көмекбаев Ондасын Есболұлы, Қармақшы ауданының прокуроры Сариев Балтабай Құланбайұлы, Арал ауданының прокуроры Елшібеков Бақытбек Есенгелдіұлы, Шиелі ауданының прокуроры Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы марапатталды.
Прокуратураның 20 жылдығы мерекесіне орай Қызылорда көлік прокуратурасы бойынша көлік прокуратурасының маманы Сеилханова Гүлнәр Кежебекқызы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Басқармасының Қызылорда көлік аймағы бойынша аға прокуроры Ердаулетов Кенжебек Ізетұлы, сондай-ақ, Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы бойынша әскери прокурордың аға көмекшісі Рүстембаев Әлиярхан Қандыбайұлы, әскери прокурордың көмекшісі Амандықов Бақытбек Сүлейменұлы марапатталды.
Әрі қарай прокуратура күні мерекесіне орай түсірілген прокурорлардың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары жайлы бейнесюжет көрсетілді.
Айтулы мерекеге орай облыстық прокуратураның Аппарат Басшысы С.Шотаев баяндама жасаса, облыс прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі Р.Медешов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және облыс прокурорының бұйрықтарын жариялады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 01 желтоқсан 2011 жылғы № 219/6 бұйрығымен облыс прокуроры Б.Есенбеков, облыс прокурорының орынбасарлары Н.Мақұлбеков, Қ.Әбдіханов, Аппарат Басшысы С.Шотаев, облыстық прокуратураның басқарма бастықтары Ә.Абдуллаев, Х.Жұмағұлова, Ж.Нұрашев, С.Файзуллаев, Қ.Ержанова, облыс прокурорының аға көмекшілері Ғ.Алмағанбетов, Ж.Асқаров, Ж.Бименов, Б.Қалдашбаев, Ф.Қиязова, И.Махшатов, Р.Медешов, С.Темірбекова, облыс прокурорларының көмекшілері Д.Әбіш, Е.Қожанов, облыстық прокуратураның басқарма аға прокурорлары С.Ахметов, Ә.Батырханов, О.Көмекбаев, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры М.Әлиева, Байқоңыр қаласының прокуроры А.Айбосынов, Қармақшы ауданының прокуроры Б.Сариев, Жалағаш ауданының прокуроры М.Досмағамбетов, Шиелі ауданының прокуроры И.Төлегенов, Жаңақорған ауданының прокуроры А.Кемалов, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары Е.Жоланов, Қармақшы ауданының прокурорының орынбасары М.Қазығұлов, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшілері Қ.Иманбаев, М.Махшат, Арал ауданы прокурорының көмекшісі С.Жетпісбаев «Қазақстан Республикасы Прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Прокуратураның 21 қызметкерлеріне облыс прокурорының 30.11.2011 жылғы «Мадақтау туралы» № 459/6 бұйрығына сәйкес алғыс жарияланып, кейбір қызметкерлердің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынды.
Сол сияқты, облыстық прокуратураның барлығы 88 қызметкерлеріне облыс прокурорының 25.11.2011 жылғы «Мадақтау туралы» № 450/6 бұйрығына сәйкес ақшалай сыйлық берілді.
Осы салтанатты жиынға ардагер Сейітов Иманғали, Алданазаров Қалхоз, Жаңабаев Балтабай, Жәниұлы Қосжан, Сыздықұлы Балтабек, Абдулов Марат, Боранбаев Батырбек, Асқарова Күлшара, Исаева Шырын, Төлеутаева Айғанша, Жиеншораева Айшолпан, Оқасова Орынтай, Ыдырысова Шәймкүл қатысты.
Ардагерлер атынан құттықтау сөзін прокуратураның құрметті ардагеріСеитов Иманғали Сейтұлы сөз алып, прокурорларға жүрек жарды тілектерін білдірді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 01 желтоқсан 2011 жылғы № 214/6 бұйрығымен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай, Сеитов Иманғали Сейтұлы «Прокуратура ардагері» медалімен наградталды.
Сондай-ақ, прокуратура органының ардагерлері И.Сеитов, М.Абдул, Қ.Алданазаров, К.Асқарова, Қ. Жаниұлы, Б.Жаңабаев, Ш.Исаева, А.Тұрғанбай, Б.Сыздықұлы «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына 20 жыл» мерекелік медалімен» наградталды.
Қызылорда облыстық прокуратурасы және Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасы органдарына жаңадан қызметке қабылданған жас мамандардың Ант беру рәсімі өткізіліп, Қармақшы аудандық прокурорының көмекшісі А.Базарбаев, Шиелі аудандық прокурорының көмекшісі А.Жаппасбаев, Жаңақорған аудандық прокурорының көмекшісі Р.Бекбаулов және Қызылорда гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Р.Снопов ант берді.
