Жоғарғы Сотының
қадағалау алқасына
НАРАЗЫЛЫҚ
Талапкер «Жанна» ШҚ-ның терайымы А.Кененбаева сотқа берген талап арызында 1997 жылдың қаңтар айында қожалықтың Ойшілік ауылындағы «Арғанаты» ЖШС-нен және «Нұғыман болыс» ШҚ-нан бөлініп шыкканын, аталған тұлғалармен жасалған мэмілелердің негізінде, олардан пай үлесі ретінде «Апар» мен «Құмбай» қыстақтарынан тұрғын үй мен мал қораларын меншігіне алғанын, бірақ уақытында оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбегенін көрсетіп, сол себептен, аталған мәмілені жарамды деп тануды сұраған.
Тарбағатай аудандық сотының 24.12.2004 жылғы шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылған.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының 28.08.2008 жылғы қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылған.
Іс бойынша қабылданган Шыгыс Қазақстан облыстық сотының қадагалау алқасының 28.07.2008 жылгы қаулысы және Тарбагатай аудандық сотының 24.12.2004 жылгы шешімі заңсыз болгандыктан темендегі негіздермен бұзылуга жатады деп есептеймін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 387-ші бабы 3-ші бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едэуір бүзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тэртібімен қайта қарауға негіз болады.
Сот істі қарағанда осындай заң бұзушылықтарга орын берген.
Анықталғаны, 1997 жылы «Арғанаты» ЖШС-і мен «Нүғыман» ШҚ-нан 30 адам жеке бөлініп шығып, «Жанна» ШҚ-н қүрған. Оның төрайымы болып А.Кененбаева тағайындалған. «Арғанаты» ЖШС-нің және «Нүғыман» ШҚ-ның 05.01.1997 жылғы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде жаңа құрылған шаруа қожалығының мүшелеріне пай үлестері, оның ішінде «Апар» қыстағындағы 2 пэтерлі тұргын үй мен мал қораның жартысы, «Қүмбай» күзегіндегі мал қора мен шаруашылық үй және басқа да техника
берілген. Бірақ аталған мүлік заңды түрде тиісті мемлекеттік органдарда тіркелмеген.
ҚР АІЖК-нің 66-шы бабының 2-ші тармағында істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мэн-жайларды тараптардың жэне іске қатысушы басқа да түлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу қүқығының қолдануға тиісті нормаларын ескере отырып, сот анықтайды делінген.
Алайда, сот аталған заң талаптарын өрескел бұзып, талап арызды қанағаттандырғанда аталған жылжымайтын мүлікке ешкімнің таласы жоқ деп қате корытындылаған. 1998 жылы «Жанна» ШҚ-нан «Жас қанат» ШҚ-ы бөлініп шығып, жаңа құрылған шаруа қожалығына 22.07.1998 жылғы актіге сэйкес «Апар» қыстағынан 2 пэтерлі түргын үй, мал қора, монша, киіз үй тағы басқа жалпы жиыны 112 474 теңге түратын мүлік пен техника пай үлесі ретінде берілген. Яғни, осы уакыттан бері аталған даулы жылжымайтын мүлік «Жас қанат» ШҚ-ның меншігінде.
Бүдан басқа, «Апар» қыстагында 2 пәтерлі тұрғын үйде 1982 жылдан бері К.Әбенов («Жас қанат» ШҚ-ныц төрагасы) жанүясымен осы күнге дейін түрып жатыр. Бүл тұрғын үй мен мал қора 1982 жылы сол кездегі «Комсомол» совхоз
тарапынан Ґлы Отан согысының ардагері, К.Әбеновтің атасы Сейтхан Әбеновтің күрметіне арнайы салынып, оған тапсырылған. Совхоз тараған кезде жылжымайтын мүлік пай үлесі ретінде есептеліп, К.Әбеновтің отбасына берілген (көшірмелер іске тіркелген).
Аталған мэн-жайларды қорытындылай келе, Тарбағатай аудандық сотының 24.12.2004 жылғы шешімімен «Апар» қыстағында К.Әбенов пен оның отбасының 22 жылдан бері өзінің меншігі ретінде пайдаланып келген екі пэтерлі түрғын үйін А.Кененбаеваның пайдасына берген. Біраң, comісті қарау кезінде Әбеновтерді іске ңатыстырмай олардың құқықтарын өрескел түрде бүзган.
Қазіргі уакытта, жоғарыда аталған сот актілері, Әбеновтердің қүкықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыруына кедергі жасап, олардың сот тәртібінде қорғалуына кері әсерін тигізуде.
ҚР АІЖК-нің 173-ші бабьша сэйкес сот істі тағайындау туралы үйғаруды қабылдағаннан кейін тараптар мен өзге де іске қатысушыларға істі қарау уакыты мен орны туралы хабарлауы тиіс.
Алайда, сот тараптар мен өзге де іске қатысушы түлғаларға бірде-бір хабарлама жолдамаған, яғни сот азаматтық іс-жүргізушілік заң талаптарын өрескел бүзған.
КР АІЖК-нің 366-шы бабына сэйкес сот азаматтық іске қатысуы тиіс түлганы шақырмай, істі оның қатысуынсыз қараган жағдайда, іс бойынша қабылданған шешімі заңсыз деп танылып, бүзылуы тиіс.
Азаматтық істі қайта қарау барысында жоғарыда аталған мэн-жайларға тиісті баға беріп, іске қатысуы тиіс түлғаларды сот мәжілісінің күні мен орны жөнінде хабардар етіп, К.Әбеновтің уәжін тексеру қажет. Себебі, не бірінші сатыдагы, не облыстық соттың қадағалау алқасы ескермей, бүл дәлелдемелерді зерттемеген, оларға дұрыс баға бермеген.
Сонымен қатар, Тарбағатай аудандық сотының 24.12.2004 жылғы шешімінің бар екенің Әбеновтар тек 2008 жылы «Мүлікті жария ету рақымшылық жасау туралы» Заңның қабылдауына байланысты Тарбағатай ауданы аумағындағы комиссиясына даулы мүлікті жария ету кезінде білген. Шешімнің заңсыздығы туралы олар Шығыс Қазақстан облыстық сотына 13.06.2008жылы арызданып, облыстық сотының қадағалау алқасының судьялары 27.07.2008 жылы арзды қарап, қадағалау тэртібімен қарау туралы іс қозғаған. Алайда аталған арызды облыстық сотының қадағалау алқасы негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған (көшірмелер іске тіркелген).
Жоғарыдағылардың негізінде, ҚР АІЖК-нің 385-388 баптарын басшылыққа алып,
С Ґ Р А Й М Ы Н:
Наразылық келтіру мерзімін ұзартуды.
Іс бойынша қабылданған Шығыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының 28.08.2008 жылғы қаулысын және Тарбағатай аудандық сотының 24.12.2004 жылғы шешімін бұзып, істі қайта қарауға Тарбағатай аудандық сотына жіберуді.
Қазақстан
Республикасының
Бас Прокуроры
06.03.2009г.







Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-


Прокуратура органдарының ардагерлері
Прокурорлар қауымдастығы
БАҚ– Бас прокуратура туралы
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету






