Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
2010 жылғы 3-ші тоқсандағы
халықаралық іс-шаралар хроникасы 

 

Шілде

 

  •        8 – 9 шілдеде Вена қ-да ҚР Бас Прокурорының орынбасары М.А.Жөргенбаевтың қатысуымен ЕҚЫҰ-дың заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес және прекурсорларды қадағалауды күшейту бойынша конференциясы ұйымдастырылды.  

     

  •        9 шілдеде Астана қ-да ҚР-дағы БҰҰ өкілдігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Г.Т.Қуанова және ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Ж.К.Сейдалинаның Нидерланд Корольдігінің Әділет министрлігі Сот жүйесі департаментінің аға кеңесшісі  Пим Альберспен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандық прокурорларға арналған оқу бағдарламаларын ұйымдастырудағы одан ары ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

     

  •        5 – 10 шілдеде Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ Foundation) қолдауымен Берлин қ-да Германия құқық қорғау органдарында 7 қазақстандық прокурорға арналған «Банк саласындағы қылмыс» тақырыбындағы оқыту тренингі ұйымдастырылды.

    Тренингке Арнайы прокурорлар департаментінің бастығы У.К.Патсаев., Алматы қ-ның прокуроры Ә.С.Естаев., ҚР Бас Прокурорының аға әділет кеңесшісінің тергеу және тергеу топтарын басқару жөніндегі аға көмекшісі М.Н.Әміренов., Бас прокуратураның Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау департаменті экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Ж.Б. Арқарова., Бас прокуратураның Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау департаментінің Қаржылық-несиелік саладағы заңдарды қадағалау жөніндегі бөлім прокуроры А.Е.Ластаев., Шығыс Қазақстан облысы прокурорының тергеу және тергеу топтарын басқару жөніндегі көмекшісі А.В.Черепанов және ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Экономикалық және қаржылық қылмысты ашу жөніндегі департаментінің бастығы Ұ.Е. Райысов қатысты.

     

  •        13 шілдеде ҚР Бас прокуратурасында Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркельдің  Женева қ-ғы БҰҰ БЖКБ штаб-квартирасының Халықаралық қорғау бөлімі директоры Волкер Тёрк мырза бастаған Босқындар жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары басқармасының делегациясымен кездесуі өтті. 

    Бас прокуратура атынан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С,Д,Досполов, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Г.Т.Қуанова, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті бастығының орынбасары Қ.С.Сейітғаппаров және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Экстрадиция және халықаралық құқықтық көмек басқармасы бастығы Ә.А.Нұрбеков қатысты.

     

  •        20 шілдеде ҚР Бас прокуратурасында Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Г.Т.Қуанова, Снежана Бокулик ханым, адам құқықтары жөніндегі бөлім жетекшісі, бастаған ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) делегациясымен кездесті.

    Кездесуде еңбек мигранттары және адам саудалаумен байланысты жағдайды, адам саудалау құрбандарына көмек көрсетудегі азаматтық қоғам ролін жақсырақ түсінуді қамтамасыз ету, еңбекке пайдалану  мақсатында адам саудалау құрбандарын анықтау мәселелері, адам саудалау құрбандарының құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізуі, сонымен қатар, адам саудалау құрбандары үшін қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігіне қол жеткізуді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардың одан арғы әрекеттері мәселелері қарастырылды.

    Бас прокуратурадан сонымен қатар 2-ші Департаменттің ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарындағы тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы Ж.Қ.Құсайынов, 8-ші Департаменттің Келісімдік-құқықтық жұмыс басқармасының аға прокуроры А.А.Пірімбетов, 1-ші Департаментінің Әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімнің аға прокуроры Г.К.Едігеев және 8-ші Департамент басқармасының аға прокуроры Т.Қ.Жолболдин қатысты.

     

  •        21 шілдеде Астана қ-да Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішевтің Ауғаныстан Ислам Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Енаятуллах Камальмырзамен кездесуі өтті. 

    Кездесу барысында тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты қатынастарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Енаятуллах Камаль ауған тарабының азаматтық, жанұялық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және қылмыскерлерді беру туралы екіжақты мемлекетаралық келісімдерге қол қою және өзара түсінушілік туралы ведомствоаралық меморандумға қол қою туралы ұсынысты қарастыруға мүдделілігін хабарлады.

    Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасынан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Д.Досполов және аға прокурор Т.Қ.Жолболдин қатысты.

     

  •        21 шілдеде Астана қ-да Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішевтің Пәкістан Ислам Республикасы Пенджаб провинциясының Бас прокуроры Сайед Захид Хуссейн Бохари мырзамен кездесуі өтті.

