25 сәуірдеҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А. Секішевтің кәмелетке толмаған қылмыскерлер бойынша жаңа Еуропалық түрме ережелері жөніндегі Еуропа Кеңесінің сарапшысы, халықаралық қылмыстық құқық саласындағы сарапшы Дирк Ван Зил Смит мырзамен және Халықаралық түрме реформасы жобаларының үйлестірушісі Джаклин Макалишер ханыммен кездесуі болды.
Кездесудің мақсаты: өлім жазасының күшін жою және 20 мемлекетте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу мәселелері бойынша зерттеу жүргізуде бірлескен ынтымақтастық мәселесін талқылау.
26 сәуірдеҚР СІМ мәжіліс-залында Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының Өкілдігімен «Орта Азиядағы мораторийдан бастап өлім жазасының күшін толық жоюға дейін: транзиттік кезеңнің тегеурінді талаптары» тақырыбында конференция ұйымдастырылды, оған Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау басқармасының бастығы С.Р.Шалабаев қатысты.
27 сәуірдеҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішевтің халықаралық сарапшымен, Париждің Апелляциялық сотының ювеналды юстиция бойынша мамандандырылған Бас Прокурордың бірінші орынбасары Элизабэтт Катта мен «ҚР-да соттық және құқықтық реформаны қолдау» ЕК жобасының жетекшісі Иван Паневпен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – ювеналды юстиция аясында ынтымақтастық мәселесін талқылау.
25 сәуір мен 6 мамыр аралығында пенитенциарлық жүйенің қызмет ету тәжірибесін зерттеу үшін қазақстандық делегацияның құрамында ұсталған және қамауға алынған адамдардың құқықтарын қорғауды қадағалау бойынша Бас Прокурордың көмекшісі – Н.О.Абдраимов Варшава қ. (Польша) мен Берлин қ. (Германия) іссапарға жіберілген болатын.
Мамыр
12 мамырда ҚР Бас прокуратурасының Камин залында (10 қабат) ҚР Бас прокуроры А.К. Дауылбаев АҚШ-тың Екінші округінің Апелляциялық сотының судьясы Питер Холлмен кездесті. Кездесу мақсаты – құқықтық жүйені дамыту саласында тәжірибемен алмасу.
25 мамырда ҚР Бас Прокурорының Қытай құқықтық Қоғамдастығымен: Жоу Ченгкуи, Йин Ваоху, Луо Ксиаоу, Лиу Джиан, Ли Ченгксян, Лу Жихонг, Льв Ксиаоу, Жоу Ксиаохуа, Лиу Кегианг, Рао Хуаджунь, Хан Квиуей, Жанг Шийон, Лю Джианмин, Ванг Донг, Уанг Уи, Ху Вейпинг қытай азаматтарымен кездесуі өтті, оның мақсаты өткізілуі 2012 жылы Қазақстанда жоспарланған құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша 4-ші Аймақтық Форумның жұмысын талқылау болды.
27 мамырда 8-Департаменттің бастығы С.Досполовтың ҚР-ндағы Ресей Федерациясының Елшілігінің екінші хатшысы Анатолий Юрьевич Красниковпен кездесуі өтті, кездесу мақсаты Евроюст және Европол аясында жеке мәліметтерді қорғау мәселелерін талқылау болды.
31-32 мамырда Ашхабад қаласында «Кәмелетеке толмағандардың істері бойынша сот әділдігі жүйесінің реформалары» тақырыбында балаларды қорғау 3-ші Орта-Азиялық форумы өтті, оған кәмелетке толмағандарға қатысты заңның орындалуын қадағалау бойынша бөлімнің бастығы Ж.Ж. Акбар қатысты.
31 мамырда ҚР Бас Прокурорының ҚР-ндағы АҚШ Елшілігінің істерінде уақытша уәкілетті Елші Дж. Ордвеймен, құқықтық мәселелер бойынша атташе Кеннетт Джоунспен, трансұлттық қылмыстылықпен күрес мәселелері бойынша кеңсенің басшысы Марко Великониямен және есірткімен халықаралық күрес және заңдылықтың сақталуы бойынша бөлімнің бағдарламалары бойынша маман Сауле Тулеусариновамен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты танысу және заңсыз жолмен табылған және ланкестікті қаржыландыруға арналған ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, құқықтық есептілікті жинақтауды жетілдіру бойынша бағдарламаның аясында бағдарлама/іс-шара өткізу аясындағы алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды, сондай-ақ АҚШ Елшілігі ҚР жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодексін әзірлеу аясында кінәні мойындау туралы мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша сарапшыны таңдап беруде қолдау көрсету туралы ниетін білдірді.
Маусым
3 маусымда Алматы қаласында ҚР Бас прокуратурасы Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығы және «Адам құқықтары үшін хартия» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Қылмыстық процесті әрі қарай реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырды. Мәжіліске ҚР БП, ҚР ЭҚСЖҚА, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






