Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ата заңымыз біздің бағыт-бағдарымыз

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен әзірленген еліміздің Ата Заңын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы өте зор болды. Еліміздің жаңа Ата Заңын халық 1995 жылғы 30 тамыздағы Республикалық референдумда қабылдады.

 «Елу жылда – ел жаңа» демекші, Ата Заңымызды қабылдағанымызға да 16 жыл толды, осы кезең ішінде Қазақстан халқы дербес, егеменді ел болып танылып, әлемдік аренаға шығып отыр.

Қазақстан Республикасының дербестігін жариялаумен бірге, аумақтық тұтастықты сақтау және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты өткір мәселелер шешімін тапты. Дәл қазір біз үшін тәуелсіздіктен қымбат еш нәрсе жоқ, оның қадірі еш нәрсемен өлшенбейді.

Осыдан 16 жыл бұрын қазақ халқының негізгі Заңы – Конституциясын бекітіп, үш жүз жылдай уақыт еркіндігінің темір құрсаулы қамытына айналған әуелі ресейлік, одан кеңестік империялық бодандықтан құтылып, тарих көшінің жаңа үрдісіне бет бұрып, бостандық, тәуелсіздік жолына түсті.

Конституция біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақсатымыз- мемлекетіміздің әлеуметтік жағдайын көтеретін, азаматтардың дәулетті және заманға лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасайтын, тәуелсіз еліміздің экономикалық өркениетті мемлекет болу жолындағы ілгері басуымызды реттейтін басты құжат.

Сондықтан, Конституциясының әрбір тарауының, бөлімінің, жеке баптарының әр жолына мұқият зер сала оқу, көңілге түю, күнделікті өмірде басшылыққа алу – саналы өмір талабы.

Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адама және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары көрсетілген және адам мен азаматтың жеке бостандығы, конституциялық құқықтары бекітілген.

Мысалы, олар адамның жеке өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауы, әркімнің өзінің және отбасылық құпиясының болуы, абыройы мен ар-намысының қорғалуы, қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету –көрсетпеуге құқылы екені, ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануы, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін таңдап алуы. Тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға, тыс жерлерге кетуіне және қайтып оралуына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына, тынығуына құқы бар.

Конституцияда мемлекет білім берудің, ғылым мен мәдинеттің басым дамуын қамтамасыз етеді деп көрсетуі, бұның өзі алдағы уақытта да Қазақстан Республикасы нарықтық экономика жолымен дами отырып, білім мен ғылымды, мәдениетті дамытуды мемлекет қамқорлығына алатынын айқын түсінеміз. Бұл өркенниеттілікке жетудің даңғыл жолы.

Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдерде жүрген кезде мемлекет қорғауында болады. Жеке меншік мүлкі, жанұясы, жеке басының өмірі заңдармен қорғалады.

Ата Заңымыздың талаптарына сай Қазақстан Республикасында сөз бостандығы шектелмейді, елде азаматтар тегін орта білім алуға, мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, сонымен бірге, ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

Әркімнің өз құқытары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқы бар. Сондай-ақ, заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Соттар шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай-да бір саяси партияны қолдап сөйлемуге тиіс.

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың міндеті. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Республикамыздағы прокуратура органдарының мәртебесі мен атқаратын қызметі Конституцияның 83 бабында айқындалғандықтан, біз осы құзыреттілікте мемлекеттің мүддесін көздей отырып, қоғамымызда құқықтық заңдылықтың сақталып, әділ шешімдердің үстемдік алуы мақсатында іс-шараларымызды алдағы уақытта да жүзеге асыра беретін боламыз. 

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс-жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ, Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді.

Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. Сондықтан, еліміздің Конституциясын құрметтеу, талаптарын әрдайым сақтау мен орындау – біздің басты міндетіміз.      

 

 

Маңғыстау облысы

прокуратурасының

басқарма прокуроры                                               Бауыржан Кішкенебаев          

 

Артқа