    Тараптар мемлекеттеріміздің арасында достық қарым-қатынастар, соның ішінде 1995 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы және Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы азаматтық, жанұялық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім негізінде қылмысқа қарсы күрес саласында, қалыптасқанын атап өтті.

    Сонымен қатар, қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қазақстандық тарап қазіргі таңда Қылмыскерлерді беру туралы мемлекетаралық келісім жобасын даярлап, жақын арада дипломатиялық арналар арқылы пәкістандық тарапқа қарастыруға жібереді.

    ҚР Бас прокуратурасынан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Д.Досполов және аға прокурор Т.Қ.Жолболдин қатысты.

     

  •        23 шілдеде Астана к-да Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Д.Досполов АҚШ Әділет департаментінің сот процестері жөніндегі аға прокуроры Бетси Бер ханыммен, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Орталық Азия бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі атташесі Кеннет Джоунс мырзамен кездесті.

    Қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Америка тарабы өзара ынтымақтастыққа қызығушылығын растады, себебі АҚШ-тың өзге елдермен, әсіресе Ұлыбритания, Балтық жағалауы елдерімен ірі қаржылық қылмыстарды анықтау, ашу бойынша және терроризмді қаржыландыру бойынша ынтымақтасудың тиімді тәжірибесі қалыптасты, сонымен қатар заңсыз аударылған активтерді қайтару бойынша жеткілікті тәжірибе жасалды.

    Бас прокуратурадан сонымен қатар Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Келісімдік-құқықтық басқармасы бастығы А.А.Нұрахметов және Департамент басқармасының аға прокуроры Т.Қ.Жолболдин қатысты.

     

     

    Тамыз

     

  •        31 шілде – 21 тамызда АҚШ-та (Вашингтон, Нью-Йорк, Ролли және Гарсиана, Сан-Диего қалалары) АҚШ Мемлекеттік департаменті «Халықаралық сапарлар» жобасы аясында тәжірибе алмасу бойынша «Халықаралық асырап алу» бағдарламасы ұйымдастырды. Бағдарламаға Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Т.А.Велиев және Астана қ-сы прокурорының бірінші орынбасары С.С.Қараманов қатысты.

     

  •        4 тамызда Астана қ-да Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығы С.Д.Досполовтың Босқындар істері жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) сарапшысыАджмал Хайбери мырзамен және кездесу аудармасын жүзеге асырған Астанадағы БҰҰ БЖКБ Өкілдігінің байланыстар жөніндегі ассистенті Руслан Қазкеновпен кездесуі өтті.

    Тараптар босқындарға көмек және қолдау көрсету, оларды халықаралық және мемлекеттік қорғау, азаматтығы жоқ  адамдардың жағдайы, босқындар мәртебесі туралы ұлттық заңнама және халықаралық конвенцияларды қолданудағы екіжақты және аймақтық ынтымақтастық, сонымен қатар, қабылданған ҚР «Босқындар туралы» Заңы аясындағы бірлескен іс-әрекеттер мәселелерін талқылады.

    Бас прокуратура тарабынан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Экстрадиция және халықаралық құқықтық көмек басқармасы бастығы Ә.А.Нұрбеков және Департамент басқармасының аға прокуроры Т.Қ.Жолболдин қатысты.

     

  •      11 тамызда Бас прокуратурада Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығы С.Д.Досполов, Арнайы прокурорлар департаментінің бастығы У.К.Патсаев,  Департамент бөлімінің бастығы Г.Садырбекова, Бас прокуратура Институты директорының орынбасары Л.Әділова АҚШ ФТБ Бас басқармасының Еуразиялық бөлімше басшысы Д.Петерсон ханым және қадағалау жөніндегі арнайы агент Т.Линероуд ханым бастаған делегациясымен кездесті.

    Тараптар 2009 жылғы қарашада қол қойылған Бас прокуратура және ФТБ арасындағы өзара түсінушілік туралы меморандум шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық істерден түскен табысты заңдастырумен күрес саласында өзара құқықтық көмек көрсету, прокурорларды даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттырудағы өзара ықпалдасу, қызмет тәжірибесімен алмасу, сонымен қатар, ұлттық заңнама және тергеудің алдыңғы қатарлы әдістері туралы ақпаратпен алмасу ниеті расталды.

     

     

    Қыркүйек

     

  •        5 – 9 қыркүйекте Гаага қ-да (Нидерланд) Прокурорлардың Халықаралық Қауымдастығының 15-ші Жыл сайынғы конференциясы орын алды. Қазақстандық делегация басшысы ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми «Жасырынатын қылмыскерлерді қайтару (экстрадиция)» тақырыбында баяндама ұсынды. Конференция жұмысына сонымен қатар, Алматы қ-сы прокуроры Ә.С.Естаев, Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығы С.Д.Досполов және Бас Прокурордың аға көмекшісі Н.Б.Бекназаров қатысты.

