Мұрағат »
Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

Прокурорлар қауымдастығы


БАҚ– Бас прокуратура туралы

Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Жоғарыда көрсетілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес Министрлік ағымдағы жылдың соңына дейін және 2012 жылы – Теңіз порты әкімшілігін құруға қатысты ҚР Бас прокуратурасы айқындаған барлық бұзушылықтарды жою бойынша барынша толық шаралар қабылдайтын болады.

3) Бүгінгі күні Министрлік темір жол кірме жолдарында вагондардың жолдан шығып кетуін тиісті есепке алу мақсатында Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі  № 825 қаулысына)өзгеріс енгізуде.

4) Кірме жолдарға тексеру жүргізу саласында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Министрлік Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтауды тексеру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр.

         5) «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2010 жылғы                          28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы дайындау курсын ұйымдастыру қағидасы әзірленді және бекітілді.

         6) Каспий теңізінің қазақстандық секторының жасанды арал аумағында «Сом-10» баржасында «Артикаборг» мұз жарғыш кемесін басып қалу фактісі бойынша Ақтау теңіз порты капитанының тіркеуден жасырып қалуын және зерттеу жүргізбеуіне қатысты.

         Осы факт мүмкін болды, себебі ККМ 2003 жылғы 18 шілдедегі                       № 228-І бұйрығымен бекітілген Кемелермен болған авариялық оқиғаларды зерттеу ережесінің қолданыстағы редакциясында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сулардағы қазақстандық кемелермен болған авариялық оқиғаларды тергеу жөніндегі мәселелер реттелмеген.

         Осыған байланысты Министрлік тергеу қағидасының жаңа редакциясын әзірледі. Онда осы кемшіліктер жойылған, қазіргі уақытта              ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде қаралуда.

         «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды жүзеге асыру мақсатында Министрлік НҚА 16 жобасын, оның ішінде ҚР Үкіметінің 14 қаулысын әзірлегенін атап өткен жөн.

         Көрсетілген актілер көліктік бақылау органдары қызметтерінің барлық спектрін реттейді және заңнамадағы бар кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

         Аталған НҚА қабылданғаннан кейін оларды қолдану барысында бұзушылықтарды болдырмау мақсатында аумақтық органдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

         7) Авиация мәселесі бойынша заңнаманы жүзеге асыру мақсатында Министрлік ҚР Үкіметінің 57 қаулы жобаларын, Министрдің 47 бұйрық жобаларын әзірледі, олардың көп бөлігі белгіленген тәртіппен  қабылданды.

         Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою мақсатында азаматтық авиация саласындағы жеке нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілді, оның ішінде:

         - Ұшу жарамдылығына сертификат беру бойынша рәсімдерді оңайлату, атап айтқанда ұсынылған құжаттардың нотариалдық куәландырылмауы     (ҚР Үкіметінің қаулы жобасы ПМК-да қаралуда);

         - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шетел мемлекетінің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығаруды растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну (ҚР ККМ 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 559 бұйрығы );

         - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне жеңіл және аса жеңіл әуелерді енгізу арқылы мемлекеттік тіркеу (ҚР ККМ 2010 жылғы                            9 желтоқсандағы № 559 бұйрығы).

         8) Әуежайлардың әуеайлақтың аймағындағы құрылысқа Азаматтық авиация комитетінің рұқсат беруі кезіндегі бұзушылықтарға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен Әуежайлардың әуеайлақтық аймағында құрылысқа рұқсат берудің нақты тәртібі анықталған әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметін жүзеге асыруға рұқсат берудің жаңа қағидасы бекітілді.

         9) Кейбір өңірлік әуежайлардың техникалық құралдармен жеткіліксіз жарақтандырылуы бойынша бұзушылықтарды жою мақсатында                            ҚР Үкіметіне «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін  қарап тексеруді ұйымдастыруы бойынша қойылатын сертификатталған талаптарын бекіту туралы» және «Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығын (бағдарламалар) бекіту туралы» жаңа қаулы жобалары енгізілді, онда әуежайларды қарап тексеру құралдарына және бейнекамералармен жарақтандыруға қойылатын негізгі талаптар көзделген.

 

 

            Қосымша:

            1.ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен кеңестердің хаттамаларының көшірмелері 4  парақта;

            2. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың көшірмелері 15  парақта;

            3. «Көлік-коммуникация кешенінде заңдылықты бұзушылықтарды жою бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің               Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 389 бұйрығының көшірмесі 16  парақта.

 

 

Министр                                                                               Б. Камалиев

 

Артқа