Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы прокуратура

органдарының қызметі туралы үздік материалдарға арналған жалпыреспубликалық конкурс

Тәртібі

 

I. Жалпы ережелер

 


        1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы прокуратура органдарының қызметі туралы үздік материалдарға арналған жалпыреспубликалық конкурсты(одан әрі – Конкурс)Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдары мен прокуратура органдарының өзара іс-қимылын нығайту мақсатында өткізеді.

 

2. Конкурстың негізгі міндеттері:

қоғамда прокуратура органдары мен оның қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру;

орталық, өңірлік және ведомстволық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

теле- және радиобағдарламалар мен баспасөздегі жарияланымдарды дайындау сапасын арттыру;

прокуратура органдарында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін тарату болып табылады.

3. Конкурсты ұйымдастыру, өткізу барысы мен жалпы басшылық жасауды (материалдарды іріктеу, жеңімпаздарды анықтау) Конкурсты қортындылау жөніндегі конкурстық комиссия жүзеге асырады.

4. Конкурсқа заңнамалармен белгіленген тәртіпте тіркелген орталық және өңірлік БАҚ-тың штаттағы қызметкерлері, сондай-ақ прокуратура органдары қызметінің мәселелері бойынша жарияланған материалдарын ұсынған штаттан тыс авторлар (прокуратура органдары қызметкерлері арасынан шыққан штаттан тыс авторларды есептемегенде) қатыса алады. Конкурстық материалдарын ұсынған кезде олар авторлық, басылым құқықтары туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік туралы заңнамалардың талаптарын сақтауы тиіс.     

5. Конкурс 1 шілдеден 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді.

6. Конкурстың бірінші (іріктеу) кезеңін Бас прокуратура, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар (одан әрі – облыстық прокуратуралар) 1 қазанға дейінгі мерзімде өткізеді.   

7. Материалдарды іріктеуді бірінші кезеңде облыстардың прокурорлары немесе олардың орынбасарлары жетекшілік жасайтын конкурстық комиссия жүзеге асырады. Өңірлік комиссия құрамы облыс прокурорларының өкімімен бекітіледі. Бас прокуратурада конкурстық жұмыстарды қабылдауды және іріктеуді баспасөз қызметі жүзеге асырады.

8. Конкурстың бірінші кезеңі аяқталған соң аумақтық комиссия екінші кезеңге қатысу үшін іріктеліп алынған сегіз үздік материалды 1 қарашаға дейін Бас прокуратураның баспасөз қызметіне жолдайды.  

9. Конкурстың екінші (соңғы) кезеңі 1 желтоқсанға дейін өткізіледі. Осы уақытқа дейін Бас прокуратураның конкурстық комиссиясы әрбір номинация бойынша конкурстық жұмыстарды соңғы іріктеуді жүргізеді. 

 

II. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар және

оларды ұсыну тәртібі

 

 

10. Конкурсқа қатысу үшін жеке-дара немесе конкурстық материалды әзірлеген шығармашылық ұжым құрамының өтініші беріледі. 
Ұсынылатын материалдарда басылым және автор туралы аңдатпа, қысқаша анықтама, автордың толық аты-жөні, оның жұмыс орны, атқаратын қызметі мен байланыс ақпараты міндетті түрде көрсетіле отырып ерікті түрде жазылған өтініші болуы керек.

 

11. Бейнематериалдар DVD форматындағы дискіде, радионың аудиоматериалдары эфирдің болған күні мен мекен-жай базасы көрсетіле отырып СD-RОМ тасығыштарымен ұсынылуы керек. Баспа материалдары авторды және басылымның өзін міндетті түрде анықтау мүмкіндігімен қиынды немесе газет данасы түрінде ұсынылады. Конкурсқа қатысу үшін бір автордан немесе шығармашылық ұжымнан екі данадан аспайтын материал қабылданады.

12. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған барлық материалдар осы Конкурстың нақты номинациясы көрсетіле отырып (қазақ және орыс тілдерінде) автордың қысқаша түйіндемесімен сүйемелденуі тиіс. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген материалдар Конкурсқа қатысуға қабылданбайды.

13. Бас Прокурор Аппаратының Басшысы жетекшілік ететін Конкурсты қортындылау жөніндегі комиссия отырысында оның құрамының 2/3 болған жағдайда қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы конкурстық материалдарды соңғы рет бағалауды жүргізеді. Конкурсты қортындылау жөніндегі конкурстық комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді, ол бекіту үшін Конкурстың жеңімпаздары мен дипломанттарын марапаттау туралы бұйрық жобасымен бірге Бас Прокурорға ұсынылады.

14. Конкурс мынадай номинациялар бойынша (мемлекеттік және орыс тілдерінде) өткізіледі:   

- үздік телебағдарлама (прокуратураның қадағалау және құқық қорғау қызметі мәселелерін жариялайтын, мемлекеттің тыныс-тіршілігінде прокуратура органының атқаратын орнын ашатын телебағдарламалар);

- прокуратура органдарының қызметі туралы мерзімді баспа басылымдарындағы үздік жарияланымдар;

- прокуратура ардагерлері туралы үздік жарияланымдар;

- журналистік тергеу немесе талдау жанрындағы үздік жарияланымдар (жарияланымдар циклі);

- үздік радиохабар;

- үздік интернет-жарияланымдар (республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалыққа айналаған құқықтық тақырыптарға арналған материалдар бойынша).

Комиссия өткізілетін конкурс шеңберінде қосымша номинациялар мен неғұрлым ерекшеленген конкурсанттарды марапаттау туралы шешім қабылдай алады.

 

III. Марапаттау тәртібі

 

15. Өз номинациясы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және жүлделермен марапатталады.

16. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Прокуратура органдарының құрылған күні қарсаңында өткізіледі. 

 

Артқа