Осы мерекеге байланысты облыс прокурорының бұйрығымен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткізілген «Қызылорда облысы прокуратурасы органдарының жұмысын ең үздік жариялаушы» байқауы нәтижесі бойынша облыс прокурорының 02.12.2011 жылғы № 14/21 бұйрығын облыс прокурорының аға көмекшісі баспасөз-хатшысы С.Темірбекова жариялады.
Яғни, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы директорының орынбасары Ғалымжан Бәйімбет, қалалық «Қызылорда Қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің бағдарламалар директоры Болат Жұмабаев, «Қазақстан-РТРК» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының редакторы Ақерке Биятова, облыстық «Сыр дидары» газетінің тілшісі, меншік иесі Ағыбай Орынбаев, республикалық «Халық» газеті бас редакторының орынбасары Назерке Саниязова, республикалық «Караван» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Елібай Джикибаев, республикалық «Юридическая газета» басылымының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Игорь Корнилов, республикалық «ОКО» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі, қалалық «Час Пик» газетінің редакторы Валентина Жакибаева байқау «жеңімпазы» ретінде мадақтама қағазы және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ал, осы мақсатта өткізілген байқауға белсенді қатысқандығы үшін республикалық «Мегаполис» газетінің және «BNews.kz» ақпарат агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Наталья Динисоваға, аудандық «Қазалы» газетінің әдеби тілшісі Марат Көптілеуовке, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Шаhарбек Нұрсейітовке, аудандық қоғамдық саяси «Жалағаш Жаршысы» газетінің редакторы Ғазиза Әбділдаеваға «Алғыс» жарияланды.
Бүған қоса, Прокуратура органдарының 20 жылдығы мерекесіне байланысты облыстық прокуратура органдары қызметкерлері арасында өткізілген «Ең үздік мақала жариялаушы» байқауының қорытындысы жария етіліп, облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры С.Ахметов, Қармақшы ауданы прокуроры Б.Сариев, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары Б.Карбозов, Байқоңыр қаласы прокурорының аға көмекшісі Б.Бисенбаев, Арал ауданы прокурорының көмекшісі С.Жетпісбаев және Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі Р.Бекбаулов «жеңімпаз» деп танылып, оларға облыс прокурорының 02.12.2011 жылғы бұйрығымен «Алғыс» жарияланды.
Прокуратура күні мерекесіне байланысты облыстық прокуратура органдары қызметкерлерінің балаларының сурет көрмесі мен қол өнер көрмесі байқауы ұйымдастырылып, оның нәтижесін облыстық прокуратураның басқарма бастығы Х.Жұмағұлова жария етіп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Облыс прокуроры салтанатты жиын соңында тағы да прокуратура ардагерлерін, әріптестерді және қонақтарды прокуратураның 20 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтап, қиын да қастерлі міндеттерді орындауда әрдайым сәттіліктер, отбасыларына амандық, зор денсаулық және қуанышпен шаттыққа толы шуақты күндер тіледі.
Қызылорда облыстық прокуратурасының
баспасөз қызметі
Облыстық «Сыр бойы» газетінде ( 08.12.2011ж. №192) жарияланды
Мақала №7
Қос тойымыз қабат келді
1991 жылдың 16 желтоқсанында өз Тәуелсіздігін жариялаған жаңа Қазақстан әлем картасына Тәуелсіз ел ретінде енді.Содан бері 20 жылдың әрбірі тарихқа өзінің жаңа жаңалықтарымен жазылды. Жаңа Елтаңба, Ту, Әнұранға ие болдық.
Өткен екі онжылдық ішінде еліміз өркендеп, жылдан жылға әлеуметік жағдайымыз жақсарып, азаматтардың қауіпсіздігі және тұрақтылығы қамтамасыз етілді.
Прокурорлық қадағалаудың онан дамуы мен прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен тығыз байланысты Егемендік алған күннен бастау алады.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Республиканың Бас Прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарын жүйесі құрылды. Әрине, мұның бәрі қарқымдап дамып келе жатқан ел тәуелсіздігі мен егемендігінің аясында жүзеге асырылуда.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы прокуратурасының қалыптасуы мен дамуының тарихи мұрасын сақтап қалу мақсатында Республиканың Бас Прокурорының 25-ші ақпан 2004 жылғы №119 бұйрығымен 6-шы желтоқсан – Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының Күні мерекесі болып белгіленгендігін атап өткен жөн.
Еліміздің алға қойған бағыттарынан таймай, қойған мақсаттарына жету жолында барлық мемлекеттік мекемелер өз үлестерін қосуда.
Олардың ішінде прокуратура органдары.
