Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының 2011 жылғы халықаралық іс-шараларының хроникасы
12-13 қаңтарда Минск қаласында ҚР БП халықаралық ынтымақтастық Департаменті басқармасының аға прокуроры Рысқұлов Д.А. қатысқан есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін тапсыру тәртібі туралы ТМД Келісімінің жобасын пысықтау бойынша мамандардың мәжілісі өтті.
14-27 қаңтарда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Академиясының басқарушы кадрларының біліктілігін арттыру Институтында әлеуметтік салада заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын Ресей Федерациясы субъектілерінің және Қазақстан Республикасы облыстарының прокуратураларының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазақстанның прокуратура органдарынан Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Дюсембеков А. Н., Алматы облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Косбаев Н. Е., Павлодар облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Мукашев А. А., Жамбыл облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Сейлханов Б. С., Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Ергешов Б. Ш., Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Мнайдаров Б. С., Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Нуртазин А. К., Маңғыстау облыстық прокурорының аға көмекшісі Сандыбаев И. И., Атырау облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ермеков М. К., Ақтөбе облысының Хромтау аудандық прокурорының аға көмекшісі Уразтаев Р. С. біліктілігін арттырды.
3 ақпандаБас Прокурордың Бірінші орынбасары И. Д. Меркель мен Еуропалық Кеңестің Қазақстандағы Өкілдігінің елшісі Норбер Жустен мырзаның кездесуі өтті, кездесу барысында Бас прокуратура мен Еуропалық Кеңестің құқық саласындағы ынтымақтастығы мен Қазақстанда сот реформаларын өткізуге ҚР БП –ның қатысу мүмкіндігі талқыға салынды.
16-17 ақпанда Ашхабад қаласында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Секишев А. А. қатысқан, «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот әділдігі жүйесінің реформалары» тақырыбына балаларды қорғау бойынша Түркменстанның Мәжілісі мен ЮНИСЕФ ұйымдастырған Үшінші Орта-Азиялық форум өтті.
19-20 қаңтарда Минск қаласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде терроризммен күресті жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ынтымақтастығы мен материалдық-техникалық қамсыздандыру туралы Келісім жобасын пысықтау мен келісу бойынша мамандар тобының мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚР БП қоғамдық бірлестік тердің қызметіндегі заңдылықты қадағалау бойынша бөлім бастығы Т. А. Алибаев қатысты.
26 ақпан-5 наурызда Германия құқық қорғау органдарының электрондық тыңдауды қолдану тәжірибесін зерттеу үшін ҚР Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша Департаментінің қызметкерлерінің Штуттгарт қаласына (Германия) іссапары болды. Оқыту курстарына: жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша Департаменттің бөлім бастығы А. А. Ордабаев, ҚР Бас прокурорының көмекшісі А. Ж. Жанысбаев, Оңтүстік-Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма бастығы К. М. Базарбаев, Шығыс-Қазақстан облыстық прокурорының көмекшісі Е. Н. Баденбаев, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Ш. К. Кожантаев және ҚР БП жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша Департаментінің аға прокуроры К. Ж. Амрин қатысты.
28 ақпан-3 наурызда ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Н. Б. Бекназаров қатысқан, «Судьялар мен прокурорлардың тәуелсіздігі: болашағы мен шақыртулар» тақырыбында Триест қаласында Еуропа Одағының Венециандық Комиссиясымен семинар ұйымдастырылды.
7-8 наурызда БҰҰ АҚК-нің 16-шы сессиясының аясында Қазақстан Республикасына қатысты жеткілікті тұрғылықты жер мәселесі бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы Р. Рольниктің есебі бойынша Женева қаласында интерактивті сессия өткізілді. Бас прокуратураның атынан Қазақстан делегациясының құрамында сессияға әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша Департаментінің бастығының орынбасары Ж. Б. Архарова қатысты.
9-11 наурызда Алматы қаласында «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және активтерді ұқайтаруда күштнрдің бірігуі» тақырыбындағы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өтті, конференцияға ҚР Бас прокуроры К. А. Мәми, ҚР Бас әскери прокуроры Е. С. Мерзадинов, Алматы қаласының прокуроры А. С. Естаев, халықаралық ынтымақтастық Департаментінің бастығының орынбасары Г. Т. Хуанова қатысты.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






