Свердловск заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1984-1991 жылдары – Көкшетау облысы Чкалов ауданы прокуратурасының тергеушісі, Көкшетау облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі, Чистопольск ауданының прокуроры.
1991-1995 жылдары – Қарағанды облысы Сарань қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары.
1995-1997 жылдары Торғай облысының прокуроры, 1997-1999 жылдары Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары – Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2003–2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2005–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2008 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
Сыныптық шені – 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері.
«Құрмет», «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталған.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп өсіруде.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






