Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 29 маусым
№ 110

 

 


 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 29 маусымдағы

№110 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011 – 2020 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана, 2011 жыл


Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

 

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы
11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты

Міндеттері

Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын

жетілдіру және стандарттау;

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;

мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

тіл мәдениетін жетілдіру;

коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;

Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

Іске асыру мерзімі

2011 – 2020 жылдар

бірінші кезең: 2011 – 2013 жылдар

екінші кезең: 2014 – 2016 жылдар

үшінші кезең: 2017 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Мыналарды:

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95 %);

мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%);

мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%);

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%);

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай – 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай –20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%-ға дейін) ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Кіріспе

 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

жалғасы>>

 

Артқа