Прокурорлық қызметтің негізгі мақсаты – заңның үстемдігін, заңдылықтың беркітігін, азаматтардың заң шығарушы және атқарушы билік органдарының мекеме мен ұйымдардың, қоғамдық және саяси ұйымдар мен қозғалыстардың әлеуметтік-экономикалық саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.
Прокуратура республиканың мемлекеттік билік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орнын еншілейді, Қазақстан Республикасындағы біріңғай мемлекеттік билік бұтақтарының үйлесімді жүмыс істеуіне ықпал етеді.
Республика аумағында Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Елбасының халық пен мемлекеттік биліктің бірлігінің кепілі, Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерін жүзеге асыруда құқықтық тетігі болып табылады.
Прокуратура заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, соңдай-ақ република Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін құқықтық акітлерге наразылық білдіреді.
Жинақтап айтқанда, прокуратура өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Мысалы, аудандық прокуратурамен ағымдағы жылдың есепті мерізімнде әлеуметтік-экономикалық саласы бойынша заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында 66 тексерулер жүргізіліп, 512 заң бұзушылық фактілері анықталып, заңдылықты бұзуды болдырмау туралы 95 ұсыныстар келтіріліп, мемлекеттік органдардың 17 заңсыз актілеріне наразалық келтіріліп, өзгертілсе, 55 заңды түсіндіру беріліп, 88 тұлға әкімшілік, 1 тұлға материалдық, 158 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокурорлық ықпал ету шараларымен 2076 азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 155 млн 717 мың 852 теңгеден астам қаржы өндірілді.
Қорытындылай келгенде, алдағы уақытта да аудан прокуратурасы органдары Елбасымен, Бас прокуратура, облыстық прокуратура басшылығымен қойылып отырған талаптарға сай азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бар күшін салып қызмет атқара бермек.
Егеменді еліміздің прокуратура органдары қызметкерлері өзінің сан-саналы қызметінде заңдылықтың сақталуына жауапкершіліктерін арттыруда.
Мемлекетіміздің басқа органдары арасынан өзіне лайықты орын алып, Конституция мен заң үстемдік ететін құқықтық мелекеттің қалыптасуына қосар үлесіміз ауқымды екендігін айта келе, барлық әріптестерімізді еліміздің Тәуелсіздігіміз бен қатар келген Қазақстан Республикасы прокуратура күнімен құттықтаймын.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы прокуроры
Исламбек Төлегенов
Шиелі аудандық «Шиелі Шұғыла» газетінде (29.11.2011 ж.№ 16-17) жарияланды
Мақала № 8
Тәуелсіздікпен бәрге өскен құрылым

Облыстық «Сыр дидары» газетінде (29.11.2011ж. №22) жарияланды
Мақала №9
Заңдылық жолындағы белестер
Қай кезенде, қандай уақытта болсын зансыздықпен тынымсыз күесіп, ел игілігі үшін қызмет жасап жүрген прокуратура органдарының тәуелсіз еліміздің дамуы мен адам құқығын қорғауда алар орны ерекше. Себебі тәуелсіздік, еркіндік сөзінің кепілі ос зандылықты қадағалаушылармен сабақтас. Бұл орайда заң бұзушылықты аңықтау мен болдырмауда, жоюда жоғары деңгейде жұмыс жасап келе жатқан қадағалау органының тәжірибесі де мол деп айта аламыз.
Өткен белестері мен тарихына үңілетін болсақ Қазақстан прокуратурасы сонау 1922 жылдың 13 шілдесіндегі 2-ші шақырылған Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясы шешімінен бастау алады. Сол кезде Әділет халық комиссариатының құрамына кіріп, мемлекеттік прокуратура болып құрылған мекеме Қазақ АССР-нің Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды... 1936 жылы 5 желтоқсанда Қазақ автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, Қазақстанның алғашқ Конституциясы қабылданды. Осы сәттен бастап құқық қорғау органдарының көшбасшысы ретінде жұмыс жасай бастаған Қазақ КСР-ның прокуратрасына тұнғыш прокуроры болып Сүлеймен Есқараев тағайындалды.
1937 жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығарып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокуратура органдарының құрамдас бөлігі болып, құзыры мен өкілеттігін айқындады. Сол кезенде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің қоғамдық және жеке меншік ұйымдардың іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар азаматтардың, тергеу, аңықтау органдары және т.б. органдардың қызметіне жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеттелді. Алайда, сол кездегі күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезені де болды. Солақай саясат, асыра сілтеудің салдарынан Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айыппен Н.Нұрмақов, Н.Ералин, С.Мәмбеев, Ж.Сәдуақасов, Б.Айтмағамбетов, Қ.Боранбаев, М.Атаниязов және С.Есқараевтар қуғын сүргінге түсіп, сібірге айдалды, атылды.
