Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

2010-2020 жылдар аралығындағы ке­зеңге арналған Құқықтық саясат тұжы­рым­дамасында көзделген қылмыстық саясатты жетілдіру мақсатында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне қылмыстық және қыл­мыс­тық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қа­был­данды. Аса қоғамдық қауіп туғыз­байтын қылмыстарды әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейте отырып, қыл­мыстан арылту мәселелері осы заңда өз орнын тапты. Сондай-ақ, жекелеген қыл­­мыстардың ауырлық дәрежесін жазаны жұмсарту (депенализация) жо­лы­мен қайта бағалау жүргізілді. әкімшілік преюдиция енгізілді, бас бостандығынан айыруға байланысты емес қылмыстық жазаларды қолдану аясы кеңейтілді, соның ішінде бостандығынан айыру түріндегі жаза жекелеген санкциядан алып тасталды не бас бостандығынан айырудың барынша мерзімі қысқартыл­ды, мемлекеттік мәжбүрлеудің және басқаларының қылмыстық жазаға барабар шаралары енгізілді.

Бас прокуратура соңғы жылдар аясында құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыра оты­рып, өз құзыреті шеңберінде қылмысқа қарсы күресте, қылмыстық қудалауды жүзеге асырғанда, сотталған адамдарды берген және қылмыскерлерді табыс еткенде халықаралық құқықтық көмек көрсетудің негізгі өлшемдерін айқын­дайтын бірқатар маңызды халықаралық құқықтық келісімдерді әзірледі. Осы салада қазіргі таңда 23 келісім әрекет етеді. Қазір мемлекеттің халықаралық-құқықтық базасы едәуір кеңейіп келеді. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге өткен жылы қол қою соның куәсі болып табылады. Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында сотталған адамдарды ұстап беру туралы екі мемлекет арасындағы келісімге қол қою Қазақстан үшін ма­ңызды жаңалық болды.

Бас прокуратура Шанхай Ынтымақ­тас­­тық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мем­лекеттер Бас прокурорларының, ТМД мүше мем­ле­кеттер Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің (БП ҮК), «Қазақ­стан Респуб­ликасы – Еуропалық Одақ» (ҚР-ЕО) сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі шағын комитет оты­рыс­тары сияқты ірі көлемдегі халық­аралық іс-шараларды ұйымдастыра­ты­нын және оған тұрақты негізде қатысып отыратынын атап өту қажет. Осындай іс-шараларға аса назар аударылады, өйткені, онда терроризмге, экстремизм­ге, сепаратизмге, есірткі, психо­троптық заттар мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрес, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес, қыл­мыстың трансұлттық түрлеріне қарсы әрекет ету саласындағы проблемалар шешімін табады.

«ҚР-ЕО» Комитетінің жұмысына қа­ты­су қазақстандық және еуропалық заңна­маларды үйлестіру, кейін оларға қосылу саласында бірқатар маңызды проблемаларды шешуге, қылмысқа қар­сы күрес, заңдылықты және құқық­тық тәртіп­ті қамтамасыз ету саласында Еуро­­палық Одақ мемлекеттерімен жекелеген халықаралық шарттар жасасуға, азамат­тардың, әйелдердің, кәмелетке толмаған­дардың конституциялық құ­қық­тарын қорғауда оң әлемдік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Прокуратура орган­дары­ның құқық қорғау жүйе­сіндегі үйлестіруші рөлін ескере оты­рып, ТМД Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырыстары шеңберінде қылмысқа қарсы күресте бірлескен шаралар қабылдауға, тұтастай алғанда, ТМД-да заңдылық пен құқықтық тәртіп­ті қамтамасыз етуге, соның ішінде проку­рорлық қадағалауды күшейтуге және үйлестіру деңгейін арттыруға бағытталған мәселелердің өте үлкен спектрі қамтылады.

2010 жылғы 15 қыркүйекте Мәскеу қаласында өткен отырыста 2011-2013 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрестегі ТМД қатысушы мемле­кет­тердің ынтымақтастығы бағдарла­масы мақұл­дан­ды, соттар қылмыстық істерді қараған кездегі мемлекеттік айыптауға қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдас­тыру тәжірибесін алмасу мәселелері талқы­ланды, 2008-2010 жылдарға арнал­ған қылмысқа қар­сы күрестің бірлескен шараларының Мемлекетаралық бағдарла­масының орын­­далуына, терроризмге және экстре­мизмнің өзге де күш көрсету көрініс­теріне қарсы күресте, есірткі, психо­троптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте қадағалауды үйлестірудің деңгейін арттырудың басқа да мәселеле­ріндегі ынтымақтастыққа қорытынды жасалды.


Александр ТАСБОЛАТОВ.

«Егемен Қазақстан», 6.08.2011.

Артқа