     

  •        13 қыркүйекте Мәскеу қ-да ТМД-ға қатысушы мемлекеттер прокуратураларының қылмыстық істер және беру мәселелеріне жауапты бөлімшелері жетекшілерінің кездесуі өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Д.Досполов қатысты.

     

  •        15 қыркүйекте Мәскеу қ-да ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі ұйымдастырылды. Мәжіліс жұмысына ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Д.Досполов, Бас Прокурордың айрықша тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі Т.Е.Сәрсенбаев және Бас Прокурордың аға көмекшісі Н.Б.Бекназаров қатысты.

     

  •        15 – 30 қыркүйекте Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ Foundation) қолдауымен қазақстандық прокурорлардың Германия прокуратура органдары жұмысының ұйымдастырылуымен, сәйкес мемлекеттік орындармен танысу, сот тыңдауына қатысу, т.б. бағытталған Киль қ-сы (ГФР) прокуратурасына тағылымдамасы ұйымдастырылды.

     

    Тағылымдамадан ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Е.М.Қасенов, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Г.Т.Миразов, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары  Р.С.Апеков өтті.

     

  •        20 қыркүйекте Бас прокуратура Институтында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылары – профессор Невена  Вукович-Сахович(Хорватия) және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің жобалар бойынша менеджері В.Красниковамен кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, ювеналды сот төрелігі саласында қазақстандық прокурорларды оқыту бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру, сонымен қатар Институттың ЮНИСЕФ жобаларына қатысуы мәселелері қарастырылды.

     

  •     20 – 25 қыркүйекте Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ Foundation) қолдауымен қазақстандық прокурорлардың Бонн, Кёльн және Кобленц (ГФР) қалаларына «Прокуратурада ақпараттық технологияларды, соның ішінде статистика жүргізуді, пайдалану» тақырыбындағы тағылымдамасы ұйымдастырылды.

    Тағылымдамаға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің (ҚСАЕК) төрағасы М.М.Ахметжанов, ҚР Бас прокуратурасының Экономика және қаржы департаментінің бастығы І.С.Испанов, ҚСАЕК төрағасы орынбасарының м.а. А.О.Тұрғанбаев, Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Н.О.Аймақов, ҚСАЕК басқармасы бастығының орынбасары Е.К.Мәбиев қатысты.

     

     

  •        28 қыркүйекте Бас прокуратура Институтында Институт директоры С.С.Молдабаев ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің трансұлттық қылмыс мәселелері жөніндегі кеңсе жетекшісі  Марко Великонья және АҚШ Елшілігінің Есірткімен халықаралық күрес және заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімі менеджерлері Р.Қасымбекова және Е.Бескровнаямен кездесті. Кездесу кезінде Институт пен Елшіліктің қазақстандық прокурорлар және ҚР басқа да құқық қорғау органдары өкілдерінің біліктіліктерін арттыру мәселелеріндегі ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

    Кездесуге ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті Протокол және жан-жақты ынтымақтастық бөлімінің бастығы Р.Р.Ғазизов және ҚР Бас прокуратурасы Институтының прокурорлық қадағалаудың жалпы мәселелері бөлімінің бастығы Р.Н.Ақпарова қатысты.

     

  •        28 қыркүйекте Бас прокуратурала 8-ші Департамент бастығының орынбасары Г.Т.Қуанова Еурокомиссия сарапшыларыМарк Сигалом, Дмитрий Кряшенко, Еурокомиссияның Қазақстандағы Евгенией Кузнецофф және ЕК-ның Қазақстандағы жобасының менеджері Ануар Әділбековпен кездесті. Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі адвокатура институты жөніндегі Еурокомиссия жобасы аясындағы Қазақстанда адвокатураны дамыту перспективалары талқыға салынды. 

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тарабынан Бас Прокурордың аға көмекшісі Ж.К.Сейдалина және Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі департамент бөлімінің бастығы А.К.Аяғанова қатысты.

     

  •        28 қыркүйек – 1 қазанда Анкара қ-да (Түркия) Әлемдік банк ұйымдастырған жемқорлықпен күрес мәселелерін реттейтін ұлттық заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты шақырылған мемлекеттер үкіметтерінің жоғары деңгейдегі ресим тұлғаларының қатысуымен Шығыс Еуропа және Орта Азияда жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайту жөніндегі конференция орын алды.

    Форум жұмысына Бас Прокурордың орынбасары Б.Н.Асылов және Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаменті басқармасының аға прокуроры Т.Қ.Жолболдин қатысты.

  • Артқа