Сондай-ақ, 1942 жылдың тамыз айында прокуратура қызметкерлерінің тең жартысы отанын қорғау үшін Қарулы Куштер қатарына аттанды. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер неміс-фашист басқыншыларымен күресте өз өмірлерін майдан даласында қиып, қайтып оралмады. Соғыс соңғы жылдарда прокуратураның қызметкерлері халық шаруашылығын қалпына келтіруде белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күрес жүргізді.
Мемлекет дамуының барлық кезендерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндеттер әрбір азаматтың прокуроры өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы Қаулысымен Қазақ КСР-ның Бас прокурорына бағынатын біріңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. 1992 жылғы 17 қантарда Жоғарғы Кенесінің Қаулысымен «ҚР прокуратурасы туралы» Заң қабылданып, осы заңға сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, зандардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын орган болып белгіленді. Осы заң прокуратураның құқық, қорғау қызметінін жақсаруына оң әсерін тигізді. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы мен қоғамды демократиялаудың өріс алуы құқықтық жүйені қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап етті. Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен ҚР Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы, кейіңнен 20 қыркүйек 2002 жылғы Президент Жарлығымен Құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжаттарда прокуратура органдарымен реформалаудың негізгі қағидалары аңықталып, бекітілді.
Прокуратураның мәртебесі 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «ҚР прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, прокуратура органдарының өкілеттілігі мен міндеттері мемлекетіміздің дамуына негізделді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап, мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше орган ретінде мәртебесін белгілеп берді. Сойтіп, прокуратура республикамыздың мемлекеттік органдары жүйесіне өзінің конституциялық орны болып белгіленді.
Прокуратура Республика Президентіне ғана есеп беретін және ел аумағында заңдардың, ҚР Конституциясының, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл, әрі бір келкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын, адам мен азаматтын құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірден-бір орган болып дамыды.
Осы орайда айта кететін жәйт республика прокуратура органдарының шежіресінде Сыр өңірінінде прокуратурасының өзіндік қосқан үлесі бар. 1938 жылы Қызылорда облыс болып құрылғанда облыс прокуратурасына прокурор болып бірінші В.Ф.Ворожеев тағайындалды. Осы уақыт аралығында облыс прокуроры қызметінде Ж.Құттымұратов, Б.Тапалов, У.Қусаев, Х.Үйсінбаев, М.Әбділқадіров, Т.Ыбыраев, Т.Лұқпанов, М.Туткин, И.Сейітов, О.Боранбаев, С.Үмбеталиев, М.Қалиев, С.Еримбетов, Б.Асқаров, Қ.Төлегенов, З.Лақбаев, Ә.Кәрімдер қызмет атқарып, облыс аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға өз үлестерін қосып, айтулы еңбек сіңірді деп айта аламыз. Сондай-ақ, Қай кезенде де прокуратураның мәртебесін көтеріп, беделін биіктеткен, жас мамандардың кәсіби шеберлігін шындап, заңгерлік мамандықтың қыр-сырына , адалдық пен парасатқа үйреткен есімі ел есінде қалған тұлғаларды айту парыз. Олар: П.Абдрахманов, А.Сапарбеков, Д.Саулебеков, Ж.Өтемұратов, А.Байбазаров, Ә.Кенжеғараев, Ә.Әбілдаев, Б.Қосмаханов, Қ.Оспанов, Ж.Аппазов, Қ.Пірімжанов, С.Қарамановтар т.б. ардагерлеріміз бүгінде өмірде жоқ болса да олардың қалдырған ізі сайрап жатыр. Сондай-ақ, үш облысқа прокурор болған, арамызда жүрген Иманғали Сейтов секілді ардагерлеріміздің, солардың қатарында үлкен лауазымды қызметте болмаса да қарапайымдылығымен, еңбекерлігімен танылған Ш.Ідірісова апамыздың өнегелі әнгімесін тындау жас мамандар үшін үлкен өмір мектебі.
Мінекей бүгінде ел ішінде заңдылықты нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған прокуратура саласының тарихы осындай өнегелі де, өрелі істермен сабақтасып келеді және осындай абыройлы бедерімен әліде талай асуларды алып, тек халық үшін қызмет ете беретініне сенеміз.
Осы орайда алда келе жатқан 6-шы желтоқсан- ҚР прокуратура органдарының мерекесі күні қарсаңында барлық әріптестерімді айтулы 20 жылдық мерекесімен құттықтап, қызметтеріне жеміс тілеймін.
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданының прокуроры
кіші әділет кеңесшісі
Балтабай Сариев

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-

Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету