Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

         Азаматтардың  құқықтары  мен бостандықтары Ата заңмен қорғалады

 

            Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет құру идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған мемлекет осылай сипатталады. Ұлттық құқық жүйесін дамытып, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумына қабылданған жаңа Конституция содан бергі мерзімде елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру ісінде өзінің жасампаздық әлеуметімен Қазақстан халқына қызмет етіп келеді.

Егемен еліміздің жаңа негізгі заңының қабылдануы Қазақстан тарихындағы атаулы оқиға болып, тәуелсіз мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа сатысына негіз салды. Тап осы Конституцияны ел тарихындағы идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық деңгейге сай биік межедегі заң деуге толық негіз бар.

Мемлекетіміздің құқықтық негізі- Республика Конституциясының 1-ші бабының 1-ші бөлімі «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталады.

            Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейі жағынан халықаралық стандарттардың барлық талабына жауап береді.

            Конституцияға сай, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

            Тәуелсіздік алған жас мемлекетіміздің басқару, атқару, заң шығару органдарын белгілеп берген Ата Заңымыздың тұғырының беріктігі негізінде қоғамдық дамуымыздың барлық саласында қарқынды жүргізілген реформалар өзінің оң нәтижесін бергендігін бүгінгі қол жеткен табыстарымыз дәлелдеп отыр.

            1995 жылғы Конституцияның басты жетістіктерінің бірі – демократиялық қоғам құру принциптерін белгілеп бергендігі. Бұл шынында да ұзақ жылдар тоталитарлық жүйеде болған тәуелсіз мемлекет үшін жаңа жағдайда, жариялылық тұрғыда өмір сүруге бейімделу жолдарының бастамасы болды.

            Ата заңымыздың негізінде, ағымдағыжылдың жарты жылдығында Манғыстау ауданының  прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу заңдылығына прокурорлық қадағалау саласы бойынша біршама жұмыстар атқарды.

            Қылмыстық қудалау органдарының қызмет бабындағы ең негiзгi мiндеттерінің бірі қылмыс жасағаны үшiн қылмыскерді жазаға тарту болса, прокурорлық қадағалау, оны орындау барысында азаматтардың құқықтарын бұзуға ешқандай жол бермеу болып табылады.

            Қылмыстық iс жүргiзу кодексi қылмыстық қудалау органдарынан iстi тергеу кезiнде қылмысты жасауға себеп болған барлық мән-жайларды толық зерттеп, айыпкерлерге қарсы заңды дұрыс қолдануды талап етедi.

Осы көрсетілген талаптар негiзгi жұмыс бағыттарының бiрi болғандықтан барлық уақытта аудандық прокуратураның үнемi қадағалауында және соның айғағы ретінде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу заңдылығына байланысты, аудандық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен шұғыл жиналыстарда жiберген кемшiлiктердi жойып, негізгі бағыттағы жұмыстарды одан әрi жақсартып, жандандыру туралы шешім қабылданады.

Міне осындай жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 6 айында 1530 азаматтың құқы қорғалды.

Әлеуметтік аз қорғалған топтардың құқықтарын қорғау бағытында, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты аудан прокуратурасы 5 тексеру жүргізіп, 1329 жасөспірімнің конституциялық құқықтары қорғалды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айында Шетпе селосының мектептерінің спорт залдарындағы жылу жағдайы тексеріліп, оның қалыпты нормадан бірнеше есе төмен екендігі анықталды. Тексеру қорытындысымен аудандық МСЭҚ басқармасына ұсыныс беріліп, аталған спортзалдардың жылу жағдайы қалпына келтіріліп, кінәлі мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалардың жарақат алуының алдын алу мақсатында бір тексеру жүргізілді.

Атап айтқанда, Жынғылды селосында орналасқан С.Нұрниязұлы атындағы орта мектептің оқу ғимараттарын пайдалану барысында төтенше жағдайлар заңнамасының бұзылып отырғандығы анықталып, аталған мектептің ғимаратын пайдалануды тоқтатуға, жаңа ғимарат салу үшін қаржы қарауға, жаңа ғимарат пайдалануға берілгенге дейін, оқу процестерін барынша қауіпсіз орында жүргізуге шара қолдану үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментіне және аудан әкімдігіне ұсыныстар берілді. Ұсынысты қарау қорытындысымен төтенше жағдайлар Департаментімен ескі ғимараттарды пайдалануды тоқтатуға шаралар қолданылып, аудан әкімдігі тарапынан тиісті қаржы көздері қарастырылуда.

Сондай-ақ, жеке тұлғаға қатысты жалақыны уақытылы төлемеудің жекелеген деректері орын алған жағдайда дереу прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып отырады.

