Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа
2011 жылғы 29 маусымдағы № 17-14/6010 санды
заң бұзушылықты жою туралы ұсынымына қатысты
Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!
Сіздің, Қылмыстық-атқару инспекциясының қызметіндегі заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысыңыз (бұдан әрі – Ұсыныс) бойынша тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы 2011 жылы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) басшы құрамының аппараттық кеңесінде және аумақтық ҚАЖ департаменттерінің аудиоселекторлық кеңесінде қаралды.
Жол берілген кемшіліктер үшін Қылмыстық-атқару инспекциясының 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша - 2, Ақтөбе - 1, Батыс Қазақстан - 1, Шығыс Қазақстан - 9, Павлодар - 6, Қостанай - 9, Қызылорда облыстары бойынша – 3 және Астана қаласы бойынша - 4 қызметкер.
Сонымен қатар, Алматы қаласы және Алматы облысы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы бойынша ҚАЖД–нің бастықтарына аумақтық бөлімшелерінің жұмыстарына ведомстволық бақылаудың нашарлығына және қылмыстық-атқару инспекцияларының (бұдан әрі – ҚАИ) қызметінде заң бұзушылықтарға жол бергендері үшін жауапкершіліктері туралы қатаң түрде ескертілді.
ҚАЖ комитеті, ҚАИ-дың қызметін жақсарту мақсатында, аумақтық бөлімшелерге 2010 жылы 77 нұсқау, ал 2011 жылдың 1 жартыжылдығында 34 нұсқау жолданды.
Аумақтық ҚАИ-дың қызметіне ай сайын талдау жасалады. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде аумақтық ҚАИ-ларға, ҚАИ-дың атқарған қызметтері жөнінде 7 (2010ж. - 3) шолу дайындалып, аталған шолудағы көрсетілген кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта осындай кемшіліктерді болдырмау жөнінде шара қабылдау үшін жолданды.
Сондай-ақ, ҚАЖ комитетінің бұйрықтарына сәйкес, Астана қаласы және облыстар бойынша ҚАЖК аумақтық ҚАИ-мен:
1) ішкі істер бөлімдерімен бірігіп ағымдағы жылдың наурыз айының 9 мен 18 аралығында «Есепте тұрған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы;
2) ағымдағы жылдың маусым айының 6 мен 14 аралығында «Іздеу» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған РПІШ өткізу кезеңінде 2294 ҚАЖ қызметкерлері мен 3008 ІІД қызметкері қатысты.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларына сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің шаралар тиімділігін көтеру мақсатында:
а) есепте тұрған тұлғаны есепке қою және есептен шығару жөнінде хабарламаны ретімен толтыру туралы (алфавиттік есептік карточка);
б) ҚАИ-дың есебінде тұрған сотталғандарға тәрбиелік-профилактикалық жұмыстың үлгісі мен әдісі туралы ҚАИ қызметкерлеріне арналған 2 әдістемелік ұсыным дайындалып, аумақтық бөлімшелерге жолданды (04.02.2011 жылғы №14/13-1-9-310).
Жоғарғы сотқа, бірінші сатыдағы судьялармен қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот қаулылары мен үкімдерді шығару бойынша тиісті іс-шараларды жүргізу, яғни сотталғандарға барлық міндеттерін жүктеу (ҚР ҚК-нің 45, 71-баптары) және жазаны орындайтын органды дұрыс анықтау туралы хат жолданды.
Сонымен қатар, ҚАИ-да туындаған түйінді мәселелерді қарастыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсарту, жазаларды орындау сапасын күшейту үшін әр тоқсан сайын аймақтық семинар-кеңестер жүргізіледі.
2011 жылдың ақпанның 15 мен 16 аралығында Қызылорда қаласында ҚАЖ департаменті базасында Қызылорда облысы, облыстар және Астана қаласы бойынша ҚАЖД ҚАИББ бастықтарымен және Алматы, Жамбыл қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ҚАИ қызметкерлерінің қатысуымен, сонымен қатар сот өкілдерін, прокуратураның, Қызылорда облысы ішкі істер органдарын шақырумен «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындайтын ҚАИ қызметіндегі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбына екі күндік семинар-кеңес өткізілді.
Осындай аймақтық семинар-кеңестер 2011 жылғы 30-31-ші мамырда Ақтөбе қаласында республиканың батыс өңірінің ҚАИ қызметкерлерінің қатысуымен Ақтөбе облысының сот, прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдерін шақыруымен өткізілді.
Осыған ұқсас семинар-кеңестер шілде айында Шығыс өңірінде және қараша айында Солтүстік өңірінде өткізу жоспарланып отыр.
ҚАЖ комитеті заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай деректерді болдырмау мақсатында, ұсыныста көрсетілген кемшіліктерді алдын алу іс-шаралары және ҚАИ есебінде тұрған адамдарды бақылауға байланысты әр облыста ІІД-мен өзара іс-қимылын жақсарту бойынша бірлескен жоспарлар дайындалды.
Есепте тұрған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында аумақтық ҚАИ-мен ҚІІБ бірігіп, 129 (2010ж.-121) ЖІШ, 28 (2010ж.-16) семинар-кеңестер, 319 (2010ж.-243) бірлескен кеңестер және 630 (2010ж.-654) қызметтік кездесулер өткізілді. Осының нәтижесінде ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында есепте тұрған қайта қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істер қозғалған адамдардың, кәмелетке толмағандардың және әйелдердің саны 380-нен 278-ге дейін, 27-ден 24-ке дейін, 36-дан 22-ге дейін төмендеді.
Құқық бұзушылықтарды алдын алу және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылау бойынша ҚАИ мен ҚІІБ арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелерімен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың, сондай-ақ шартты түрде немесе жазаларын өтеуін кейінге қалдырылған тұлғалардың профилактикалық есебін жүргізу және бақылау бойынша өзара іс-қимыл жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» (ҚР ӘдМ 2011 жылғы 24 мамырдағы №195 және ҚР ІІМ 2011 жылғы 9 маусымдағы №277) жаңа Нұсқаулық бекітілген.
Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны кеңінен қолдануын ұлғайту және орындау сапасын жақсарту мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы шеңберінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30, және 33-баптарына сәйкес өзгерістер енгізілуде. Аталған Заң жобасы 2011 жылғы 24 маусымда Бас Прокуратурамен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілді.
Ұсынылған түзетулер жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды тегін пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ соттармен оның қолдануын кеңейтеді.
ҚАИ материалдық-техникалық жабдықтануын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012-2014 жылдарға арналған қаржыландыру аясында ҚАИ 91 автокөлікті сатып алу үшін қаржы қаражаттары көзделген.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р.Түсіпбеков







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






