Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

24.08.2011  

Конституция - Қазақстан халқының бүгіні мен болашағының айнасы

 

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 16 жыл толып отыр. 1995 жылы 30 тамызда өткен референдумда қабылданған Ата заң содан бері Қазақстан Республикасының халқы үшін қызмет етіп келеді. Қазір күн санап жаңа осы мемлекеттік мереке жақындай түсуде.

Осыған орай біз Қызылорда облыстық прокурорының аға кеңесшісі, прокуратура баспасөз қызметінің жетекшісі Сая Темірбекованы әңгімеге тартқан едік.

- Еліміздің Ата Заңының қабылдануы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының көптеген демократиялық бастамаларына негіз болып, мемлекетіміздің сенімді негізіне айналды. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жүзеге асыратын, әлемдік қауымдастыққа өз ұстанымын бекіткен ел ретінде көрініп отыр, - деді ол. - Әр елдің өзінің Ата Заңы, өзіндік ұстанымы болатыны сөзсіз. Осындай Ата Заңымыздың қабылданғаны бүкіл қазақстандықтарды зор қуанышқа бөледі.
Конституция - бұл әлеуетті бірлік пен болашақ жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан Заңмен жүру, Заңды сыйлау әр азаматтың борышы. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, Конституция білім алуға, ерікті еңбек етуге, өз азаматтығымызды ашық білдіруге құқық берді.

Елбасымыздың басқаруымен қазақ жерінде жүзден астам өзге ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде. Мемлекетімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға толық кепілдік беріледі. Жылдан-жылға экономикамыз да ілгерілеп жылжып келеді. Мұның барлығы Ата Заңымызда жазылған қағидалардың жүзеге асқандығының айқын белгісі.

Еліміздің Ата заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивтік идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.

Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді.

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата Заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі болып қана қоймай, сонымен қатар билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етіп келеді.

Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның ролі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары қадағалаушы - прокуратура органдары Конс­титуциямен белгіленген міндеттердің талаптарына сәйкес, Қазақстан Респуб­ликасы аумағында күші бар заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтардың конституциялық құқы­ғының қорғалуын, қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзу­шы­лықтардың жіберілмеуін, заңды­лықтардың дәлме-дәл орындалуын бақылап, сот шешімдері мен қаулы­ларының әділдігіне ықпал ету жұмыс­тарын жүргізіп келеді. Жаңа қоғам­дық құрылыстың алғашқы саты­ла­рындағы құқықтық рефор­малау кезеңдерінде прокуратура орган­дарының қызметкерлері заңдардың іс жүзінде қолданылуы, оларды меңгеру кезінде кездескен қиын­дықтарды жеңуде төзім­ділікпен, зор ізденістермен еңбек етіп, уақыт сынына төтеп беріп, сүрінбей өтті. Қазір біз арттағы 16 жылдың қомақ­ты тәжірибесінің арқасында құ­қық­тық қорды толықтырып, кадрларды іріктеп, заңдарымызды жүйелен­дірдік. Сонымен бірге қоғамымызда қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, басқа да қолданыстағы заңдардың өз мақсатындағы жүйелілігін одан әрі қадағалау жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз.   

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалаудағы қызметі есепті мерзімде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.  Облыстық прокуратура органдарымен аймақтың қоғамдық-саяси ахуалына үнемі мониторинг жүргізіліп, аймақтағы әлеуметтік шиеленіске әкеп соқтыруға мүмкін мәселелер прокуратураның ерекше бақылауына алынған. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы облыстық прокуратураның ерекше назарында. Жалақының уақытылы төленуі бөлігіндегі еңбек заңнамасының бұзылуын жою және алдын алу мәселесі облыстық прокуратураның бастамасымен облыс әкімдігінде жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың  қатысуымен  уәкілетті және жергілікті билік органдарымен бірлесіп тоқсан сайын талқыланып,  жалақыға қарыздарын өтеу шаралары қолға алынуда. Прокуратура органдарымен енгізілген наразылықтардың негізінде жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың  актісінің күші жойылып, заңға сәйкестендірілсе, оның ішінде бірнеше акті нормативтік құқықтық сипатта болған. Заңсыз нормативтік актінің қабылдануына жол берген лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда  заң бұзушылықтар анықталып, заң бұзушылықты жою жөніндеұсыныс енгізіліп, наразылық, талап арыз беріліп,  тұлғалар әртүрлі жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Құқықтық насихат жұмыстары - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының өкіміне сәйкес бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде құқықтық түсіндіру сипатындағы жариялылық жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде, прокурорлармен баспасөз мәслихаты мен брифинг, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халық арасындағы жиындар өткізіліп, әртүрлі мекеме-ұйымдарда дәрістер оқылуда

 Азаматтардың өтініштерін қарау және шешу облыстық прокуратура органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, шешілуде. Өтініштердің қарау мерзімдерін бұзу, қайта тексерудің нәтижесімен қанағаттандыру жағдайлары орын алмаған. Облыс прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының арасында меморандум аясында прокуратура органдарымен партияның облыс және қала, аудан филиалдарымен бірлесіп жеке қабылдау жүргізіліп,  азаматтар жеке мәселелерімен қабылдануда.

 Құқықтық мемлекеттің тұғыры қашанда заңның жоғарғы мәртебесінде, Конституциямыздың мызғымас беріктігінде екендігін уақыт дәлелдеді. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық тарихи кезеңі ішінде азаматтарымыздың құқықтық санасы өсіп, жаңа өлшемдерге көтерілуде.  Ал, оның түп бастауы, түп қазығы - Ата Заң. Конституция күні - барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке. Олай деп айтатын себебіміз, әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеруде аянбай қызмет етуі тиіс. Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет - жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Ррспублика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ - алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қалыптасқаны.

 

Артқа