Мәселен, Шетпе селосының тұрғыны С.Оңдабаев «Қызылтұран» ЖШС-нен жалақысын алмағаны туралы арызданған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, аталған тұлға жеке еңбек шартынсыз ауызша келісім бойынша жұмыс жасағандығы, алайда еңбекақысын алмағандығы анықталып, осы дерек бойынша облыстық Еңбек Департаментіне ұсыныс беріліп, мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар мен өкілетті органдардың актілерінің заңдылығы ай сайын тексеріліп, аудандық мәслихаттың 21.12.2010 жылғы №28/267 шешімімен «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы»нормативтік құқықтық шешімі заңсыз болуына байланысты ұсыныс келтіріліп, заңсыз нормативтік шешімнің қолданылуы ол заңға сәйкестендірілгенге дейін тоқтатылып, қазіргі уақытта заңға сәйкестендірілді.

         Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында 3 тексеру жүргізіліп, 2 прокурорлық қадағалау актісі беріліп, 2 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Мысалы, жеке кәсіпкер – шаруа қожалығының иегері Н.Жанғазиевтің арызы негізінде тексеру барысында «Рахат» шаруа қожалығына жеке меншік құқығымен берілген жер телімінің бір бөлігі «Jupiter Energy Ptc. Ltd» компаниясының филиалына «Рахат» шаруа қожалығының келісімі алынбастан берілгендігі анықталды. Заңсыз алынған жер телімі арқылы жүрген жүк автокөліктері жердің шөп өскен қабатын бұзып, оның жарамсыз болып қалуына әкеп соғып, Н.Жанғазиевтің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірген.

Заңсыз қаулыны заңға сәйкестендіру үшін наразылық келтіріліп,  шағын кәсіпкерлік субъектісінің конституциялық құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, 09.06.2011 жылы «Бизнес тірегі» жобасы аясында аудандық ҚСжАЕАБ-ның маманымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытында кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, жаңадан қабылданған «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, азаматтарға бұлтартпау шарасын қолдану, қылмыстық қудалау органдарының  iс жүргiзу кезiндегі ерiксiз әрекеттерiнiң қолдануының  бiр түрi болып саналады, сондықтан да осы бағыттағы жұмыстар барлық уақытта аудан прокуратурасының қадағалауында.

  Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 және 17 баптарында, әр азаматтың өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар деп көрсетілген.      

Алайда, аталған Ата Заңымыздың талаптарын орындамай, оны өрескел бұзу деректері қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерімен орын алып келеді.

Атап айтқанда, қылмыс жасады деген дерекпен азаматтарды өздерінің қызметтік кабинеттеріне алып келіп, ол азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзып 3 сағаттан артық жауап алу немесе қандай-да бір нақты дәлел болмасада, оларды заңсыз ұстау деректері кездеседі.

Қылмыстық қудалау органдарының осындай заң бұзушылықтарына жол бермеу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау барысында прокуратура органының алатын орны зор болып табылады.

Тәжірибеде, көп жағдайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу дерегін кезекшілікке түскен прокуратура қызметкерлерімен анықталады.

ҚР Бас Прокурорының «Қылмыстық ізге түсу органдарында орналасқан «Прокурорлар кабинеттерінде» прокуратура органдары қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру тәртібі туралы» 18.10.2005 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген Ереженің талабы бойынша, қазіргі уақытта аудан прокуратурасымен аудандық ІІБ-де прокурор кабинеті ұйымдастырылып, прокурордың кезекші кестесі бекітіліп, кабинет керекті құрал жабдықтармен жасақталған және кезекші прокурордың жұмыс тәртібі, азаматтарды қабылдау уақыты және байланыс телефондары туралы қажетті деректер жазылған.

            «Прокурорлар кабинеттерінде» кезекші прокурорлар тергеу және анықтау заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру мақсатында жасалған, не дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпарат түскен кезден бастап, құқық қорғау қызметінің белсенділігін көтеру мақсатында прокуратураға жүктелген барлық кешенді міндеттерді атқарып, оқиға болған орындарға шығып, заң талабына сәйкес нұсқау береді.

Прокуратура қызметкерлерімен аудандық ІІБ-нің кезекші бөлімдері тексеріледі, осы бағыттағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында түнгі және кездейсоқ тексерулерді жүргізу тәжірибеге айналған.

Тексерулер нәтижесінде, аталған кезең аралығында прокуратура қызметкерлерімен  қызметтік бөлмеде заңсыз ұсталған 2 азамат босатылған. Аталған заңсыз ұстау деректері бойынша АІІБ-нің қызметкерлеріне прокуратура тарапынан  прокурорлық шара қолданылды, яғни полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Міне, осындай нәтижелі жұмыстарымен  Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген баптардың бұзылмауына, оның сақталуына аудан прокуратурасы әрдайым күш салып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда.

 

 

Маңғыстау ауданының прокуроры

әділет кеңесшісі                                                                               Мақсат  Жақаев

 

 

 

 

Артқа