1958 жылдың 9-шы тамызында Алматы қаласында дүниеге келген.
«Құқықтану» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1987–1991 жылдары – Алматы қаласы атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің нұсқаушысы, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік–құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
1991–1995 жылдары – Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алқасының мүшесі.
1997-1999 жылдары – «Қазақтелеком» ААҚ Вице-президенті.
1999 - 2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Вице-министрі.
2003-2005 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ Бас директорының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГазКонсалтинг» АҚ Президенті.
2005-2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Аппаратының Басшысы, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және бизнесті қолдау жөніндегі Вице-президенті.
2009-2011 жылдары – «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры.
2011 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының Басшысы лауазымында қызмет етеді.
Құқықтық салада айтарлықтай үлкен басқарушылық және практикалық тәжірибесі бар. Мамандығы бойынша 30 жылданастам жұмыс өтілі бар. Мамандық тақырыптары–корпоративтік құқық, салық салу, телекоммуникация, жер қойнауын өңдеу, инвестициялар, соттар, арбитраж, экономика және қаржы, әкімшілік, жалпы басқармалар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, атап айтқанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін, Әкімшілік кодексін, Кеден кодексін, «Байланыс туралы» Заңын, «Банкроттық туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшаларын, ҚР Үкіметінің қаулыларын және т.б. әзірлеуге қатысқан.
Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңгерлер ассоциациясының, Арбитрлердің Корольдік институтының, Ағылшын–Ресей заңгерлік ассоциациясының мүшесі.
Адвокаттық және нотариалдық қызметтерді жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялары бар. Сот лауазымына біліктілік емтихандарын тапсырған.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы бадминтон одағының президенті.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






