Құқықтық құндылықтың қуаты
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері жиырма жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-баба аңсаған іргелі істер жүзеге асып, небір армандар ақиқатқа айналды. Экономикалық жетістіктерімізбен қатар, құқықтық реформалар өмірге еніп, заң үстемдігі үлгілі үдеріске ұласты. Соның ішінде Құқықтық саясат тұжырымдамасының міндеттерін орындау елдің құқықтық дамуын арттыра түсті. Бұл орайда еліміздің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып табылатын прокуратура органдары 2002-2010 жылдар аралығындағы кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру кезеңінде көптеген жұмыс атқарды.
Бас прокуратура заң шығармашылығы процесіне белсенді түрде қатысуда. Осының алғышарттары Қазақстан прокуратурасы үлгісінің өзінде және мемлекеттік орган жүйесіндегі оның бірегей ережесінде қаланғандығы анық. Еліміздің бас құзырлы органының мәліметтеріне сүйене отырып аңғарғанымыз, 2002 жылға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережесін жүзеге асыру барысында Бас прокуратура құқық қорғау жүйесінің үйлестірушісі ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін маңызды бірқатар заңдарды әзірлеуге атсалысқаны байқалады. Мысалы, 2009 жылы Бас прокуратура әзірлеген «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Бұл заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етудің құқықтық негізін айқындады, қаржы мониторингі субъектілерінің құқықтық қатынастарын белгіледі.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жолын кесу бойынша да едәуір жұмыстар жүргізілуде көрінеді. Ішкі ведомстволық актілерге сәйкес кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға да бағытталған заңнамалардың қолданылуын қадағалау прокуратура қызметіндегі басымдық дейміз. Осыған байланысты прокуратура бақылаушы органдардың кәсіпкерлікке заңсыз араласуға немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтарына қысым жасауға байланысты кез-келген заң бұзушылықтың жолын кесетін жалғыз орган болып табылады. Бұл жұмыстың тиімділігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кәсіпкерлер қызметін міндетті түрде тіркеуді заңмен белгілеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Бас прокуратура жанында жұмыс істейтін Кәсіпкерлер жөніндегі сараптамалық кеңес осы мәселелерді шешуге ықпал етеді. Прокурорлар барлық аудандарда кәсіпкерлердің қауымдастықтарына бақылау жасайтын, бизнеске заңсыз араласу туралы шағымдар мен дабылдар келіп түскен кезде дереу сапарға шығатын, прокуратура қызметкерлерінен тұратын ұтқыр топтар құрды. Конституцияға сәйкес прокуратура органдарына жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын жоғары қадағалау міндеттері жүктеліп, ерекше рөл бөлінді.
Міне, осы орайда атап өтер болсақ, жоғарыда аталған тұжырымдама негізінде құзырлы органның атқарған жұмысы аз емес. Олар Әділет министрлігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі, оған Мемлекет басшысы қол қойды. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге де хабарлама құпиясын заңсыз бұзғаны үшін Қылмыстық кодекске жазаны қаталдатуға бағытталған өзгерістер енгізуді қабылдау Заңның ерекшелігі болып табылады. Осы Заңмен жеке өмірге қол сұғушылықтан қорғау деңгейін арттыру мақсатында байланыс желілерінде арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кедергісіз тексеруді жүзеге асыруға арналған уәкілетті прокурор институты енгізілді.
Азаматтардың хабарсыз жоғалып кету фактілері бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз ету және олар бойынша қылмыстарды жасыру фактілерін болдырмау мақсатында Бас прокуратура егер тергеуге дейінгі тексеру мерзімі ішінде оның тұрғылықты жері анықталмаса, адамның хабарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау бөлігінде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі.
Омбудсмен, жемқорлық қылмыстарының ауқымын заңды тұрғыдан айқындау, шетелдік азаматтардың балаларды асырап алу тетіктерін белгілеу институтын енгізу мәселелері бойынша нормативтік база әзірлеуге және қабылдауға белсене атсалысты. Сонымен қатар, тиісті жұмыс топтарының мүшелері ретінде сот ісін жүргізуді алқабилердің қатысуымен енгізу мәселелері бойынша соттылықтың ара-жігін ажырату, сот жүйесін жетілдіру, өлім жазасы түріндегі жазаның айрықша шарасын қолдану аясын тарылту, қамауға алуға санкция мәселелерін соттарға беру, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру, кейбір қылмыстарды қылмыстан арылту туралы заңдарды әзірлеуге және қабылдауға қатысты.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






