Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

      Кравченко Андрей Николаевич

1966 жылы 19 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.

1991 жылы құқықтану мамандығы бойынша С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті және 2011 жылы іскери әкімшілік магистрі мамандығы бойынша Мәскеу бизнес-мектебін бітірді (тәмамдады).

Орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі.

Еңбек өтілі 1983 жылы сот органдарында басталды.

1991 жылдан бастап салық қызметі органдарында жұмыс атқарды.

1994 жылғы қараша айында прокуратура органдарына қызметке келді. Прокурор мамандығының барлық сатысынан өтті.

2001-2011 жылдары аралығында  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

Шағын және орта бизнесті қолдау және қорғау, қаржы мониторинг институттарының қалыптасуына тікелей қатысты.

Кәсіптік мүдде аясында прокуратура қызметкерлерінің қызметін бағалау және прокуратура органдарындағы электрондық құжатайналым жүйелерін жетілдірумен айналасуда.

2011 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, басқа да ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапаталды.

3-дәрежелі мемлекеттік  әділет кеңесшісі шені бар.

Үйленген, екі қызы бар. 

 

Артқа